Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Азаматтық қорғаныс туралы» заң жобасы парламентке қыркүйекте жіберіледі – Божко

Дата: 15 января 2011 в 11:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ — Арсен Бектасов. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі (ТЖМ) жасап жатқан «Азаматтық қорғаныс туралы» шоғырланған заң жобасы парламентке қыркүйек айында жіберіледі, деп хабарлады министрлік басшысы Владимир Божко.

«Биылғы басталған жылы біз бекітілген кестеге сәйкес «Азаматтық қорғаныс туралы» шоғырланған заң жобасын жетілдіріп, келісіп қыркүйек айында парламентке жіберуіміз керек. Бұл заң азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесін, материалдық резервін дамытуда, төтенше жағдайлардың алдын алып, оны жоюда асулы кезең болуы керек», -деді В.Божко министрліктің жұма күні өткен алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, 7 жылдық үзілістен соң елдің азаматтық қорғанысының жоспары қайта жасалып, бекітілді. «Енді облыстар мен аудандардың азаматтық қорғанысының жоспарлары жасалуы керек», -деді министр.

Сонымен бірге ол, «гуманитарлық көмектерді рәсімдеудің тәртібін өзгертуді кейінге қалдырмау керек, бұл рәсімдеулердің көптеген күндерге, тіпті апталарға созылуы Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін түсіреді», -деп атап өтті.

«Ерекше кезеңде» өрттен қорғаушылардың әскерилендірген 10 батальонын жасақтау үшін ТЖМ-ның қорғаныс тапсырысын қалыптастыруға жұмыс істеп жатқанын министр ерекше бөліп атады.

«Осы батальондардың құрал-жабдықтарын сатып алу үшін қажетті қаржыны мемлекеттік қорғаныс тапсырысына ендіре алмаймыз ба деген түйінді мәселе бар. Өйткені соңғы 25 жылда өрт сөндіретін қызметтердің ұзақ мерзімге сақталатын қоймаларындағы құрал-жабдықтар мен мүліктер мүлдем жаңартылмаған», -деп хабарлады В.Божко.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР «Азаматтық қорғану» туралы заңы 2010 жылдың наурыз айында қабылданды. Оның күшіне енуімен «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» (1996 ж.), «Өр қауіпсіздігі туралы» (1996 ж.), «Апатты-құтқару қызметтері және құтқарушылардың мәртебесі туралы» (1997 ж.), «Азаматтық қорғаныс туралы» (1997 ж.), «Қауіпті өндіріс нысандарындағы өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы» (2002 ж.), «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» (2000 ж.) сынды заңдардың бірқатар баптары күшін жойды.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы