Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Дәурен Қуат. «Қазсат», қайда барасың?..

Дата: 12 января 2011 в 13:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Дәурен Қуат. «Қазсат», қайда барасың?..

Қайдан білейік, «Қазсат-1» жер серігі ғарышқа аттанғанда алақайламасақ та алқынып қуанғандардың бірі болдық. Қуанбағанда, әрине! Байқоңырдай ғарыш айлағың бар, әлем оның игілігін көріп отыр. Сол айлақтан сен де жекеменшік жер серігіңді ұшырып, қазба байлығыңды  «Қазсат» атты ғарыштық кемең арқылы зерттеп, бақылау жасай алатын мүмкіндікке иек артсаң, сірә жаман ба? Бұның сыртында «Қазсатымыз» қазақ үшін ғарыштағы агент (тыңшы, көз) қызметін де атқаратын шығар деген үміт те ішімізді жандырды. Сол кезде «кербаққан» біреулер «Қазақстан ғарыш кемесін ұшыруға дайын емес, оған жұмсалатын қаржыны басқалардың жер серігін жалдауға беріп отырғаны абзал» деп «лаққан» еді. Әлге «кербаққандар» сол кезде бекерге сөз шығындамапты. «Қазсатымыз» қаңғып кетті. 65 млн доллар ғарыштың «құрдымына» сіңіп жоғалды. Былтыр, 2 ақпанда Ресейдің жемсауына тығындалған 65 млн долларды яғни, «Қазсаттың» құнын дауламақ сыңай танытып Мәсімов «Қазғарыш» Ұлттық агенттігінің бір жиынына қатысып көрген. Сол жиында агенттік төрағасы Талғат Мұсабаев «Қазсат» азды көпті жұмыс жасады, сондықтан оның құнын толық қайтарып алу мүмкін емес» деген-ді. Енді міне, жағымды жаңалықтардың жаршысы «Хабар» арнасы кешелі бері «Қазсат-1»-дің сақтандыру төлемдері толық өтелетін болды» деп соғып жатыр. Оны айтасыз, «Қазсат-1» дейтін «ағасын» іздеп ғарышқа «Қазсат-2» қанат қаққалы тұр екен. «Қазсат-3», «Қазсат-4» дегендерде қаз басып аяққа тұра бастаған көрінеді. Мына беталысымыздан таймасақ, таяу жылдары ғарыш кеңісітігінде «қазссаттар» қаптайтынға ұқсайды. Жә, бұл әңгіме осымен тәмәм... Неге десеңіз, Байқоңыр атты әлемге әйгілі ғарыш айлағы бар Қазақстан Тоқтар Әубәкіров пен Талағат Мұсабаевтан кейін аспанға қазақ баласын ұшырудың еш ретін табар емес. Бұның мінәйі себебін Арқа даласының алыс бір қыстауында жылқы бағып жүрген қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Германия, Италия, Қытай, Ресей, Жапония мамандары қатысқан «Космос адам игілігі үшін...» деп келетін халықаралық конференцияда айтып берді.

-Алдағы 2-3 жылда байтақ өлкесінде Байқоңыры бар қазақ жерінен қазақ баласының ғарышқа ұшуы мүмкін болмайтын шығар, — деді Әубәкіров журналистерге берген шағын сұхбатында. — Барлық дайындықтан өтіп, әзірліктері жетілген Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймахановқа Қазақстан тарапынан дұрыс көңіл бөлінбей, жігерлі жігіттердің ғарышқа сапары кейінге ысырылып қалуда.

Әубәкіровтың сөзіне қарағанда, туған елінен күдер үзе бастаған Мұхтар Аймаханов Ресей азаматтығын қабылдамақ көрінеді. Міне, керек болса!..

Алайда, Қазақстан  ғарышкерлерге зәру болып қалмайтын сияқты. Жағымды жаңалықтардың жаршысы Хабар арнасының Ұлттық ғарыш агенттігіне сілтеме жасай отырып таратқан дерегіне сенсек, болашақ ғарышкерлеріміз «Болашақ» бағдарламасы бойынша, Ресей, Ирландия, Малайзия, Ұлыбритания, АҚШ және Канадада дәріс тыңдауда екен. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 101 қазақстандық студент Байқоңырдағы Мәскеу авиациялық институтында оқып жатыр (!)

Алайда, жоғарыда аталған конференцияда Тоқтар Әубәкіров, «біздің білікті мамандарымыз көрші Ресейге кетіп жатыр. Оларды біз шетке жібермеуміз керек. Ол үшін тиісті қаражатты мамандардың білек сыбана қызмет етуі үшін аямауға тисіпіз. Ақша болса — ғарыш болады. Болмаса — болмайды» деп бір-ақ қайырды.

Ал, Байқоңырды 2050 жылға дейін жалға алған РФ Амур облысындағы Углегорск кентіне таяу маңда құрылысы басталып кеткен   «Восточный» ұлттық ғарыш айлағында 2011-ші жылдың соңына дейін жобалық-іздестіру мен  конструкторлық жұмыстарды жүргізіп бітіруді діттеп отыр.  Осылайша Ресей 2018-2020 жылдар аралығында  «Восточный» ғарыш айлағында алғашқы ғарыш кемелерін ұшырмақшы. РФ Үкімет басшысы Путин бір сөзінде «Кеңестер Одағының негізгі бас ғарыш айлағы «Байқоңыр» болды. Кеңестер Одағы күйреген соң ол ғарыш айлағы бізге достық пейілдегі ел территориясында, дегенмен басқа жерде — Қазақстан территориясында қалды» деген еді. Бұл күндері Байқоңырдан ғарыш кемелерін тасымалдап  байлығын еселеп жатқан Ресей тездетіп Амуырына ауыспақ ниетте. Ресейдің сондай талабы көзге ұрған сайын біздегі орыс тілді басылымдар «Байқоңырда ендігі аз жылда «мына бір құла түз қу мекиен далада ғарыш айлағы болған» дейтін табличка ғана ілініп тұратын болады» деп мысқылдаудан танбай келеді. Әйткенменде, бәрін уақыт көрсетер... Бүгінгі уақыттың шегіндегі шындығымыз — референдум мен 2-ші «Қазсаттың» жыры болып тұр. Референдум арқылы ғой, Елбасымыздың билігі 2020 жылға дейін баратыны белгі болуда. Ал 2-ші «Қазсатымыз» қайда барады?..

«Абай-ақпарат»

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы