Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Азиада-2011 Алауын Атырау қабылдады

Дата: 17 января 2011 в 11:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Атырау. 17 қаңтар. ҚазТАГ – VII-ші қысқы Азия ойындарының Алауының Атырау көшелерімен салтанатты шеруі дүйсенбі күні тал түсте Махамбет Өтемісов ат. драма театрының алаңынан бастау алады.

Атырау облысының Туризм және дене шынықтыру мен спорт басқармасының бастық орынбасары Гүлжанат Қаленованың айтуынша, «Олимпиадалық Алау шеруін Хиуаз Доспанова атындағы мұз сарайында аяқтайды да, мұнда гала –концерт өтеді».

«Онда шырағдан VII-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің өкілдеріне табыс етіліп, олар Алауды көрші Орал облысына жеткізеді», — деді ол.

Қала көшелерімен Алауды алып жүретін 60 адамның арасында 55 — танымал спортшылар, спорт ардагерлері: Арман Шілманов (Бейжің олимпиадасының жүлдегері), Евгений Ухов (спорт шебері, ескек есуші), Андрей Сафарян, Бауыржан Тахауов (отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан құрамасының ойыншы бапкері), Өтеген Олжабаев, Адик Бермешев, Ринат Ибрагимов және басқалар бар.

Еске салсақ, 2011-ші жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының Алауы Алматыға 12-ші қаңтарда Кувейттен келген болатын. Одан кейін Азиада Алауының эстафетасы Тараз, Шымкент және Қызылордаға барды. Эстафета Қазақстанның барлық аймақтарына барып, Астанаға 30-шы қаңтарда, «Астана-Арена» футбол стадионында Азиаданың ашылу салтанатының басталу шағында мәреге жетеді.

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы