Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Президентке балама жоқ

Дата: 14 января 2011 в 00:30

Кеденшілерді өз еліне деген мақтаныш сезімі кернейді

Референдум тақырыбы — ақ сақалды ақсақалдардан бастап, өмір жолын енді бастаған жастар, сарапшылар, саясаттанушылар мен қарапайым азаматтарға дейін, бір сөзбен айтқанда — барша халықты бейжай қалдырмады. Өйткені қазақстандықтар өз елінің жетістіктерін бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланыстырады. Мәселен, Алматы облыстық кедендік бақылау департаменті қызметкерлерінің Елбасына жолдаған хатынан да осыны байқауға болады:

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!!!

Мемлекеттің кеден қызметкерлерінің қамын ойлап, қолдан келгенше олардың жағдайын жақсарту жолында жасап жатқан шынайы істері үшін сізге ерекше алғысымызды жеткізгіміз келеді. Биыл «Қорғас» кеден бекетінде кеден қызметкерлері мен олардың отбасыларына арналған екі 18-пәтерлік тұрғын үй қолданысқа берілді. Алдағы уақытта «Қалжат» кеден бекетінде де тағы екі үй салынады деп жоспарланған. Бұл пәтерлердің ішінде қажеттінің бәрі бар, жиһаз, газ, ыстық су, кеденшілер тіпті көрпе-жастыққа дейін  қамтамасыз етілген. Осылайша, «Қорғас» және «Қалжат» кеден бекеттеріндегі кеден қызметкерлерінің баспана мәселесі толықтай өз шешімін тауып келеді. Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап шекарада қызмет ететін кеденшілердің жалақысы да 125 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұдан былай кеден қызметкерлері ұсақ-түйек тұрмыстық мәселелерге алаңдамайды. Қабылдаған антына сәйкес, елге адал қызмет етуіне ешқандай кедергілер болмайды. Кеден бекеттері қажетті заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Тіпті бұл жағынан Қазақстан Республикасының кеден қызметтері бізбен көршілес елдерге үлгі бола алады.

Сіздің басшылығыңызбен республикамыз мақтануға тұрарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Қазір Қазақстан көптеген макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша ТМД елдері арасында көш бастап келеді. Ел тұрғындарының әл-ауқаты артып келеді, жаңа жұмыс орындары, жаңа бала-бақшалар, ауруханалар, мектептер мен университеттер ашылды.

Тәуелсіздік алғалы бергі жылдардың ішінде аз шаруа атқарылған жоқ. Әйтсе де, осынау оң өзгерістердің ішіндегі ең бастысы да, айтулысы да — бірлігі жарасқан ұлттың пайда болуы. Қазір бізді қазақ, орыс, шешен, ұйғыр деп бөле қарастыру қиын. Осындай ел бірлігінің арқасында біздің ертеңге деген сеніміміз берік, өсіп келе жатқан ұрпақтың болашағы алаңсыз болатынына нық сенеміз. Біз туған отанымызды көркейту жолында еңбек етуге әрдайым дайынбыз.

Еліміздің халықаралық беделі де өсіп келеді. 2010 жыл Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық ету жылы болып тарихта қалды. Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммиті өтіп, оған әлемдегі алпыстан астам мемлекеттің өкілдері келді. Астана декларациясына қол қойылды. Әрине, осының барлығы да өз елімізге, туған Қазақстанымызға деген үлкен мақтаныш сезімдерін оятады.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы. Біз шығысқазақстандықтардың референдум өткізу жөніндегі бастамасын толық қолдаймыз, әрі ел басшысы ретінде қазір сізге балама жоқ деп санаймыз. Біздің пайымдауымызша, сіздің жетекшілігіңізбен Қазақстан өзінің экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуында жаңа белестерге көтеріле алады. Соның арқасында біз әлемдегі дамыған елдермен тереземізді теңестіре аламыз.»

 

Құрметпен, Алматы облысы бойынша

кедендік бақылау департаментінің жеке құрамы

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы