Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жоғарғы сот төрағасы судьялықтан үміткерлердің адамгершілік қасиеттеріне талапты күшейту қажет деп есептейді

Дата: 15 января 2011 в 00:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ — Айнагүл Бекеева. Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбеков судьялықтан үміткерлердің адамгершілік қасиеттеріне талапты күшейту қажет деп есептейді.

«Негізгі және тұрақты міндеттердің бірі судьялар арасындағы сыбайлас жемқорлықты түбірімен жою болып табылады. Облыстық сот төрағалары сапалы жұмысты үш бағытта қамтамасыз етулері керек. Біріншісі — судьялық қызметтен үміткерлердің адамгершілік сипаттарына талапты күшейту керек. Көп жағдайда проблемалар осы мәселедегі кемшіліктерге байланысты болып жатады. Бұның себебі, біздің төрағаларымыз бен судьяларымыз бұл мәселеде өте салғырт», -деді ол елдің сот органдарының 2010 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген алқа мәжілісінде.

М.Әлімбеков судьялықтан үміткер жас толқында «әділеттілік сезімі бар және оны қолдап отыру керек» деп атап өтті.

Жоғарғы сот төрағасының пікірінше екінші міндет, бұл судьялар корпусы арасында ұдайы мақсатты алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. Бұл мақсатта сот мониторингі мүмкіндігін пайдалану керек. Сот отырыстарына қатысушылар арасында өтетін бұл тәсіл сот шешімдерінің тиімділігін арттырып, судьялардың кадрлық мүмкіндігінің артуына алып келеді.

Осыған байланысты ол 2010 жылғы мониторинг деректерін келтірді. Онда мемлекет басшысының жарлықтарымен 40 судья қызметтерінен босатылды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 55% артық.

Бұдан бөлек, облыстық соттар жұмысының сапасын арттыру үшін сыбайлас жемқорлықпен көзге түскен судьяларды жазалау керек, -деп атап өтті ЖС төрағасы.

«Судьяларға қарсы қылмыстық іс қозғалған әр бір факті — бұл төтенше жағдай, бұл біздің жан жарамыз. Біз бұны жүрегімізге жақын алып, бұл адамдарды аяусыз жазалауымыз керек!», -деді ол.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес сот жүйесінің барлық деңгейінде жүреді, деді М.Әлімбеков.

«Соттар — сыбайлас жемқорлықтан азат аумақ» принципін белсенді түрде жүзеге асыру қажет, -деп атап өтті ол. -...Облыстық сот төрағалары сыбайлас жемқорлық оқиғаларының әр бір фактісі үшін жауап береді. Олар басшылық жасап отыр, егер оларға сеніп тапсырылған аймақта сыбайлас жемқорлық оқиғасы орын алса, онда аудандық сот төрағасынан бастап барлығы, алқа төрағалары, облыстық сот төрағасы — барлығы жауап берулері қажет».

«Бұл мәселеде ұстаным біреу-ақ. Азаматтардың мәселесін шешудің орнына сот жүйесі үшін проблема тудыратын судьяның сот жүйесіне қажеті жоқ! Олардан арылуымыз керек», -деп аяқтады сөзін Жоғарғы сот төрағасы.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы