Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Атырау прокуратурасы қала мектептерінде бірқатар бұзушылықтар анықтады

Дата: 17 января 2011 в 11:20 Категория: Происшествия

Атырау. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Халықтың жалпы білім беру мекемелеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық заңнаманы сақтауы бойынша жүргізілген тексеріс барысында Атырау прокуратурасы бірқатар бұзушылықтарды анықтады.

«Тексеріс барысында №2-ші меттеп 600 орынға есептелгенімен онда 1172 оқушы оқитындығы анықталды. Бұл ретте оқушылардың 95 % екі аусымда оқиды екен. Оқу бөлмелері жетіспейді, бір партада үш оқушыдан отырады», — деді қала прокурорының көмекшісі Серік Жаңабаев апталық брифинг барысында.

№30-шы мектепте химия кабинетінде ылғалмен жинастыру жүргізілмейді, сыныптарда жиһаздар сынып қалған. Спортзалда 80% жарық жетіспейді.

Одан басқа, прокурор көмекшісі атап өткендей, №17-ші мектеп лицей 1058 оқушыға есептелгенімен, онда 1111 оқушы оқиды.

Анықталған фактілерге қатысты бұзушылықтарды жою бойынша 25 ұсыныс жасалды, 20 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы