Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Айтбай Сәулебектегі. Тәттімбеттің бас сүйегі қайда екен?

Дата: 19 января 2011 в 01:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Айтбай Сәулебектегі. Тәттімбеттің бас сүйегі қайда екен?

Осыдан бірнеше жыл бұрын, онда  да  еліміз   тәуелсіздік алғаннан кейін Егіндібұлақ ауданында  халқымыздың маңдайына біткен ұлы күйшілерінің бірі  — Тәттімбет Қазанғапұлына ат шаптырылып, ас берілді. Қабірінің басына кұлпытас орнатылды. Алайда сол  кездегі  не облыс басшылары, тым болмаса облыстық мәдениет басқармасы күйші бабамыздың мүрдесінің қайда екендігін іздестірмеді. Тәттімбеттің мүрдесі алынып кеткендігін ел  білгенде, жауапты мекемелердің үн-түнсіз қалуы өкінішті-ақ оқиға. Өйткені тарихқа қиянат жасағаннан асқан қандай қорлық болуы мүмкін?

Көз алдыңызға елестетіңізші, артындағы ұрпағы бабасының асын беріп жатқанда мүрде орнында жоқ боп шықса... Осынау тарихи шындықтың зерттелмей қалғандығы қай қазақтың болмасын жан-жүрегін ауыртары сөзсіз. Амал не, пәлен миллион сом шығын жұмсаған асты        ұйым — дастырушылар өздерінің тарихын білмейтін болып шықса! «Атамыздың аруағы ырза болды» деп солар да мәз болды-ау. Оларға қосылып қайран халық та «мойнынан ауыр жүк түскендігіне» қуаңды-ау.

Қарқаралылық жазушы Сапарғали Ләмбеков «Тәттімбет» романын, белгілі ақын Кәкімбек Салықов «Тәттімбет» поэмасын, Сапарғали Бегалин, Ілия Жақанов, Тәкен Әлімқұлов, Уәли Бекенов, Ақселеу Сейдімбеков, Амантай Сатаевтар зерттеу мақалаларын жазды. Күйші туралы деректі фильм түсірілді. Алайда Амантай ағамыздан басқасы ұлы күйшінің мүрдесін антрополог Ноэль Шаяхметовтың 1969 жылы Егіндібұлаққа келіп, «ғылыми тұрғыдан» дәлелдеуге алып кеткеңдігін ескертпепті.

Тәттімбет Қазанғапұлының тікелей ұрпағы, домбырашылардың республикалық байқауының лауреаты, бірнеше жыл Тәттімбет мұражайының меңгерушісі болған(шындығын айтқанда шырылдап жүріп өзі аштырған), күйшінің өмірі мен шығармашылығын насихаттаушы Тұрысбек Түсіпбеков қаншама рет Ноэль Шаяхметовты іздестіргенімен таба алмаған.

— 1966 жылы Аякөзден біздің үйге Тәттімбеттің немересі Шайхы Мұсатайұлы келді, — деп әңгімелейді ол өткенді еске түсіріп, — Әкеммен бірге «Арқалық»(кейіннен «Тәттімбет») кеңшарының Түндікті өзені бойыңдағы Әшірбек қыстағына барды. Дөңнің үстінде бейіт бар екен. Күйшінің туған немересі көптеген құнды деректер айтты. Зиратта әкесі Қазанғаптың, шешесі Қалайының жанында Тәттімбеттің өзі жатқаңдығын сол сәтте естідім. «Мен әкемнің жанында емес, босағасында жатсам да ырзамын» деген екен Тәттімбет.

Келер жылы Алматыдан жазушы Амантай Сатаев келді. Ол әңгіме арасында Тәттімбет суреті жайында дау бар екендігін, сол себепті Ноэль Шаяхметов келіп, бас сүйегін зерттеуге алып кететіндігін ескертті. Сонымен 1969 жылы Ноэль келіп, мүрдені қазып алып, басын алып кетті деп естідім. Оны көрген кісілердің біразы әлі тірі. Мұхтар Оразов, Бентай Ерғалиев, Шәріпхан Қалиев сынды зейнеткерлер куәгерлер ретінде журналистерге сұхбат бергендігі де есімізде. Күдігіміз сол: күйшінің бас сүйегін қайта әкелді дегенді ешкім айтқан жоқ. Өкініштісі сол, біздің өтінішімізге құлақ асқан еш басшы болмады».

Расында Тұрысбек аға Ноэль Шаяхметовты екі-үш рет Алматыға әдейі іздеп барады. Таба алмайды. Оның үнемі Мәскеуде жүргендігін айтады үй-ішіндегілер. Ұзынқұлақтың хабарына қарағанда, Ноэль ағамыз Мәскеуге қоныс аударған көрінеді. Мейлі, Пекинге көшсе де, ұлы күйшінің мүрдесі немесе бас сүйегі қайда екендігін ашып айтпай ма екен? Осындай қолайсыз оқиға Ұлытауда да болғандығын ағайындарымыз әлі күнге дейін жыр қып айтады.

— 1980 жылдары, — дейді олар, — Ұлытауға бір антрополог келді. Ол Тоқтамыс хан мен Едіге батыр жатқан тау басына алып шығуымызды өтінді. «Ата-баба аруағына арнап Құран оқитын шығар» дедік. Сөйтсек, ол екеуінің мүрдесін қазып алып, Жезқазғанға тура тартыпты. Дереу аудан басшысы мәшинемен қуып жетті де, бермей алып келді. Артынша басында Құран оқытып, қайта көмдірді.

Мұндай мысалдар аз емес. Әсіресе, Ноэль ағамызға байланысты. Ата-баба мүрдесін зерттеген де жөн, бірақ оны қайтармай ма?

Тәуелсіздік алғалы бері қаншама тарихи шындықтың беті ашылды. Қаншама ата-бабамыздың басына ескерткіш орнатып, ас бердік. Қазақтың «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген қанатты сөзінің іс жүзінде көрініс тапқандығы қандай қуаныш!

Қалай десек те ендігі міндеттің бірі «Тәттімбет Қазанғапұлының мүрдесі мен бас сүйегі қайда?» деген занды сауалға жауап беру. Оны Ноэль Шаяхметов ағамыз айта ма, әлде Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының басшылары айта ма, бәрібір шындық халыққа жетуге тиіс.

«qogam.kz»  сайты

 

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы