Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қызылорда облысында жаңа әлеуметтік-мәдени нысандары пайдалануға тапсырылды

Дата: 13 января 2011 в 15:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қызылорда облысында жаңа әлеуметтік-мәдени нысандары пайдалануға тапсырылды

Қызылорда облысының аудандарында «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына — 20 нысан» ұраны бойынша жаңа әлеуметтік-мәдени нысандарды пайдалануға беру акциясы жүріп жатыр.

Жаңақорған ауданында жаңа балабақша ашылды

Кеше Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының орталығында «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына — 20 нысан» акциясының аясында 90 орындық санаториялық тұрпаттағы балалар бақшасы қатарға қосылды.

Оның құрылысына былтыр облыстық бюджеттен 173 921 мың теңге қаржы бөлінді. Жаңа үлгідегі екі қабатты балабақшада бүлдіршіндер бөлмелерінен басқа, асхана, дәрігерлік қабылдау және оқшаулау бөлмелері бар.

Жаңақорған ауданының Қожакент ауылында мектеп үйі пайдалануға берілді.

Жаңақорған ауданындағы Қожакент ауылында №184 мектептің 140 орындық жаңа ғимаратының ашылу салтанаты болды.

Жаңа білім мекенінің құрылысын «Орион-ЛТД» ЖШС жүргізді. Оның құрылысына 2009 жылы облыстық бюджеттен 60000,0 мың теңге қаржы бөлінген болатын.

Мердігерлік мекеме соның 59794,844 мың теңгесін игеріп, екі қабатты әсем ғимарат салып берді. Заманауи талаптарға толық жауап беретін жаңа нысан үш бөліктен тұрады. Оларда пән бөлмелерімен қатар, акт және спорт залы, асхана, медициналық бекет бар.

Құрылыс жұмысына жергілікті жердің 50 адамы тартылды.

Қазалы ауданының екі ауылында медициналық қосын пайдалануға берілді

Қызылорда облысында әлеуметтік нысандардың көптеп қатарға қосылып жатқан күні болды.

Биылғы жылы облыс «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына — 20 әлеуметтік нысан» девизі бойынша жұмыс істеп, осыншама жаңа ғимараттардың қатарға қосылуына жол ашқалы отыр. Осы шараға сәйкес аудандарда жоғарыдағы 20 белгілі нысан тізіміне кірмейтін басқа да әлеуметтік орындар салынып, қатарға қосылмақшы. Міне, Қазалы ауданының Бірлік және Аранды ауылдық округтерінде бүгін бір-бір медициналық қосын ашылып, ел игілігіне жарай бастады.

Қазалы ауданының орталығында 1200 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді 

Қазалы ауданының орталығы — Әйтеке би кентінде Елбасының «100 мектеп, 100 аурахана» бағдарламасына сай салынған 1200 орындық жаңа №265 орта мектептің ғимаратының ашылу салтанаты болды.

Ол сонымен бірге Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерейтойының Сыр еліндегі мәртебелі бастауына арналған «Бірлігі бекем, берекесі мол — 20 жыл» атты мәдени-көпшілік шараның шеңберінде қатарға қосылатын 20 әлеуметтік нысанның бірі ретінде қатарға қосылды.

Жаңа мектептің ашылу салтанатына облыс әкімі Болатбек Қуандықов қатысып, сөз сөйледі.

Жиында сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдің иегері, №249 мектеп-лицейдің мұғалімі Абдулла Сапар, аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Құлпыбай Ысқақов, жаңа №265 орта мектептің 11 сынып оқушысы Айнұр Сәтмағамбетова, Азия чемпионатының қола жүлдегері, ауыр атлет Рүстем Сыбай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов сөз сөйлеп, құттықтауларын жеткізді.

Жиынға жиналған қонақтар содан кейін жаңа ғимараттың бейнелеу бөлмесін, компьютер сыныбын, үлкен және кіші спорт залдарын аралап көрді.

Жаңақорған ауданында жазғы тынығу лагері ғимаратының ашылу салтанаты болды.

Жаңақорған ауданының Бесарық ауылының жанында оқушылардың «Талсу» деп аталатын 300 орындық жазғы тынығу лагері ғимаратының ашылу салтанаты болып өтті.

Алдағы жазда мектеп оқушыларының демалыстарын өткізулеріне арналған бұл мекеннің құрылысы үшін облыстық бюджеттен 29998, 571 мың теңге қарастырылып, оның 29938, 985 мың теңгесі жаратылды.

Лагерь құрылысын «СМП-Қызылорда» ЖШС салып шықты. Жалпы, 4 блоктан тұратын жаңа тынығу орнында балалардың жатын бөлмелерінен бөлек, медициналық қабылдау орны, асхана, ашық спорт алаңы орналасқан. Бұдан басқа су бассейні бар.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Сунақата ауылдық округіндегі Еңбекші ауылында №252 мектептің ғимараты пайдалануға берілді.

Бұл құрылыс үшін облыстық бюджеттен 60 000,100 мың теңге қаржы бөлініп, оның 59 995,861 теңгесі игерілді. Құрылысты «Вист-KZ» ЖШС жүргізді.

Жаңа білім ордасы үш блоктан тұрады. Оларда сынып бөлмелерімен қатар, акт және спорт залдары қамтылған.

По сообщению сайта Nur.kz