Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақфильм 2010 жылы 40 астам деректі фильм жасап шығарған

Дата: 11 января 2011 в 19:51 Категория: Новости культуры

Қазақфильм 2010 жылы 40 астам деректі фильм жасап шығарған

Алматыдағы «Искра» кинотеатрында режиссер Болат Шәріповтың «Өкілетті елші» атты деректі фильмінің тұсауы кесіліп, жұрт назарына ұсынылды.

Деректі фильм қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби елші Нәзір Төреқұлов жайында түсірілген. Фильмде елшінің Кеңес Одағы кезінде сіңірген еңбегі, Ислам әлеміндегі алғашқы елші ретіндегі рөлі айтылады. Сондай-ақ Сталиннің, кіші елдерге жүргізілген Кеңес Одағының солақай саясаты баяндалады.

«Фильмді түсіруге 9-10 айдай уақыт кетті. Материалдар табуда қиындықтар да болды. Өзіміздің, Ресейдің мұрағаттық материалдарын пайдаландық, сонымен қатар түрлі деректерді Таир Мансұровтың Нәзір Төреқұлов жайында жазған кітабынан алдық. Туындының сценарийін өзім жаздым.

Бұл фильмді түсірудегі мақсат — халқымыздың ұлы перзенті, қазақтың нар азаматы, мемлекеттік қайраткер, дипломат Нәзір Төреқұлов, өкінішке орай, кезінде елеусіз қалған тұлғаның атын, есімін келешек ұрпаққа, жастарға жеткізу

болып табылады», — деді аталмыш фильмнің режиссері Болат Шәріпов. Ол сонымен қатар: «елші қызмет еткен Араб Әмірлігінен біз білмейтін деректер табылса, деректі фильм толыға түсер еді», — деп атап өтті. Аталмыш деректі фильм Мәдениет министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы Дидар Амантайдың айтуынша,«Қазақфильм» киностудиясы 2009 жылы 30 тарта деректі фильмді өндіріске жіберсе, 2010 жылы 40-тан астам деректі фильм жасап шығарған.

Бауыржан Момышұлы, Рымғали Нұрғалиев, Бибігүл Төлегенова, Мұхтар Мағауин, Әбіш Кекілбаев, «Қорқыт» туралы деректі фильмдер бар

«Оның ішінде Бауыржан Момышұлы, Рымғали Нұрғалиев, Бибігүл Төлегенова, Мұхтар Мағауин, Әбіш Кекілбаев, «Қорқыт» туралы деректі фильмдер бар. Бұл фильмдердің барлығы дайын болып, дискіге жазылды.

Өткен жылы өндіріске жіберілген Шәмші Қалдаяқов пен Міржақып Дулатов жайындағы фильмдер аяқталуға жақын.

Ал, биылғы жылы Кенесары Қасымов, Әзірбайжан Мәмбетов туралы, «Аштық» туралы фильмдерді жасауды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта да қазақ әлеміне үлкен еңбек сіңірген, біртуар азаматтарымыз, ағаларымыз жайында фильмдерді түсіруді одан әрі жалғастыра береміз», — деп атап өтті ол.

Биылғы жылы Кенесары Қасымов, Әзірбайжан Мәмбетов туралы, «Аштық» туралы фильмдерді жасау жоспарлануда

Киностудиядан шыққан барлық деректі фильдер диск түрінде шығарылып, телеарналармен келісімге отырғандықтан тұрақты түрде көрсетіліп тұратын болады.

По сообщению сайта Nur.kz