Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Азаматтардың қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы хабарлама

Дата: 14 января 2011 в 10:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстан Республикасының республикалық референдумға қатысу құқығы бар, республикалық референдумды тағайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы ХАБАРЛАМА

2011 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының 16-бабына сәйкес, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының республикалық референдумға қатысу құқығы бар, республикалық референдумды тағайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы қорытынды хаттаманы бекітті.
Бастамашыл топ дұрыстығы расталған 5 016 367 қол, немесе Қазақстан Республикасының республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтары жалпы санының 55,2 % қолын, жинаған. Бұл референдум өткізу туралы бастамашылық білдіру үшін қажет санның заңмен көзделген мөлшерінен айтарлықтай деңгейде артық.
«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес, «Сіз республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік өкілеттіктері мерзімін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзартасыз ба?» деген мәселе бойынша республикалық референдум өткізу туралы ұсыныс және Орталық сайлау комиссиясының азаматтардың қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы қорытынды хаттамасы Қазақстан Республикасы Президентіне жолданатын болады.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы