Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бек Датұлы. Елбасының ветосын парламент еңсеріп кетті

Дата: 14 января 2011 в 14:30 Категория: Новости политики

Бек Датұлы. Елбасының ветосын парламент еңсеріп кетті

Президенттің өкілеттілігін 2020-ншы жылға дейін созуға арналған референдумға президент Нұрсұлтан Назарбаев қойған ветоны Қазақстан Республикасының Парламенті еңсеріп өтіп,  референдум өткізуді мақұлдады.

Бүгін «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды алғашқы оқылымында-ақ қабылдап жіберді. Енгізілген өзгерістер Елбасының өкілеттілігін 2020 жылға дейін созуды жақтайтын референдум өткізуге мүмкіндік береді. Заңды қолдап 44 сенатор мен 106 мәжіліс депутаты дауыс берген.

Заң жобасы Конституцияның «Елбасы» ұғымына арналған 4-бабы 146-тармағына қосымша енгізіп отыр.

«Қабылданған заң референдум өткізуге нақты конституциялық негіз береді. Осылайша біз 5 млн-ға жуық отандастарымыздың қалауын жүзеге асыра алдық. Қолдап дауыс берген барлықтарыңызға рахмет» — деді Мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов.

Желтоқсанның соңында Орталық сайлау комиссиясында тіркелген бастамашыл топ референдумды қолдайтын 5 млн қазақстандықтың қолын жинап үлгерген. Референдумды парламенттің қос палатасы да қолдады. Алайда, өткен аптаның соңында президент Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен референдум өткізу туралы ұсынысты кері қайтарған. Дегенмен, депутаттардың 80 пайызынан астамы референдумды қолдаса бұл ветоны еңсеруге заң жүзінде рұқсат бар. Сондықтан Спикер Орал Мұхамеджанов қаңтардың 14 -не Парламенттің қос палатасын бірлескен отырысқа шақырған. Ақыры олар өз дегендеріне жетті.

2010 жылы 70 жасқа толған Елбасы елді 20 жылдан бері билеп келеді. 1995 жылғы референдум оның өкілеттілігін 1999 жылға дейін созған. 2012 жылы тағы да президент сайлауы өтуі тиіс болса, ол сайлаудың болмауы мүмкін.

www.masa.kz

 

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы

Читайте также