Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Журналистік ұйымдар Жоғарғы соттан БАҚ-тардан моральдық шығын өндіріп алуды қолдану тәжірибесіне талдау жасауды сұрады

Дата: 12 января 2011 в 15:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматы. 12 қаңтар. ҚазТАГ — Қазақстан журналистер одағы мен сөз бостандығын қорғау халықаралық «Әділ сөз» қоры бас прокурор Қайрат Мами мен Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбековке ашық хат жазып, соттардың БАҚ-тардан моральдық шығын өндіріп алуды қолдану тәжірибесіне талдау жасауды сұрады.

«Бүгіндері соттарды баспасөзге қысым көрсету тетігі ретінде қолданады. Заңнамада БАҚ-тардан өндірілетін моральдық шығын мөлшерінің жоқтығы осыған әкелді», — деді «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

«Соның нәтижесінде либералды баспасөз алаңы үнемі тарылып келеді. Жақында ол алаң толығымен тазартылады. Көп жағдайда ол биліктен, шенеуніктерден басталып отыр», — деп оның айтқанын Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев қолдады.

«Сөз бостандығы азаматтардың ар-ожданы сияқты Конституцияның 20-шы бабында бекітілген мызғымас құқығы екенін ескер отырып, бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерден моральдық шығынды өндіріп алуды қолдану тәжірибесін жинақтап және талдау жасауларыңызды сұраймыз», — делінген құжатта.

Хатта моральдық шығынды өндіріп алу тәжірибесін жиі қолдану, заңды шығып тұрған басылымдарды жоюдың бір тәсіліне айналғаны атап көрсетіледі. Соның нәтижесінде ол «азаматтардың сөз бостандығына, ақпарат алу мен таратуға деген конституциялық құқықтарын өрескел бұзуға» соқтырады.

Мысалы, 1998 жылы ар-ожданын қорғау және жауап берушілердің мүмкіндіктерінен асып кететін моральдық шығынды өтеу туралы сот шешімімен «Дат» газеті жабылған болатын.  2002-ші жылы сот «Assandi Times» газетінен Т50 млн өндіру туралы шешім шығарып, ол газеттің банкрот болып, жабылуына соқтырды. Кейін осындай жағдайға «Сөз», «Республика. Деловое обозрение», «Тасжарған» газеттері душар болды.

Қазіргі жағдайда «Взгляд» газеті жабылу алдында тұр. Оған сот жеке тұлғамен азаматтық іс бойынша моральдық шығын ретінде Т15 млн төлеуді міндеттеп отыр.

«Барлық жағдайда да көптеген миллиондық сома өндіріп алу туралы сот шешімдері алдын ала орындылмайтындығына, өйткені редакцияда ондай қаражаттың жоқтығына, ол туралы сотқа дәлелдер келтірілгеніне Сіздің назарыңызды аударғымыз келеді. Осылайша, моральдық шығынды өндіріп алу туралы шешім әу баста БАҚ-тарды жою мақсатын көздеген», — дейді журналистік ұйым жетекшілері.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы