Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Варшава университетінде Шығыс дипломатиясы күні өтті

Дата: 13 января 2011 в 09:50 Категория: Новости науки

Варшава университетінде Шығыс дипломатиясы күні өтті

Қазақстанның Польшадағы елшісі Алексей Волков Варшава университеті ориенталистика факультетінің студенттері мен профессорларының Азия және Африка мемлекеттерінің елшілерімен болған дәстүрлі кездесуіне қатысты.

Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ориенталистика факультеті Польшадағы шығыс тілдерін зерттейтін лингвистер дайындайтын ең ірі орталық болып табылады.

Университеттің түркітану бөлімінде бірнеше жыл бойы қазақ тілі де оқытылған, ал былтырдан бері мұнда пуштун тілі бөлімі ашылды.

Алжир, Мысыр, Сирия, Палестина, Сауд Арабстаны, Ауғанстан, Иран, Түркия, Әзірбайжан, Моңғолия, Индонезия, Малайзия, Япония және Қазақстан елдерінің елшілері өз елдеріндегі оқу-білім бағдарламалары туралы, мәдениеттер мен өркениеттердің жаһандық диалогын орнатудың маңыздылығы туралы, көпжақты дипломатияның мәдени-гуманитарлық аспектілері туралы әңгімелеп берді.

Қазақстан Елшілігі ЕҚЫҰ төрағалығының қорытындысы мен Астанада өткен Саммиттің нәтижесі туралы, сондай-ақ, еліміздің Ислам ұйымы конференциясындағы биылғы төрағалығы туралы мәліметтерді таныстырды.

Елшілік сонымен қатар, Варшава университетінің кітапханасына кітаптар, сөздіктер, оқу құралдарын табыс етті.

По сообщению сайта Nur.kz