Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Нұра Матай. Бір өкініш, бір үміт

Дата: 18 января 2011 в 12:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Нұра Матай. Бір өкініш, бір үміт

Олимпиада жүлдегері қандасымыз Қанат Сіләмұлы елге оралып, қазақ спортына қызмет етуге бел байлап отырғанын естіп, қуанғанымызбен, Ресейде ғарышқа ұшу үшін оқып, жаттығып айға ұшуға бабы әбден келген кезде Айдын Айымбетов біздің білуімізше, Ресей азаматтығын қабылдағанын естіп өкіндік. «Әй, қап!» дестік. Ол аз десеңіз, Айдынмен бірге ғарышкер атануға үміткер қазақтың бірі Мұхтар Аймаханов та бұдан ілгерірек те Ресей азаматы болып алған көрінеді.

Қазақстан ұшырған «Қазсат1» қаңғып кетті. Қайда жүргені бір Аллаға аян. Енді келіп, қазынаның ақшасына оқытып, тоқытып үкілеп отырған Айымбетов, Аймаханов Астана айға қашан ұшырады деп сарыла күтіп, ақыры жасы да, уақыты да өтіп кететінін білсе керек Ресейдің азаматтығына өтіпті. Сонда «Қазсат2»-ні дайындап, ғарышты бағындырмақ болып алашапқын болып жүрген ғарыш агенттігі ай қарап, жұлдыз санап отыр ма? Кадрлардың қамын неге ойламайды? Әлде агенттік Қазақстанның ғарышты игеретініне күмәнмен қарай ма? Күні кеше ел ұрпағы тұлғасына қарап бой түзеген Тоқтар Әубәкіровтің ізін басқан інілері айдың, күннің аманында өз елі жуық маңда ғарышқа ұшыра алмайтынына көздері жетіп, күдерлерін үзіп ақыры Ресейдің азаматы болып шыға келді.

Тағы бір құлағымыз шалғаны Қазақстан жағы Ресейге «Ғарышқа бір қазақ азаматын ұшырып берсеңіздер екен», деп өтініш айтыпты. Көршісінің бір ауыз сөзін жерге тастамаған Ресей «Ұшырамыз», деп уәде беріпті. Егер ертең Ресей сол елдің азаматтығын қабыл алған яғни ресейлік болып саналатын Аймаханов пен Айымбетовтің біреуін ұшырып, «Қазақ ұшты», деп Астанадан сүйінші сұрап, бәріміз бөркімізді аспанға атып қуанып жүрсек таң қалмаңыз. Өйткені, біздің елде бәрі мүмкін...

www.masa.kz

 

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы