Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Серік Сағынтай. Таныс һәм бейтаныс миллиардер Миттал

Дата: 13 января 2011 в 13:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Серік Сағынтай. Таныс һәм бейтаныс миллиардер Миттал

Жер шарының төрт құрлығындағы 60 мем­лекетте алпауыт шаруа­шылығы бар Лакшми Мит­тал мырзаның болат өндіретін, кен қазатын кәсіп­ор­ындары жайлы толық һәм анық ақпа­рат ұсынуға тиісті рес­ми дерек­көзі www.arcelor­mit­tal.com сайтында «Қауіпсіздік — компа­ния­ның 1-орынға қоятын жоғарғы талабы» деп жазы­лыпты. «Соңғы үш жылдың ішінде қауіп­сіздік деңгейі 25%-ға көте­рілді және біздің түпкі мақсатымыз қауіпсіздік жағдайларын нөлге теңес­тіру... ArcelorMittal өзінің қызметкерлерінің денсаулығы, қауіпсіздігі мен әл-ауқаттылығына жауапты...» дейді тағы да. Өкінішке қарай, аталмыш сайт қазақтілді оқырман үшін қолайсыздау — ағылшын тілінде.

Еліміздегі алпауыт инвесторлар қа­та­рынан саналатын Лакшми Миттал ком­паниясының осы уәделі сөздерін оқи отырып, осыдан бірнеше жыл бұрынғы біздің елдегі оқиғаларды еріксіз еске түсіресің. Мәселен, Миттал меншігіндегі Ленин шахтасы қойнауындағы жарылысты еске алайық. Сол кездері біздің ел қаралы күн жариялап, кеншілерді жер қойнына тапсырып жатқанда, «Шахтерлер Миттал империясы үшін өлім алдында тұруға міндетті. Нашар қауіпсіздік қазақ шұңқырларындағы көпшіліктің өліміне дейін апарып отыр» деп жазды Британияның «The Timеs» газетінің меншікті тілшісі Марк Франчетти (10 маусым, 2007 жыл). «Бұл қазақ шахтасында­ғы алғашқы оқиғалардың бірі емес, 2004 жылдан бастап 91 кеншінің өмірі қиылыпты. Жұмыс жоспары өз межесіне жетпей қалған уақыттарында, менеджерлер жұмыскерлердің жалақысын қиып отырған. Олар есептеуіштерді газ мөлшері төмен жерге орналастырып қояды екен. Кейде газ мөлшері көрінбеу үшін оның үстін өз жакеттерімен жауып қояды, сонда ғана кеншілер ештеңе сезбестен жұмыстарын жалғастырып, жоспарларды жүзеге асырып отырған», — деп жазды аталмыш басылым тағы да.

Шахталарда сонау 1970 жылдардан бері қолданылып келе жатқан құралдар болуы және Батыс елдерінде баяғыдан машина арқылы жүзеге асырылатын жұмыстарды біздің кеншілер өз қолымен атқаратыны, әлі күнге дейін кей шаруаға қайла-қалақ қолданып, 260 фунттық жүкті жаяу тартуға мәжбүрленетіні, күніне бес тонна көмір шығару жоспарлары және басқа да жайлар ағылшын жорналшылары үшін ең таңғалдырған жағдай болды. Иә, біздің кеншілердің жұмысын британдықтар құлдың еңбегіндей бағалап отырғаны жанға батады.

Сонымен, содан бері не өзгерді, не жаңарды?! Жалпы айтсақ, ештеңе, бәрі де сол күйі, шахта орындары сол баяғы 70-жылдардың ескі жамаулы күйінде. Мақтан тұтып отырған 25%-дық жаңартулардың бір не екі пайызы ғана жүзеге асырылған болар. 2007 жылы британдық «The Timеs» басылымында қауіпсіздік мәселесі бойынша сынға ұшыраған Миттал үшін Қазақстан жалғыз ел емес, оған қоса, мұндай оқиғалар соңғы жылдары Румыния, Чехия республикаларында және Македония мен Оңтүстік Африкада болғаны жалпы жұртшылыққа белгілі. Тағы қай­талап айтамыз, сол тұста «Компания енді 51 миллион евро көлемінде қаражат салып, шахталарды неміс құралдарымен жаңартпақшы» деп жарапазандаған еді. Шынымен де, «МитталСтил Теміртау» басшылығы бірен-саран техника, құрал-саймандарды Германиядан әкеліп, өз құзырындағы шахталарға аз-аздап үлестіріп берді. Ал жаңа техникадан құр қалған кеншілер өмірін қауіпке тігіп, әрі қарай жұмыс істеуге мәжбүр.

Қалай десек те, таныс-бейтаныс үн­ді­лік мырзамыз 1989 жылдан бе­рі әлемде Fortune — 500 деп арнайы ат бе­ріліп, айдар тағылған үздік компа­ниялардың қатарына кіретін 15-тен аса алпауыт бизнес құралымына ие бол­ған екен. Алғашқылардың қатарын­да Қа­зақстандағы «Испат Карметті» ие­лен­геніне аттай 15 жыл өтті. Сол аралықта небәрі 10 ірі және ұсақ шахта, кәсіп­орындарды қалпына келтірген түрі әлі де сын көтерер қалыпта емес.

Ал өткен жылдың желтоқсан айында қарағандылық прокурорлардың кен орындарында жүргізген тексерісінің нә­тижелері де жоғарыда аталған дүние­лерді айғақтайды. «Шахталардағы жабдықтар ескірген. Кеншілердің жалақысы мерзімімен берілген емес. Жазатайым, оқ­ыс оқиғалар полициядан жасырылып отыр­ған. Жұмыс орындары медициналық қоб­дишалармен қамтылмаған. Ал көмір кәсіп­орындары болса өз өнімдерін арттыру­да», — делінеді облыстық прокуратураның ресми баспасөз парағында.

Лакшмидің Қазақстанда алатын орны да пайдасымен қарайлас тәрізді. Қазіргі таңда «МитталСтил Теміртау» акционерлік қоғамы Қазақстанда ең көп жұмыспен қамтамасыз етіп отырған нысан боп саналады. Қысқартулар басталмай тұрған 2007 жылдары 50 000 жұмыскері бар болатын. Осындай және басқа да артықшылықтары арқасында Лакшми Миттал мемлекеттің 4 пайыз ішкі өнімін шығарушы деп танылып, Ұлыбританиямен қатынаста ерекше тапсырмаларға жауап беруші «елші» мәртебесін иеленген тәрізді. Қарағанды облысы үшін әлеуметтік салаларға көңіл бөлетін демеуші деп те саналды. Себебі соңғы жылдары облысқа бірер спорт кешендері мен «Жедел жәрдем» көліктерін сыйға тартып, алдарқатып қойған болатын.

Десек те, жасалып жатқан «игі ша­ра-қайырымдылықтары» қайтыс болған азамат­тардың өмірін, шахталардағы қау­іп­сіз жағдайлардың орнын толтыра ал­май­тыны анық қой.

Ұлыбританиядағы Ситчи партиясының Плед мүшесі және уэлльстік кеншінің ұлы Адам Прос Митталдың әр жылдардағы түрлі істерін бақылап, саралай келе былай деп жазған болатын: «...Лейбористік партия тек Британиядағы кеншінің нашар жағдайларының кесірінен құрылған. Кінәсіз кеншілер қанына боялған ақшаны олар Митталдан алып отыр. Сондықтан мемлекет қазақтардың алдында кешірім сұрауы тиіс!» Азия мен Африкадағы ден­саулық пен қауіпсіздік комитетінің вице-президенті Дэвид Садлер болса, «Ден­саулық пен қауіпсіздікке салған инвестициялар Арселор Миттал үшін пайдалы», — деп, бізге беймәлім бір жайттардың бетін ашқандай болды.

Шынымен-ақ Л.Митталдың бұл әре­кеттері бизнестің лас ақшасын жуып, өз беделін өткізудің бір құралы екені айдан анық. Қай жағынан қарасақ та, бұл алпауыт жұмыс берушіні адам өмірі үшін жауап беру-бермеу мәселесінен арашалап ала алмайды. Біз осы шағын шолу мақалада қазақстандық алпауыт Митталдың шетелдік БАҚ-тарда қалыптасқан кескін-келбетінен хабар беретін бірер деректі ұсындық. Шынтуайтында, біз білетін миллиардер Миттал мен шетелдіктер үшін жолы болғыш байшыкеш Митталдың нақты жүзін анықтап, ақиқатын табатын күн алыс емес тәрізді.

Керек-дерек

2009 жылы ArcelorMittal-дың табысы $65,1 миллиардқа және болат өнімі 73,2 миллион тоннаға теңелген, шамамен әлемдік болат өндірісінің 8%-ын алады.

2009 жылы ArcelorMittal сатылымы 65,1$ миллионға дейін жеткен, болат өнімінен 71 миллион тонна және шикі болат өнімдерінен шамамен 73 миллион тонна жөнелтілді.

Миттал отбасының байлығы 19 миллиард евроға бағаланған. Бұған Орталық Лондонда 70 миллион евро тұратын сарайы да кіретіні анық.

Ленин шахтасында жарылыс болған жылы ол ағылшындық Лейбористер партиясына екі миллион евро санап берді.

Марал ТӨКЕН, Серік САҒЫНТАЙ, Қарағанды

«Алаш айнасы» газеті

 

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы