Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Маңғыстаулық магистрант халықаралық теңіз колледжінде оқитын болды

Дата: 13 января 2011 в 08:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Маңғыстаулық магистрант халықаралық теңіз колледжінде оқитын болды

Маңғыстаулық магистрант Оман Сұлтанатындағы халықаралық теңіз колледжінде білім алуға арналған грантты жеңіп алды.

Бұл туралы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бұған дейін «Сайпем Қазақстан» компаниясы университеттің түлектері мен магистранттары арасында палуба офицері, инженер-механик, кеме инженері мамандықтары бойынша оқыту мақсатында үміткерлердің іріктеуін өткізген болатын.

Қазіргі таңда Каспий теңізіндегі нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстарының қарқынды жүруіне байланысты әрі теңізде кеме жүргізу саласында кәсіби білікті мамандардың жетіспеушілігіне орай кәсіби мамандарды даярлау өзекті мәселе болып тұр.

Ағылшын тілі мен математикадан өткізілген сынақ барысында магистрант Расул Байсаров іріктеу нәтижесінде жеңімпаз атанып, Халықаралық теңіз колледжінде оқуға арналған жолдаманы иеленді.

«Бұл — университет тарихында тұңғыш рет орын алып отырған оқиға және біз үшін үлкен жеңіс» , — дейді Ш.Есенов атындағы КМИжТУ халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Алипа Әубакірова.

Университет ректоры, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров Расулды жеңісімен құттықтап, жетістіктер тіледі.

Айта кету керек, соңғы жылдары Каспий университеті Ақтаудағы белді оқу ордасы шет елдегі университеттермен байланысты нығайтуда.

Соңғы екі жылдың ішінде бірнеше студенттер мен оқытушылар Үндістан, Қытай, Польша, Германия, Ресей елдерінде өзара алмасу бағдарламасы бойынша оқып, білімдерін шыңдай түсуге мүмкіндік алды. Болашақта да бұл жұмыс жалғасын таппақ.

По сообщению сайта Nur.kz