Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жамбыл облысының Қаржы полициясы 2010 жылы парақорлықтың 11 фактісін анықтады

Дата: 12 января 2011 в 08:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жамбыл облысының Қаржы полициясы 2010 жылы парақорлықтың 11 фактісін анықтады

Өткен 2010 жыл ішінде Жамбыл облысының Қаржы полициясы парақорлыққа қатысты 11 қылмысты тіркеді.

Бүл туралы облыстық Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, өзіне қатысты тергеу алды тексеруді тоқтатқаны үшін қаржы полициясы органының қызметкеріне 110 мың теңге көлемінде пара беріп жатқан кезінде «Шу ауданы ведомствоаралық психолгиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес» МБ меңгерушісі А. Алишев құрықталып, үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Ал өзіне қатысты тергеу алды тексерулерді соның пайдасына шешіп беру үшін қаржы полициясының қызметкеріне 150 мың теңге көлемінде пара бермек болған Жуалы ауданының «№1 балалардың өнер мектебі» МБ директоры Т.Сауырбаев шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Жамбыл облысы бойынша Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Т.Сауырбаев бес жылға және А. Алишев үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

По сообщению сайта Nur.kz