Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Азиада Алауы Халық банкіне сақтауға тапсырылды

Дата: 12 января 2011 в 15:40 Категория: Новости экономики

Алматы. 12 қаңтар. ҚазТАГ — Қысқы Азия ойындарының Алауы жанып тұрған негізгі құты Халық банкіне сақтауға тапсырылды. Ол рәсім сәрсенбі күнгі банктің негізгі кеңсесінде өтті.

Алау жанып тұрған аналық құтыны әуежайдан Халық банкінің инкассаторлық көлігімен алып келді. Алауды Алау эстафетасы әнұранымен ғимаратқа дирекция жетекшісі Наиль Нұров алып кірді. Оның қауіпсіздігін Алау конвоиының екі мүшесі қамтамасыз етті.

Н. Нұров құтыны туризм және спорт министрі Темірхан Досмуханбетовқа табыс етті. Ол Алауды Кувейттен бері алып келген және ол банк ғимаратында Алауды банк басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметоваға табыстады.

«Біз Халық банкі 7-ші қысқы Азия ойындарының Алауын сақтау ретінде таңдап алынғанын шын жүректен мақтан тұтамыз. Азиаданың қасиетті Алауын сақтау — үлкен жауапкершілік, бірақ мен ол міндетін Халық банк аброймен атқаратынына сенімдімін», — деді Ү. Шаяхметова, Алауы бар құтыны қабыл алып тұрып. Кейін Алау құтысы сақтауға арналған арнайы тұғырға орнатылды.

Алауды тапсыру рәсімінен соң Алау эстафетасының конвой старшинасы алауды халықаралық шаңғы трамплиніне жеткізу үшін аналық құтыдан «бөліп» тұтандырып алды.

Бұрын хабарланғандай, Азиада Алауын Қазақстанға Азияның олимпиадалық кеңесінің вице-президенті Винос Кумар мен ҚР туризм және спорт министрі Т. Досмұхамедов алып келді.

Сәрсенбі күні сағат 14-те Алау эстафетасы халықаралық шаңғы трамплинінен бастау алып, «Астана» алаңына жеткізіледі.

Шырақ Әл-Фараби даңғ.,  Фурманов к., Сәтпаев, Байтұрсынов көшелері, Абай даңғ., Достық даңғ., Шевченко к, Қонаев к-нен Қабанбай батыр к-іне дейін, Абылай хан даңғ. бағытымен өтеді. 11,7 шақырымдық эстафетаға 80адам қатысады. Ол сағат 16-да аяқталады.

Еске сала кетейік, Азиада алауы Қазақстанның барлық қалаларын аралап, 30 қаңтарда Астанадағы «Астана-Арена» стадионында Азиаданың ашылу рәсімінде мәреге жетеді.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы