Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Рәтбек қажы Нысанбайұлы: «Кейбір ағымдар халықты адастырып жүр»

Дата: 15 января 2011 в 17:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Рәтбек қажы Нысанбайұлы: «Кейбір ағымдар халықты адастырып жүр»

Хазірет, қазіргі еліміздегі діни ахуал төңірегінде не айтар едіңіз?

— Еліміздегі діни ахуалға аса көңілім тола қоймайды. Оның басты себебі, еліміздегі демократияны пайдаланып, өз мүдделерін, армандарын жүзеге асыруды көздеп жүрген ағымдар мен секталар барған сайын көбейіп барады. Оның ішінде исламның өз ішіндегі ағымдар Қазақстандағы мұсылмандардың арасына жік салып, түрлі талас-тартыстарға ұйытқы болуда. Мысалы, қыздар хижап, жас жігіттер шетелдіктерше дамбал киіп, намаз оқудың неше түрі пайда болып, ибадатқа нұқсан келуде. Бұл өз кезегінде жамағат арасында түсінбестік туғызып, адастырып отыр.

Басқа діндерді, басқа діндердің секталарын айтпағанның өзінде исламның өз ішіндегі ағымдар мен секталар халықты қатты толқыту үстінде. Оның басты себептері: қайтыс болған адамның жетісін, қырқын, жылын беруді жоққа шығарып, халық арасында наразылық туғызбақшы. Және Мұхаммедтің (С.Ғ.С) сүннәтін оқымай мешіттен шығып кету әрекеті де кездеседі. «Әһл сүннә уәл-жамаға» — бұл исламдағы ең Алла тағаланың тура жолынан, шариғаттың тура үкімі мен Пайғамбарымыз Мұхаммед (С.Ғ.С.) үйреткен жолдарынан ауытқу болып табылады.

Исламдағы ағымдардың тура жолды бұзудағы мақсаттары қандай?

— Аталған ағымдардың өздерінің түпкі көздеген арман-мақсаты бар. Олар сол мақсатын жүзеге асыруға жанталаспақшы. Қоғамымыздың түпқазығы болған идеядан, тұрақтылық пен толеранттылыққа негізделетін исламның басты канондарынан ажыратып, ел арасына іріткі салуда. Берекесі кеткен тірлікті, қиюы қашқан татулықты қалпына келтіру — қиынның қиыны. Бұны басқа елдерде орын алған оқиғалар айқын дәлелдейді.

Татулығы бұзылған қоғамды жөндеу қиын болады, ол жөнделмес те. Ал қираған экономиканы ертелі-кеш қалпына келтіруге болар. Сол себепті тәуелсіз Қазақстан халқына жаным ашып, ел ертеңіне бүлік салмау үшін Алла тағаланың көрсеткен жолымен, Пайғамбар үйреткен шариғатын бұзбай алып баруды сұраймын.

— Ислам дініндегі кейбір ағымдар қазақ халқының ғасырлар бойы келе жатқан дәстүріне де тыйым салғысы келеді. Ислам дінінде әдет-ғұрыпқа, дәстүрге тыйым салу бар ма?

— Ислам дінінде дәстүр туралы «Усулу фих» деген ілім бар. Яғни «Дінінің негізі» деп аталатын кітапта былай дейді: «Әрбір халықтағы әдет-ғұрып, салт-сана шариғатқа қайшы, қарсы келмейтін болса, шариғат үкіміне қалдырылады» деген қағида, ереже бар. Осы тұрғыдан алғанда қыз қуу, айтыс, көкпар, ән айту сияқты қазақ дәстүрі шариғатқа қайшы деп кім айтады? Адамды тәрбиелік мәнде, эстетикалық, этикалық негізде айтса, оған шариғат тыйым салмаған. Оған дәлелдер жеткілікті. Мысалы, Дәуіт пайғамбардың өзі музыкант болған.

— Тағы да ислам діні тарапынан ойын-сауық жасауға рұқсат етілмейді дегенді де айтады...

— Оған мынандай мысал келтірейін. Бір күні хабаштар (қара нәсілділер) Мәдине қаласының сыртында, ауылдық жерде ән салып, ойын-сауық құрады. Сонда Айша анамыз Мұхаммед (С.Ғ.С)-нан: «Тойға барсақ бола ма?» деп сұрайды. Мұхаммед (С.Ғ.С.) аталған тойға Айша анамызды ертіп барады. Сөйтіп, ойын-сауық тарқағанша, мерекені тамашалайды. Шариғатқа қайшы келмегендіктен де Пайғамбарымыз осылай істеген.

Ал кейбіреулер айтып жүрген әдет-ғұрыпқа деген қарсылық, догматизм, сепаратизм, расизм ислам дініне жат. Демек адам баласы бүтіндей қайғы-қасіретке жол бермей, арасында ойын-той жасауға шариғат қарсылық танытпайды.

— Имандылыққа бастайтын ислам дінінің тармақ-тармаққа бөлінуі мұсылмандардың да жанына қатты батады. «Бөлінгенді бөрі жейді» демекші, қырық тармаққа бөлінудің ақыры жақсылыққа апармайды емес пе?

— Пайғамбарымыз (С.Ғ.С.) бір күні түс көреді. Түсінде ислам дініндегілер 73 ағымға бөлініп кетіпті. Ұйқыдан оянғаннан кейін ол қатты ашуланады. «Арабтар оңбады, 73-ке бөлінетін болды» деді. Сонда Пайғамбарымыздан сахабалар: «73-ке бөлінген ағым-секталардың қайсысы дұрыс?» деп сұрайды. Сонда Мұхаммед (С.Ғ.С): «Әһл сүннә уәл-жамаға» Алла тағаладан түскен шариғаттың және менің үйретіп, ұстаған жолым дұрыс» деді. Біздің ұстанып отырған жолымыз осы күнгі осы жол.

Сонда Пайғамбарымыздың айтқаны: буддизм 70-ке бөлінген, иудаизм 71-ге бөлінген, хрис-тиан 72-ге бөлінген, ислам енді 73-ке бөлінетін болды. Ашық айтқанда, «Әһл сүннә уәл-жамаға»-дан басқасының бәрі қате, исламды бұзу үшін жасалған нәрсе деді. Оған мысалы, сонау ерте кезден исламда болған шииттер, хауариждер және тағы басқа да толып жатқандар дінді парша-парша жасауға әрекет жасаған. Бұдан алатын сабақ: «Қазақстандағы түрлі ағымдар, бағыттар ұстаған жолдары шариғатқа қайшы келетіндер исламға жат жолдар болып табылады. Өйткені олардың көзқарастары реакциялық, сепаратистік, расизмдік, экстремистік, террористік көзқараста екендіктері көрініп қалады.

— Ислам дініндегі кейбір радикалдық ағымдар Орталық Азияда халифат құру жөнінде айтады. Бұл тым ұшқарылық емес пе?

— Халифат құру дегеніміз ерте заманда, орта ғасырлардағы құрылысты қайта әкелемін деудің өзі иррационализм ақылға сыймайды. Өйткені заманның даму деңгейі мүлдем бөлек. Халифат құру үшін жергілікті халық түгелдей дерлік мұсылман болуы керек. Қазақстан тәрізді заманауи, зайырлы мемлекетке ол тура келе ме? Қазақстанда қанша діннің өкілдері өмір сүреді? Оларды ислам заңымен басқара аламыз ба? Бұл — баяғы келмеске кеткен заманды аңсағандардың пікірі. Сондықтан олардың әрекеті қоғамды дүрліктіруге, бүлдіруге ұласады.

— Әңгіме ағымдар туралы болғаннан кейін олардың кейбірінің өкілдері әскери қызметтен бас тарту, дін төңірегінде ата-анасымен айтыс-тартысқа түсіп жүргені байқалады. Бұл жөнінде не айтар едіңіз?

— Қазіргі ағымдардың кейбіреулері Отанды қорғаудың, ата-ананы сыйлаудың, патриотизмнен алшақтату идеясын көтеріп жүргендер сияқты көрінеді. Бұл ислам дініне қайшы. Пайғамбарымыздың Хадис шарифінде «Хуббул утан минау иман», яғни «Отанды сүю — иманнан» деген сөз бар. Иман — қазақша «сенім» деген сөз. Турасын айтқанда, Отанына сенімі деген сөз. Бұл керітартпалық жақсылыққа апармайды. Ислам дінінде адам баласын дініне, реңіне, тіліне қарап сыйламайтын мүлде жоқ. Оған дәлел «Мән әза зиммян фалайса минни» хадис-шарифтің мағынасына үңілейік. «Мұсылманшылық басым көпшілік болып тұрған жерден басқа діндегілерге азар беру — ол менің үмбетімнен емес, халқым емес». Демек, ислам діні адам баласын дініне, тіліне, түріне қарап бөлмейтіндіктеріне осының өзі дәлел емес пе.

— Бұрынғы ата-бабаларымыз аруақты ардақтағаны белгілі. Енді Аллаға серік қосуға болмайды деген ниетпен кейбір ағымдар аруақты атауға тіпті тыйым сала бастады. Зират басына барып дұға оқуға болмайтындығын айтады. Сонда бұрынғы бабаларымыздың жолы бұрыс болғаны ма?

— Олар аруаққа сенбеңдер деп халықты шатастырып жүрген секілді. Қазақ халқы әу бастан бір Аллаға сыйынып, аруақты сыйлап келген халық. Ашығын айтқанда, аруақты сыйлама деп ешкім айта алмайды. Бұған Мұхаммед (С.Ғ.С.) Анасы Әминаның зиратының басына жиі барып тұратын. Мәдинедегі сахабалар жерленген жер «Жәннаты Бақиғ-ға да жиі баратын-ды. Солардың басына барып Пайғамбарымыз (С.Ғ.С.) қабір азабынан сақта деп, дұға оқып қайтатын.

— Осы сауалдың жалғасы іспетті. Келіннің жасы үлкендерге иіліп, сәлем салуы да шариғатқа қайшы ма?

— Келіннің сәлем салуы — ізет-құрметке жатады ғой. Шірік пен сәлем салуды ажырата алмау — надандықтың надандығы.

Шірік дегеніміз не? Ол бір Алланы екеу, үшеу немесе көп қылу. Ал келіннің жасы үлкендерге сәлем салуы шірікке жатпайды. Оның құдайға қатысты жері жоқ. Бұл — ежелден келе жатқан ізет-құрмет белгісі.

— Жастар апталығы болғандықтан, біздің оқырмандарымызға қандай тілек айтар едіңіз?

— Құрметті жасөспірім бауырларымыз, қыздарымыз! Бізде бүгінгі күнде демалуға керек ауадай болып тұрған ислам дінінің ұйыған айрандай жолынан ауытқытпай ұстап отыру бізге керекті де міндетті. Өйткені барлық нәрсе ынтымаққа, бірлікке бас иеді. Ынтымақсыз ертеңіміздің жарқын болуын елестету әсте мүмкін емес. Сол үшін адаспай, шатаспай, Алла тағаланың жіберген Құран Кәрімдегі шариғатын, заңын бұзбай, Пайғамбарымыз Мұхаммед С.Ғ.С.-ның айтқан «Әһл сүннә уәл-жамаға» жолынан ауытқымауымыз керек. Алланың ризалығы болсын, Пайғамбарымыздың шапағаты болсын. Әумин.

— Алла разы болсын.

Әңгімелескен Ғабидолла Жәдігер

«Нұр Астана» газеті

 

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы

Читайте также