Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ермек Қарабала. Онлайн-аудармашылардың сапасы қандай?

Дата: 13 января 2011 в 17:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ермек Қарабала. Онлайн-аудармашылардың сапасы қандай?

Бүгінгі күні интернет кеңістігінде орыс тілінен қазақ тіліне кез-келген мәтіндерді тәржімалайтын «онлайн-аудармашы» деген ресурстардың саны артып келеді. Ғаламтордағы жарнамалары жер жарады. Осыған орай, ең танымал деген бірнешеуіне кіріп, аудармаларының сапасын тексеруді жөн көрдік.

Экспериментіміздің таза өтуі үшін депутат Ирақ Елекеевтің Астана қаласында ұлттық пантеон құру қажеттігі туралы орысша жазылған депутаттық сауалының мәтінінен кішігірім үзінді алдық. Мысалы, депутат сауалында мынадай сөздер бар екен: «В течение многих столетий шла борьба за свободу и независимость Казахстана. К сожалению, в этой борьбе были тысячи и миллионы жертв. В юбилейный год мы обязаны поминать их, сделать для них то, что в наших возможностях». Соны аударып көрдік. Нәтижесі төмендегідей:

Міне, біздің интернет-аудармаларымыздың сиқы. Шынай бейнесі. Ең әуелі есімізге мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қолдану аясын кеңейту және қазақ тілінің мәртебесі үшін күресіп, билікті жылда жерден алып, жерге салып жататын ұйымдар мен айғайы құлақ тұндыратын топтың түскенін несіне жасырайық. Сәл сабырлыққа салсаңыз, «қазақ тілі құрыды!» деп елді үркіткенше, соншалықты ана тіліне жаны ашып, қабырғасы қайысып бара жатса, осындай дүниелердің түзелуіне сол арқылы заманның басты құралына айналып отырған интернеттегі қазақ тілінің тазалығы үшін жүйелі жұмыс жүргізсе нәтижелі һәм ел мен тілге еткен еңбек сол болар еді-ау деп бір түйіп қойдық.

Дегенмен, Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығында интернет аудармамыздың ауы мен бауының бірі сайда, бірі ойда жатуы билікке де, қоғамға да сын екенін анық. Ендеше, «ұялған тек тұрмас», баршамыз интернет аудармада тіл тазалығының сақталуына ықпал етелік.

«Абай-ақпарат»

 

 

 

 

 

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы