Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алмас Әбдікерімұлы. Сарбаз қандай ән салып жүр?

Дата: 15 января 2011 в 15:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алмас Әбдікерімұлы. Сарбаз қандай ән салып жүр?

Үнемі тұйық жүретін Үсен әскерден бойында өзіне деген сенімділігі мен күш-қайраты мол жігіт болып оралды. Әскери тәртіптің оң әсер еткеніне қуандым. Сол досыммен жақында сыныптастармен бас қосқанда кездестім. Отырыстың қызған шағы, Үсеннің ән бастап жібермесі бар ма... Мектептегі ән сабағында «әу» деп көрмеген бұл жігіттің мұнысына бәріміз де таң-тамаша қалдық.

— Оу, Үсеке, мұндай өнеріңнің барын білмеппін, — дедім мен таңданысымды жасыра алмай.

— Иә, әскерде үйрендік қой, — деді ол. Сөйтті де махаббат тақырыбындағы әндерді бірінен соң бірін құйқылжытты-ай келіп. Біраздан кейін:

— Біз әскерде осы әндерге «шагайть» ететінбіз. Сондықтан бәрін жаттап алдым, — деді. Бұл жолғы менің таңданысымда шек жоқ:

— Қалай сонда, «Қызыл гүлім-ай, қызықтырдың-ай», «Солайда, солай қарағым, отыздан асып барамын» деп әндетіп сапта жүрдіңдер ме?!

— Иә, махаббат туралы әндерді көп айтатын қазіргі қазақ әншілерінен біз де қалыспайтынбыз. Әскерде мұндай әндер «хит», — деп қарап тұр.

Міне, содан бері біршама уақыт өтсе де, досымның сол айтқандары көкейімнен кетпей қойды. Әскерде жауынгердің рухын көтеретін, оның Отанына деген сүйіспеншілігін арттыратын патриоттық әндер айтылушы емес пе еді? Осы сұрақтың жауабын алдымен кеңестік кезеңде әскерде болған ағалардан сұрастырдым. Олардың барлығы бірдей: «Махаббат тақырыбындағы әндер көп айтыла бермейтін. Біз «Вот приеду с победою», «Прожектор шарит», «У солдата выходной», «Не плач, девчонка» сынды орыс әндерін шырқайтынбыз» десті. Енді бұл кісілер әскери борышын кеңес заманында өтегендер ғой.

Ал, Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін әскерлеріміз неге өз елін, өз жерін мақтан ететін, отансүйгіштік тақырыптағы әндерді шырқамайды? Қару-жарақ асынып, қатарға тұрған жауынгерлеріміздің «Ақ шағаланы» аңырата айтып, құдалықта жүргендей «Күміс құмған-айлағаны» жараса ма, айтыңызшы?! Әлде әскерилер ауыз толтырып айтатындай, сап түзеген сарбаздарға сенім мен жігер беретіндей әскери саптық әндеріміз жоқ па?

Осыған байланысты біз Республикалық «Ұлан» 0112 әскери бөлімінің бөлімше басшысы Қадыр Нұрмахановпен әңгімелескен едік, ол: «Бізде махаббат әндерінен гөрі «Жігіттер, жігіттер», «Сарбаз», «Сарыарқа», «Қазағым» секілді патриоттық жанрдағы әндер көбірек шырқалады», дейді. Әйтсе де, Қадыр Сейітханұлының айтуынша әлі де сарбаздың рухын көтеретін патриоттық әндер жеткіліксіз көрінеді. Ол олқылыққа қазіргі композиторлар кінәлі деп есептеп, патриоттық әндер саусақпен санарлық екенін жеткізді. Алайда сазгерлеріміз бұл пікірмен келіспейді.

Қайрат Жүнісов, композитор:

— Телеарналарды қоссаңыз, арзанқол, той-томалақта айтылатын әндерді естисіз. Патриоттық әндер бірен-саран ғана айтылып қалады. Қазір әндерімізді телеарнаға беру мүмкін болмай қалды. Әйтпесе, патриоттық тақырыптағы, әскерилерге арналған әндеріміз көп-ақ. Мақтанғаным емес, бас-аяғы 50 шақты патриоттық әнім бар. Осыған дейін 3 жинағым жарық көрді. Айтайын дегенім, әскери әндерге жарнама жетіспейді. Осы мәселені Мәдениет министрлігі қолға алып, насихаттап жатса, кез келген әскери бөлім сол әнді іздестіріп, тауып алады. Оларға біріншіден, бренд болып тұрған әнді шырқау өздеріне де, бөлімге де тиімді. Екіншіден, осы тақырыпта жазатын композиторлар көбейіп, рухты көтеретін жақсы әндер пайда болады. Міне, осындай істерді тезірек қолға алмаса, «Ақ шағала», «Күміс құмған-ай»-дың дәуірі жүре береді.

Иә, шынында сарбаз жөні түзу ән салсын десек, патриоттық әндердің жарнамасын жақсылап жасау керек шығар, бәлкім. Әлде, сол сүйдім-күйдімнен гөрі Отанға деген махаббатын көбірек жырлайтын азаматты тәрбиелеуді әрбір отбасыдан, балабақша мен мектептен бастаған дұрыс па? Бұл сұрақтың жауабын кім берер екен?!

«Нұр Астана» газеті

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы