Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Референдум — кең қолданылатын демократиялық үрдіс

Дата: 12 января 2011 в 15:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Референдум — кең қолданылатын демократиялық үрдіс

А.ЦИНКЕР, Электоральды жүйелер жөніндегі халықаралық сараптау орталығының (ІCES) президенті, Шығыс Еуропа және ТМД елдері институтының директоры, Израиль:

Референдум плебисцитарлық демократия теориясы аясында саяси акт ретінде негізге алынады. Ол шындығында, Батыс және Шығыс Еуропа елдерінің барлығында пайдаланылған.

А.МЕДВЕДЕВ, «Политконтакт» саяси технологиялар орталығының атқарушы директоры, Ресей:

Референдум өткізбеу мүмкін емес. Ақиқатына жүгінсек, «төменнен» басталып отырған бұл бастама, шын мәнінде тікелей бүтін бір ұлттың тілегі емес пе?! Оның үстіне, Қазақстанның қазіргі Президенті Нұрсұлтан Назарбаев — халықтың шексіз сеніміне ие болған адам. Ол — мемлекеттің тұрақты алға басуының кепілі саналып, туған халқымен бөлінбейтін, біртұтас байланысқа түскен ТМД мемлекеттері ішіндегі санаулы көшбасшылардың бірі.

А.ВЛАСОВ, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси процестерді зерделеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының директоры:

— Өтпелі кезеңде маңызды саяси шешім қабылдауда референдум сияқты демократиялық құрал ғана, әсіресе, аз уақыт бұрын тәуелсіздікке ие болған жас мемлекеттер үшін ең тиімді тәсіл болып саналады. Ал президенттік өкілеттікті ұзарту мәселесі бойынша референдум өткізу бастамасы көтерілген Қазақстан жағдайына келетін болсақ, бұл толықтай қолданыстағы Конституциямен, ең бастысы — халықтың қалауымен сәйкес келеді.

Т.АКИМОВ, «Деньги & власть» іскерлік газетінің бас редакторы, Қырғызстан:

— Сіздердің мемлекетте тәуелсіздік алған күннен бастап Нұрсұлтан Назарбаев жүзеге асырып жатқан саяси және экономикалық реформалардың жан-жақты ойластырылған әрі тиімді үлгісі Қазақстанның одан әрі тұрақты дамуының негізі деуге болады. Сондықтан референдум өткізу — бұл ең алдымен, жалпыұлттық мақсаттарға жету үшін бүкіл қоғамның өз Көшбасшысының айналасына бірігіп, оған тұрақтылықтың кепілі ретінде қолдау көрсетуі болып есептеледі.

И.АГАКИШИЕВ, Ресей-Әзірбайжан сараптау кеңесі бас директорының орынбасары, Әзірбайжан:

— Тәуелсіздік алғалы бері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси және экономикалық реформалары Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі болды. Сондықтан референдум өткізу — ең алдымен сол тұрақтылық кепілі ретінде Көшбасшыны қолдай отырып, бүкіл қоғам жалпыұлттық мақсаттарға жету үшін оның айналасына топтасуы болып табылады.

З.ВИНОГРАДОВ, «Новости» РАА-ның Украинадағы өкілдігінің басшысы, Украина:

— Бүгінгі күні Қазақстан халқы тағы да тұңғыш Президентінің идеясы аясында топтасып, алдағы уақыттағы тағдырларын да сеніп тапсыру тілегін жеткізді. Өйткені Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жаңа онжылдықта дамытудың айқын әрі жүзеге асырылатын стратегиясын ұсынып отыр. Себебі Украина мемлекетінің алдында әлі күнге дейін жаңа қоғамдық-саяси жағдайда біріктіретін идеологиялық және құнды бағыттарды анықтау мәселесі тұр. Осы жағынан алғанда, Қазақстанның тәжірибесі Украинаға да саяси тұрақтылық формуласын табу үшін өте маңызды болмақ.

По сообщению сайта Nur.kz