Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жамбыл облысында өткізілген «Іздестіру» операциясының барысында 11 қылмыскер ұсталды

Дата: 12 января 2011 в 09:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жамбыл облысында өткізілген «Іздестіру» операциясының барысында 11 қылмыскер ұсталды

Жаңа жылдың бас кезінде жамбылдық полицейлермен «Іздестіру» 10 күндік жедел-іздестіру іс-шарасының аясында ұзақ уақыт бойы әділ соттан жасырынып, іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталды.

бұл туралы Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Полицейлердің арқасында із-түзсіз жоғалып кеткен 6 адам табылып, жеке басы анықталмаған 2 мәйіттің жеке басы анықталды. Қашқындардың 5-і ауыр қылмыс жасағаны үшін, соның ішінде адам өлтіру, қарақшылық шабуыл және ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген», деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Дмитрий Курбанов.

Оның айтуынша, 5 қаңтарда Тараз қаласы Жанабаев көшесі бойында 2009 жылы қарулы қарақшылық шабуыл жасаған Жамбыл ауданы Өрнек ауылының 27 жасар тұрғыны ұсталған. Бұл күш көрсетіп 300 000 теңге ақшаны иемденген маскалы шабуылшылардың соңғысы еді.

Қашқын өз ауылынан кетпекші болып, үйінде жақындарымен қоштасып жатқан кезде ұсталған. Екінші қарақшы бұрын Қаратау қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі оңтүстік астанамыз Алматы қаласының КПБ әріптестерімен бірге іздестіріліп, табылған. Осы қалада 33 жасар Жамбыл облысының тұрғыны Тараз қаласында азаматты тонағандығы үшін іздестірілді. 9 қаңтар күні жергілікті жедел уәкілдермен Шу қаласының орталық базары маңынан кісі өлімі және қарулы қарақшылығы үшін ОҚО полицейлерінің іздеуінде болған 28 жасар қала тұрғынын құрықтады.

— Өткен жылы облыс ІІД криминалдық полиция қызметкерлерімен әр түрлі қылмыстары үшін іздеуде жүрген 348 тұлға ұсталған. Бұл 2009 жылға қарағанда іздеп табылған адамдар санынан 38 қылмыскерге артық.

Ұсталғандардың арасынан 58 адамға өткен жылы халықаралық іздеу жарияланған, оның ішінде 10 кісі өлтіруші, 12 зорлықшы, 40 қарақшылар мен тонаушылар бар.

Өткізілген іс-шараның басты мақсаты жедел жағдайды тұрақтандыру және жасырынған айыпталушыларды іздеуді жандандыру. Олар ҚР басқа аймақтарындағы ішкі істер органдарының, көрші республикалардың, ТМД елдерінің өзара әрекеттесуінен өтеді, — деді полиция полковнигі Д.Кұрбанов.

По сообщению сайта Nur.kz