Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бауыржан Халиолла. Қыпшақтың қайқы қылышы немесе Жүрсін Ерман жайлы аз сөз

Дата: 15 января 2011 в 16:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бауыржан Халиолла. Қыпшақтың қайқы қылышы немесе Жүрсін Ерман жайлы аз сөз

Біздің қазақ атасын айтып мақтанып қоймаса бойына ас батпайды. Бірақ мақтануға тұрарлық бабаң болса оны ауызға алғанның еш сөкеттігі жоқ шығар. Тек сол қасиетті қанның жұрнағы бойыңнан табылып тұрса кәне. Жүрсін көкемнің ауызынан: — Арғы атам әйгілі қара қыпшақ Қобыланды, — дегенді әредік естіп қаламыз һәм жырларынан кездестіреміз. Болса болар. Түр-сипаты шынайы батырға келіңкірейді. Сірә, қазір суреттерін көріп жүрген бұрынғы шалдардың бәрі сақалды болғасын ба, ежелгі ақындар мен батырлар да Жүкең сияқты жарасымды сақал қойған шығар деп топшылаймын.Өткір жүзінде билетпейтін қылыштай қиып түсер мінезін адам  түсініп болмайды. Ашуға мінсе арыстандай айбатты, алшаң басып келе жатқанда алыстан қарасаң Алатау болмағанмен төбе көшіп келе жатқандай, әзіл айтса тілінің ұшын кесіп итке тастасаң жемейтіңдей «улы», сал-серілігі бір басына жетіп артылатын, сахнаға шықса елді үйіріп әкететін шешен, алпысты алқымдаса да өмір сүрудің бар амалын меңгеріп, уақыт, заман көшінен қалмай келе жатырған Жүрсін Ерманның қазақ өлеңіне сіңірген еңбегін әркім әрқалай айта жатар. Ал, айтыс ақындары үшін осы бір «пысық» шалдың (шал деуге ауыз бармаса да көз көріп, көңіл сеніп отыр) орыны ерекше екенін астын сызып атап өткім келеді. Бақытжамал апамыздың (зайыбы) ғана аздап билігі жүретін осы адуынды ағамыздың басында «бәленбай еврей қызмет жасап отырған шығар» деп таң қаламын. Әйтпесе сан салада қажырлы еңбек ете жүріп, қазақ халқының ақсүйек өнері — айтысты 26 жыл бойы өгіздей өрге сүйреп келе жатқан адамның ендігі есебінен жаңылып, «алжып» кететін кезі келді ғой. Осыншама жыл «перісі» мен «серісі» бар, «сауы» мен «жындысы» бар өнер адамдарымен алысып, арпалысып жүр. Қазақ деген халықтың кінәз көңілінен шықсам деп алғыс пен қарғысты қатар арқалап келе жатқан қайраткердің қайсарлығы еріксіз таңдай қақтырады. Ертеректе бір өлеңінде:

-Тағдыр деген қағазы туалеттің,

Жыртылмайтын жерінен жыртылады, -

деп жазыпты.  Алланың адамға берген асыл сыйын неге соншама мансұқ етіп, құнсыз нәрсеге теңеді деп басында қабылдай қоймағанмен, ойлана келе, өмірдің шорт сынуы да, өткінші екені де шындық болғасын іштей келісесің.

Жүкеңнің аз жазуын сөз құдіреті мен өлең деген сиқырлы да киелі нәрсеге аса бір жауапкершілікпен қарайтыны деп түсінгеніміз абзал шығар.

Әйтпесе біраз қалталы азаматтардың тілін тауып айтысқа демеуші қылып жүргенде өзінің де жеке шаруасын тас түйін қылып, том-том кітаптарын шығарып алуға мүмкіндігі бар емес пе?

....Тағайын деп тұрғам жоқ

Жоқты кінә

Бұл не дәстүр?

Заманның тоқтығы ма?

...Қуанасың

Қазақтар қағып алар

Қарағайдай мүйізің жоқтығына! («Мүйіз кесу» деген өлеңінен) -

деп өмірге адам болып келгеніне бір тәубе десе,

Алшы түспей асығым

Ашқаннан соң қарыным

Арбакеш боп тасыдым

Алматының жарымын...

 

...Тек көңілім кірленбе,

Білем әзір бағамды:

Жұрт сөз тасып жүргенде

Мен тасыдым Адамды! («Алматыдағы арбакеш» деген өлеңінен) -

деген жыр жолдарынан маңдайы тасқа соғылған сәттерінде де мойымай, жасымай ақындықтың азапты жолына әбден көндіккен жанкештінің бейнесін көреміз.  Сөйте келе арбакеш болған қиын күндері де, қайта өрмелеп бастық болған шағы да, айтыс үшін «сайтанмен де, сайқалмен де» арбасқан кездері де көзінен бұл-бұл ұшып жанында өлеңнен басқа сырласы қалмаған уақытта былайша күңірене түседі:

 

Дос дейтін дос та қалмады,

Санама түсті салмағы;

Шын досты ажал жалмады.

Алдамшылары алдады.

Құлағанымды күтіп жүр

Қарандап қасымда қалғаны

Оң жаққа мені салғалы,

Үш жерден буып-таңғалы.

Сүйегіме түсіп сол күні,

Тонымды талап алғалы!

 

Асан атамыз Жерұйық іздеп қайғы оранса, Жүрсін ағамыз адал дос іздеп көңілі құлазиды.. Сырт пішініне қарап тұрсаң олай деуіне  негіз жоқ сияқты, әлгінде айтқанымыздай өмір сүрудің бар амалын меңгерген, материалдық жағдайы біраз ақыннан көш ілгері адамның «жылай» беруіне болмайтын шығар деп ойлайсың. Бірақ біреудің ішінде не жатқанын қайдан білейік. Дүниедегі бар құбылысты жүрегімен қабылдайтын ақын адамның сырты күліп жүргенімен, іші жылап жататыны заңды құбылыс қой. Әр айтыскерді өз баласындай қамқорлап, қанаттыға қақтырмай жүретін осы бір кейде қатал, кейде жұмсақ, кейде жомарт, кейде сараң, бірде көл, бірде шөл ағамызды айтысқа бола туған шығар деп қаламын.  Қуатты қолымен құшақтап тұрып « бұл бала менің шәкіртім, жындылау» деп қояды кейде.

Менің «жынды» ұстазым, М.Мақатаеев атындағы сыйлықтың иегері Жүрсін Ерман   алпысқа толады жақында...

 

 

«Деуші еді бізді жас ақын» атты әдемі өлеңінде сарытап болған сағыныш бар;

....Жан көрінбей көзіңе

Ой ойлайсың не түрлі.

Қыздың бәрі өзіңе

Құмартатын секілді.

 

Өртесе өлең өзекті

Өзіңдікі — бұл ғалам.

Өлеңің бар газетті

Оқитындай күллі адам.

 

Таң қалмасқа таң қалдық,

Көз сүзбеске көз сүздік.

Бұл не деген аңғалдық,

Бұл не деген ессіздік!

 

...Биік ұстап еңсені

Тасымасқа тасатын,

Сағындым-ау мен сені,

Жайраңдаған жас ақын!, — деп балаң күнін аңсайды, қызық адам...

Болды, енді жасара алмайды, алға тарта берсін,ағамыз  кемпірін танымай қалғанша ғұмыр кешсе екен!!!

Мынау провинциялық бір бейбақтың мұңы ғой, қайбір жылы арманыма ақ қанат байлаған Алматыға алып — ұшып жеткенде сырласарға, мұңдасарға адам таппай қайтып бара жатқанда қағаз бетіне түскен -ді...

 

Алматы — ақындар қаласы

Өлең жаздым асылдарға құрмет қып,

Солар жүрген жолды біздер үлгі еттік.

Бұл жырымды басар екен қай газет,

Қай ағамнан естір екем бір боқтық.

 

Ешқайсысына болмағасын еш құным,

Көше кезіп, келем жаяу кешқұрым.

Қасқыр шауып, енесінен адасқан,

Қасқа құлын секілденіп кескінім.

 

Аруағы небір жайсаң асылдың,

Қойнауына жасырынған ғасырдың.

Ізін іздеп, әуре болам кешегі,

Мұқағали, Төлеген мен Қасымның

 

Бұл Алматы — даңғазадан қалмаған,

Алтынбек пен Заманбекті жалмаған.

Алатау тұр өп-өтірік жынды боп,

Өтежанның мінезінен аумаған.

 

Қандай ыстық ұлылардың мекені,

Бұлданғанда бұдырайған шекелі.

Биік-биік сарайлар мен кеңселер,

Есенғали көкем құсап кетеді.

 

Не ғажайып хикая бар бұл маңда,

Жеткізбейтін қашқан менен қуғанға.

Жазушылар одағы тұр қаңырап,

Басын шайқап, Мереке мен Нұрланға.

 

Оралдықтың кім береді бағасын

Беріп жатса, амалсыздан аласың.

Қай қуыстан шығар екен қылтиып,

Қайыры жоқ Қадыр деген нағашым.

 

Алматы осы ұрлайды ылғи ұйқымды,

Әуелеген әуені бар сиқырлы.

Есалаңдау Есенин жоқ болғанмен,

Есенқұлдай жиені бар сүйкімді.

 

Тынықпасам тарылады тынысым,

Елге кетем, бүйткен тірлік құрысын.

Бата оқыдым Оразалы басында,

Күні бойғы бітірген бар жұмысым.

 

Қош, Алматы, жүрем сені сағына,

Ғашық болып, өзеніңе, тауыңа.

Тұманбайдай сәби қала болсаң ғой,

Бір-екі күн қалар едім тағы да...

 

Соқпақбаевты асып кеткен дар ағаш,

Дар ағаштан жанарыңды ала қаш.

Жүрсін ағам да телефонын алмайды.

Қай саунада отыр екен жалаңаш...

«Абай-ақпарат»

 

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы

Читайте также