Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Айдос Сарым, саясаттанушы: «Референдуммен қатар Парламент сайлауын өткізіп жіберген дұрыс»

Дата: 11 января 2011 в 14:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Айдос Сарым, саясаттанушы: «Референдуммен қатар Парламент сайлауын өткізіп жіберген дұрыс»

Көбіне-көп көріпкелдік жын-перінің күбірімен келсе, болжам жасауда белгілі бір негізге сүйенбесе болмайды. Әсіресе, саяси болжамда... Саяси жүйенің одометріне сығалап, үрдіс пен оқиғаның өрбісін бағамдап дегендей, осыған дейінгі ойшылдың бәрі болашақты болжағысы келген. Алысқа бармай-ақ, Т. Кампанелланың «Күн шаһарын», Платонның «Мемлекетін», Т. Гоббстың «Левиафанын» оқып шықсаңыз болады. Біз ғаламдық кескінге қол сұқпай-ақ, «Қазақстанның биылға арналған саяси болжамы қандай болмақ» деген сұраққа тоқталдық. Алғашқылардың бірі болып Айдос Сарымнан алған жедел сұхбаттың түйіні мынадай.

— Биылғы жылдың басты саяси бағыты (тренді) қандай болмақ, нендей саяси оқиғаларды күтесіз?

— Әрине, басты саяси бағыт президент Н.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзарту жөніндегі әңгіменің қалай өрбитініне байланысты болмақ. Бүгінгі күні, шыны керек, бұл трендке қарсы тұрар ешқандай ықпалды саяси күш жоқ. Сондықтан да, бұл іс-шаралардың атқарылары дау туғызбайды. Бір ғана мәселе бар: Елбасының өзіндік жеке позициясы. Президенттің бұл тұрғыдағы таңдау мүмкіндіктері жеткілікті екенін мойындау керек. Әрине, бұл шешімнің оңай келмесі де анық. Көптеген жағдайлар мен ағымдарды ескеру керек болады. Мәселен, бұған байланысты Батыс пен АҚШ-тың позициясы анықталып қалды. Алайда, олардың саяси ұстанымдары мен саяси мүдделерінің арасында да белгілі бір қайшылықтардың жоқ емесі белгілі. Қазақстанның Ресейге жақындамауын қалайтыны да хақ. Яғни, бұл орайда басты мәселе саяси таңдаудың қалай жасалғанына емес, демократиялық процедуралардың қалай өткізілгеніне байланысты болмақ. Өткендегі Белоруссиядағы президент сайлауын алайық. «Батька» Лукашенконың жеңетініне ешкім күмәнданған жоқ. Алайда, сайлау барысындағы олқылықтар оны Батыс тарапынан саяси изоляцияға түсірді. Иә, саясатта мәңгі қалып пен мәңгі жағдайлар болмайды. Дегенмен, осы мәселені естен еш шығармауымыз қажет. Қазақстанның күрделі геосаяси жағдайын ескерсек, оның оқшаулануға түсуі үлкен қауіпке айналатыны анық. Бұл жағдай тек кедендетіп, одақтатып отырған Ресей үшін ғана тиімді болмақ. Демек, референдум өткізіледі деген күннің өзінде билік барлық процедуралардың дұрыс өткізілуін есептеп, әр кезеңдегі ашықтық, бәсекелестік принциптерін сақтағаны абзал.

— Референдум өтті дейік. Бұл жағдай 2011-дің саяси ахуалына қалай ықпал ете алады?

— Бүгінгі күні саяси элитаны мазалап отырған мәселенің бірі — жүйенің саяси тұрақтылығы. Референдум болса, саяси топтар мен ойыншыларды тынышталдырып, алдағы бірнеше жылдар бойы биліктің қолын ұзартпақ. Бұл жағдай, әрине, бүгінгі Үкімет пен Парламенттің мерзімдерін қысқартуы ғажап емес. Өз басым Парламент сайлауының келесі жылы өткенін қалап отырмын. Себебі, 2012 жылға дейін қалатын болса, біздің сайлаулар амалсыз Ресейде өтетін екі сайлаумен жағаласады. Демек, сол жақтағы саяси күн тәртібін ескеретіні, негізге алатыны сөзсіз. Олай болатын болса, қаражат үнемдейміз деген әңгіме рас болса, референдуммен қатар Парламент сайлауын да өткізіп жіберген дұрыс. Оның үстіне референдум саяси динамиканы түсіреді деген де қауіп жоқ емес. Президент билігінің он жылдық тұрақтылығы басқа институттардың тұралап қалуына әкелмеуі тиіс. Олай болса, биліктің саяси технологтары Парламент деңгейіндегі саяси динамиканы, драматургияны күшейтіп, барынша көп партиялардың Парламент партасына отырғанын қамтамасыз етуі қажет. Бұл жүйенің алдағы онжылдықтағы саяси мүмкіндіктерін арттырады. Оның үстіне Парламенттегі екі-үш партиялық тайталас биліктің Ресеймен қарым-қатынасындағы бірқатар мәселелерді шешуіне оң ықпалын тигізеді. Тағы бір айтпай кетуге болмайтын мәселенің бірі — қазақ ұлтшылдарының мәселесі. Осы кезге дейін референдумға қатысты қазақ ұлтшылдары өзінің нақты позициясын байқатып, бекіткен жоқ. Иә, оппозиция өз қарсылығын көрсетті. Оны түсінуге болады. Ал потенциалы жағынан оппозициядан да мықтырақ ұлтшылдар үнсіз. Бұны дұрыс дей алмаймын. Менің ойымша, қазақ ұлтшылдары бас қосып, өздерінің референдумға, алдағы онжылдықта атқарылуға тиіс ұстанымдарын айқындап алуы тиіс. Тіресіп алып, «қарсымыз, қарсымыз» дегенмен, ештеңе шешіле қоймайды. Бұл ұлтшылдар үшін де, билік үшін де жақсы мүмкіндік болар еді. Білген, түсінген адамға бұның өзінен қазақ ұлты үшін талай мықты мүмкіндіктерді аршып алуға болады.

— 2011 жыл — қазақ елінің тарихындағы, әрбір қазақтың өміріндегі қуанышты, мерейлі жыл болмақ. Себебі, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы... Осы датаға орай ұлттық ояну үрдісі жанданып, биліктің полюсі өзгереді деген ойдасыз ба?

— «Биліктің полюсі» дегеніңіз өзгеріп келеді. Оны көзі ашық әрбір адам көріп те, сезініп те жүр. Бар мәселе бұл өзгерістердің үрдісі мен жылдамдығында. Билік, әрине, қазақ ұлтшылдары айтты екен деп барлығын жиып бере салмайды. Бұл айдан анық нәрсе. Оның үстіне, қазақ ұлтшылдары беделді институтқа, саяси күшке айналып біткен жоқ. Ағым ретінде ғана қалыптасып келеді. Қазақ ұлтшылдары қосымша жолда тұрған бронды пойыз сияқты. Мәселе, тек осы бронды пойызды толық іске қосудан қорқады. Бронды пойыздың ішінде отырғандар да шарасыз, қалай жүрерін, қозғаларын, қаруын қай жаққа қаратарын білмей отыр. Және де мықты локомотиві жоқ. Егер алдағы жылы осы сұрақтар бойынша анықтық  болмаса, бұл пойызға басқа локомотив табылып, оны басқа біреулер өзінің саяси мүддесіне пайдаланып кетуі ғажап емес. Мысалы, әсіредіншілдер...

— Биылғы жылы Ислам Конференциясы ұйымына төрағалық ететін түріміз бар. Бұдан не күтесіз енді?

— Қазақ осы жылды, төрағалықты ислам әлемінің көптеген ғасырлар бойғы мәселесін шешу үшін  емес, Қазақстандағы ислам моделін анықтауға арнаса деймін. Яғни, біз кімбіз, әлемнің қай бөлігіміз, онымен алдағы жылдары қалай қарым-қатынас жасаймыз деген сұрақтарға жауап ізделуі тиіс. Әрине, шет мемлекеттерде көптеген кездесулер, басқосулар, мәдени шаралар болары анық. Алайда, осы мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстанға ислам әлемін жақсы білетін, түсінетін адамдарды әкеліп, оларды өзіміздің жиындарға қатыстырып, Қазақ исламы деген не? деген сұраққа жауап іздеуіміз қажет. Исламның каноны бір. Алайда, оның жер-жердегі өсіп-өнуі, өркендеуі, саяси-экономикалық институттарға ықпалы сан алуан. Осы жылы біздер ең болмаса исламның әр елдегі жағдайын өзіміз үшін түсініп, айқындап алсақ дұрыс болар еді. Яғни бұл жылғы интеллектуалдық басымдықтар сыртқа емес, ішке қарай бағытталуы қажет. Сонда осы төрағалықтың айтарлықтай пайдасы болар еді.

Сұхбаттасқан — Өркен КЕНЖЕБЕК

«Халық сөзі» газеті

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы