Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Велоспорт федерациясы спорт министрлігіне жаттықтырушылар құрамында бірқатар кадрлық өзгерістер жасауға ұсыныс түсірді

Дата: 15 января 2011 в 11:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ — Велоспопрт федерациясы жаттықтырушылар арасында бірқатар өзгерістердің болғанын қажет деп есептейді, -деп хабарлады «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ баспасөз-қызметі. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшысы Қайрат Келімбетов велоспорт федерациясын басқарады.

«Президиум ҚР туризм және спорт министрлігінің спорт комитетіне, құраманың Азия ойындарында нашар ойын көрсетуіне байланысты Александр Надобенконы тас жолдағы жарыс бойынша ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметінен босатуға ұсыныс жасады», -делінген федерация президиумы мен жаттықтырушылар кеңесінің ВСФ вице-президенті Қайрат Айтекеновтың төрағалығымен болған кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша жұма күні таратылған хабарламада

«Құраманың бас бапкерінің қызметіне олимпиадалық даярлау жөніндегі республикалық орталықтың аға жаттықтырушысы Влвдимир Ремыга ұсынылды. Президиум, сонымен бірге, құраманың велотрек бойынша бас бапкері қызметінен Валерий Карчинді босатып, бұл қызметке Вадим Кравченконы тағайындауды ұсынды», -делінген баспасөз-қызметінің хабарламасында.

Баспасөз-парақшасына сәйкес, президиум отырысында велосипедшілердің халықаралық допингке қарсы ережесін бұзғаны үшін (UCI ережесінің 21.4 бабы «18 ай барысында допинг-тестің сәтсіз толтырылуы) «Астана» командасының мүшесі Андрей Зейцтің алты айға жарыстан дисквалификацияланғаны туралы ҚР ВСФ тәртіптік комиссиясының ақпараты тыңдалды. Дисквалификация мерзімі 2010 жылғы 1 қазаннан 2011 жылдың 31 наурызына дейін.

«Отырыстың соңында 2011 жылдың наурыз айында ҚР ВСФ кезекті конференциясын өткізу туралы шешім қабылданды. Онда Қазақстанның велосипед спортын дамыту бағдарламасы ұсынылады», -делінген хабарламада.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы