Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қарағандыда қараусыз қалған 6440 пәтер баспанасыздарға берілді

Дата: 12 января 2011 в 13:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қарағандыда қараусыз қалған 6440 пәтер баспанасыздарға берілді

Қарағанды қалалық прокуратурасы Тұрғын үй коммунальдық-шаруашылық мемлекеттік мекемесінде тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтардың бетін ашты.

Бұл жөнінде Қарағанды қаласы прокурорының көмекшісі Гүлнар Мұхамеджанова хабарлады.

Қарағанды қалалық прокуратурасының қызметкерлері осындағы Жолаушылар тасымалдау және көлік жолдары басқармасына қарасты Тұрғын үй коммунальдық-шаруашылық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік меншік туралы заңнаманың қолданылу барысын тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтардың бетін ашты.

Әсілінде, Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық мекемелері халыққа коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетумен қатар, қалалық әкімшіліктің назарынан тас қалған, сондай-ақ заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың заңсыз жолмен меншік құқығына ие болған пәтерлерін мемлекеттік меншікке қайтарумен де айналысады. Бұған қоса, мұндай проблемалық пәтерлерді қорғауға бағытталған арыз-шағымдар бойынша талап-арыз беру, қабылданған сот актілеріне заңдылық тұрғысынан наразылық келтіру жұмыстарын жүзеге асыру да қазіргі күні дәл осы мемлекеттік мекеменің құзырында.

— Дегенмен тексеру барысында өткен жылы Жолаушылар тасымалдау және көлік жолдары басқармасына қарасты Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық мемлекеттік мекемесінің құқық қорғау органдарына 494 талап-арыз беріп, осы арыз-шағымдардың 481-і бойынша талап-тілекті қанағаттандыру туралы шешім шығарылғандығы анықталды.

1998 жылдан бергі уақыт аралығында 6440 қараусыз қалған пәтерлерге баспанасыз азаматтар кіргізілген.

Бұған қоса, 13 азаматтық шағым бойынша негізгі талаптар қанағаттандырылмаған. Сонымен қатар біздің прокуратура қызметкерлері жүргізген тексеру барысында 1998 жылдан бергі уақыт аралығында 6440 пәтердің қараусыз қалғандығы толық анықталып, қаладағы Қазыбек би атындағы және Октябрь аудандарының әкімшіліктерімен жасалған келісімшарт (меншік иесінің уақытша болмау уақытына меншікті қамқорлыққа алу) негізінде бұл пәтерлерге баспанасыз азаматтар кіргізілген. Бір айта кетерлігі, дәл осы қос ауданда әлі күнге дейін 1900 пәтер коммуналдық меншікке өткізілмей отыр. Тексеру барысында мемлекеттік орган болып табылатын сотта мемлекет мүдделерінің тиісті деңгейде қорғалмауы салдарынан осындай өрескел заңсыздықтарға орын беріліп келгендігі толық анықталды.

Тұрғын үй коммуналдық-шараушылық мекемесі басшыларына заң бұзушылықтарды қысқа мерзімде жоюға ықпал етіп, кемшілікке жол берген мемлекеттік лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізілді.

Сондай-ақ пәтерді коммуналдық меншікке өткізудің заңнамада бекітілген рәсімінің сақталмауы салдарынан Тұрғын үй коммуналдық-шарушылық мекемесінің осы іспен айналысатын бөлім мамандары негізсіз талап-арыздар берумен әуре-сарсаңға түсуде. Тіпті тексеру барысында талап-арызды қатысы жоқ жауапкерге беру деректері де анықталды. Сөйтіп, тексеру нәтижесі бойынша, Қарағанды қаласының әкімі мен Тұрғын үй коммуналдық-шараушылық мекемесі басшыларына орын алған заң бұзушылықтарды қысқа мерзімде жоюға ықпал етіп, кемшілікке жол берген мемлекеттік лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізілді, — деді бізге Қарағанды қаласы прокурорының көмекшісі Гүлнар Мұхамеджанова.

По сообщению сайта Nur.kz