Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Өзбек экономисі Қазақстанды өзбектердің елді реформалау туралы бағдарламасын ұрлап алды деп айыптады

Дата: 17 января 2011 в 17:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ташкент. 17 қаңтар. ҚазТАГ — Өзбекстандық экономика ғылымының кандидаты Сағидулла Убайдуллаев Қазақстан үкіметін Өзбекстанды реформалаудың мемлекеттік бағдарламасын ұрлап алды деп айыптады. Мұндай пікірін ол өткен сенбі күні елдің үкіметтік «Правда Востока» газетінде жарияланған мақаласында келтірді.

Автордың пікірінше, Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы (ҮИИД) «осыдан бірнеше жыл бұрын қабылданған Өзбекстан өнеркәсібі салаларын техникалық және технологиялық жағынан қайта жарақтандыруды жетілдіру бағдарламасынан алынған».

Сонымен бірге, экономистің пікірінше, Қазақстан шағын және орта бизнесті қолдау мен ынталандыру саясатына байланысты Өзбекстан жүргізіп отырған жолмен кеткен.

Автордың пікірінше, сонымен бірге, Қазақстанда 2004 жылы анықталған «денсаулық сақтауды дамытудың стратегиялық бағыттары», «Өзбекстан сонау 1998 жылы қабылдаған басым бағыттар мен міндеттерді түгелдей көшіріп алған десе болады».

«Мұндағы айыптайтындай ешнәрсе жоқ, Өзбекстан оларды алуға қарсы емес, жақсы тәжірибе – көпке ортақ қой. Бірақ, осы тәжірибені алып отырған елді атай кеткен жөн болар еді», -деп есептейді мақала авторы.

Оның пікірінше, көршілес елдердегі реформалау стратегиялары «өздерінің еңбегі ретінде көрсетіледі» және олардың авторлары Өзбекстанға сілтеме жасауды «ұмытып» кетеді.

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы