Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Референдумды қолддау жөніндегі «Қазақстан-2020» коалициясына бірнеше партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың енетіндігіне сенемін, дейді Нығматуллин

Дата: 13 января 2011 в 18:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Теміртау. 13 қаңтар. ҚазТАГ — Демократиялық күштердің «Қазақстан — 2020» коалициясын құру туралы идеяны жақын арада елдің партиялары мен қоғамдық қозғалыстары қолдайды. «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллин бұған сенімді.

«Бүгін таңертең патриоттар партиясы, «Әділет» партиясы, Қазақстан халқының Ассамблеясы бұл шешімді қолдап, коалицияға кірді. Біздің болжамдарымыз бойынша, жақын күндері тағы да бірқатар партиялар, қоғамдық қозғалыстар және үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) коалицияға еніп, осы арқылы референдум идеясын қолдайтындығына сенімдіміз», -деді Н.Нығматуллин бейсенбі күні партияның Теміртау қалалық филиалының есеп беру-сайлау конференциясында сөйлеген сөзінде.

«Қазақстан-2020» коалициясы ҚР президенті -ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту жөніндегі референдумды қолдау үшін құрылады, деп атап өтті ол. «Біз барлық саяси партияларды, барлық қоғамдық қозғалыстарды коалицияға бірігіп, осы арқылы барлық азаматтық қоғам өкілдерін, барлық қазақстан халқын референдум өткізу туралы бастама төңірегінде  топтасуға шақырдық», -деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі президенттің өкілеттігін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту жөніндегі жалпыұлттық референдумның өтуін қолдайтын демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясын құру жайында «Нұр Отан» партиясы сәрсенбі күні хабарлаған. Билік партиясы барлық саяси партиялар мен барлық қоғамдық қозғалыстарды жалпыұлттық референдум өткізуді қолдау үшін бірігуге шақырды.

Коалицияға 500-ден аса үкіметтік емес ұйымдарды біріктіретін «Азаматтық альянс» пен «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасы қосылғандығы осыған дейін хабарланған.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы