Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қарағанды облысында мектеп директоры пара бергені үшін 0,5 млн теңгеден астам айыппұл төлейтін болды

Дата: 13 января 2011 в 16:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қарағанды облысында мектеп директоры пара бергені үшін 0,5 млн теңгеден астам айыппұл төлейтін болды

Қарағандыда балалар спорт мектебінің директоры пара бергені үшін жазаланды.

Қарағандыда пара бергені үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директоры жазаланды, аудандық сот оның мойнына жеті айлық еңбекақы мөлшерінде, яғни 563 800 теңге көлемінде айыппұл салды.

Бұл туралы Қарағанды облысы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сот оның мойнына 563 800 теңге көлемінде айыппұл салды.

«2010 жылдың маусым айында қаржы полициясына аудандық прокуратурадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры заңсыз қаражат алғаны туралы ақпарат келіп түседі.

2010 жылы тамыз айында ол 1500 АҚШ долларын беріп жатқан жерінен қолға түседі

Тергеу амалдары барысында мектеп директоры қаржы полициясының қызметкеріне жағдайды реттеу үшін ақша ұсынады. 2010 жылы тамыз айында ол 1500 АҚШ долларын беріп жатқан жерінен қолға түседі», — делінген ведомствоның таратқан ақпаратында.

Сот балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директорын Қазақстан Қылмыстық кодексінің 312 бабы 2 тармағы бойынша айыпты деп танып, жеті айлық жалақы мөлшерінде айыппұл төлеу жазасын тағайындады, деп аталып өтілген қаржы полициясы таратқан ақпаратта.

По сообщению сайта Nur.kz