Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мұхтар Шерім. Лөла-лай...

Дата: 14 января 2011 в 14:10

Мұхтар Шерім. Лөла-лай...

Өмірде жұмса-ақ жақсы ғой, не нәрсе болса да... Қақиып қалған көңіл,  «қақиып» қалған өмір...  Құрысыншы. Ол мықты шенеунік. Жүргенде бар ғой, көздері ақиып, өзі қақиып жүреді... Айына бір-ақ рет күледі. Онда да, саунаға барғанда, толып кеткен денесін айнадан көргенде...

Ол басқаратын комитетте үлкен іс-шара өтіп,  жиын басталмас бұрын әнұран

орындалып жатты. Жұрт жапа-тармағай орындарынан тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып жатты. Құдай қос қолдап ұрды ма, жо-жоқ, ол Құдайды ұратын адам, орнынан тұрғанымен, қақиып қалды... Оның бұл тұрысын «бір шпион»   министрге жеткізіп қойыпты. Келесі күні көзін уқалап отырғанда, министр шақырды. Ол жаққа қақиып емес, тал шыбықтай иіліп барды.

— Сіз әнұран басталғанда, қолыңызды неге жүрек тұсыңызға қоймайсыз?-деп сұрады министр.

— Кешіріңіз, менде жүрек жоқ...

— Жүрек жоғы қалай?

— Сіз қашан қызметімнен қысқартып тастайды екен деп, қорқа-қорқа жүрегім ұшып кеткен...

— Сіздің жүрегіңіз шымшық па, бүркіт пе?

— Ала қарға...

— Сізді жұрт «Жарты құдай» деп жүр.

— Өтірік, олар өсектің  «салатын» жеп жүр...

— Қалай болғанда да, әнұранымызды, рәміздерімізді қастерлеуіміз керек. Сіз өзі әнұранның мәтінін білесіз бе?

— Білемін.

— Айтыңызшы.

— Ыңғайсыз емес пе?

Министр оның жанына келіп, сынай қарады.

— Құдай біледі, фонограммаға етіңіз үйреніп, әнұранның мәтінін де білмейтін шығарсыз?

Ол министрге иіліп, бел омыртқасы   үзіліп кете жаздады. Ішінен: «Өзіңіз де қатырып білетін шығарсыз!» --деп қойды.

— О не дегеніңіз, қаласаңыз айтайын...

Ол тамағын қолымен уқалап тұрып алды.  Керіліп созылды. Екі қолын алға созып, тізесін бүгіп, отырып, тұрды. Министрдің көздері алақандай, комитет төрағасы балақандай көрініп кетті.

— Сіз не істеп жатырсыз?

— Ән айтуға жаттығып...

— Сіз менің кабинетімде спортпен айналысып жатырсыз ғой?!

— Бастайын ба?

— Бастаңыз!

Ол тамағын кенеп алып, көздерін тарс  жұмды...

— Неге көздеріңізді жұмып алдыңыз?-деп сұрады аузы ашылып кеткен министр.

— Мен өмірге көз жұма қарайтын адаммын... Ал бастайын... Хім... ( Екі қолын жүрек тұсына қойып, әнұран әнімен)

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы...

Лөла-лөла-лай,

Лөлалай, лөласы!

Лөлалай. Лөлалай,

Лөлалай, лөла-лай,

Лөла-лай, лө-лөлай,

Лөлалай, лөласы!

Министрдің көздері жыпылықтап кетті... Не деген масқара! Шетелдік шпиондар біліп қоймасын деңіз!  Осыны ойлаған министр «Лөлалайдың» жанына жетіп келіп, оның бетіне бетін тақап:

— Тоқтатыңыз!-деді. Анау жуық арада тоқтай қояр ма, шабыты келіп, көздерін тарс жұмып алған:

Менің елім, менің елім,

Сенің елің, оның елі...

Олардың елі, бәрінің де елі,

Қытайдың да елі,

Қазақстаным!

 

Лөла-лай, лөлалай,

Лөла-лай, лөлалай...

Лө-лө-лө... лө...

— Сізге не болды? Ауырып тұрсыз ба? Шизофрения емессіз бе?-деп қалды министр. Анау жұмса-ақ дауыспен:

— Әнұран орындалғанда оң қолыңызды жүрегіңізге қоймайсыз ба?-деп тіл қатты да, ары қарай шыңғыра жөнелді:

Лөла-лай, лөла лай.

Жерге дән шықты ғой,

Қонаевты ұмытқан,

Қазағым мықты ғой!

Лөла-лай, лө-лө...

Ол  «ән шырқап» тұрып, бір көзін сығырайтып қараса, министр де екі қолын жүрек тұсына қойып, ол да «лөлалайлап» тұр екен. «Е-е, шамаңыз белгілі болды, шпиондар біліп қоймасын...» --деп ойлады ол ішінен. Сосын әннің қайырмасын барынша көтеріңкі дауыспен:

Менің елім, менің елім,

Секталар елі, иегова елі,

Казактар елі, Ивандардың елі,

Алқаштардың елі,

Қазақстаным!-деп барып тоқтады.

Бір көзін сығырайтып қараса, министрдің орынбасарлары да, тіпті, қазақша шүлдірлеп жүрген хатшы қыздар да «лө-ла-лайға» қосылып кетіпті. Қайран, «лөлалайлар!»

 

«Абай-ақпарат»

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы