Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Аялдар Күнтуған. Құдай төбелерінен ұрғырлар «kudai.kz»-ін ашыпты

Дата: 19 января 2011 в 16:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Аялдар Күнтуған. Құдай төбелерінен ұрғырлар «kudai.kz»-ін ашыпты

Біз өз ішімізден ырың-жырың болып, «итттер» мен «биттерді» санамалап жүргенде, жат пиғылды дүбәра секталар шегарамыздан секіріп кіріп жатыр. Бірінің аузын бассаң, бірінің арты шулап қоя беретін сансыз діни бірлестіктердің бассыз кеткені соншалық, көше-көшені аралап, есігімзді ентелей қағып, сәл ыңғай танытсаң, «дуасын су-сулеп», тайраңдап жүр. Бұрындары миссионер өздерінің қожыраларынан (ғибадатханаларынан) онша ұзай қоймаушы еді. Сұхбат беруден, бөтен адамнан аздап сескенетін де еді. Қазіргілер одан ада. Олай етпей қайтсін, еліміз «барлық діндердің, барлық алауыздықтар мен түсініспеушіліктердің, дүрдараздықтардың «басын қосып», бір қазаннан ас беріп отырған әлемде теңдесі жоқ », кішігірім бейіш тұрса.

Сол бір «дархандығымыз бен кеңпейілдігімізді» (құрып кеткір, осы сөздерді қандай жек көріп кеткенімді оқырман қауым білер ме екен) пайдаланып, ойына келгенін мысықтабандап іске асырып жатқандар енді ақпараттық әлемге ауыз сала бастапты. «Иса Мәсіхтің» мүриттері бұрнағы жылдары өте көркем әрі әдеби тілмен барынша сауатты аударылған журналдарын елге таратушы еді. Сол арқылы арам пиғылдарын алдына салып, талай қазақтың баласын үйірлеріне қосып, нешелеген отбасының ойран-ботқасын шығарған болатын. Уақыт озған сайын бел ала бастаған секталар қазақ қоғамы ғаламторға үйірсектегенін байқаса керек, жаңа сайт ашыпты. Атынан ат түгілі, бір Аллаға сыйынған пенде баласы үркеді: «kudai.kz» деп бір-ақ қойыпты. «Май тілесең, міне, құйрық». «Діни түсіністіктің» біздегі айрықша жетістігінің жемісі демей көріңіз мұны.

«Құдай — Ол Кім?» деп сұрақты төтесінен қойып, әр сөздерін «Библия» мен «Тәураттың» тараулары арқылы тұздықтап «имандылыққа, отан сүйгіштікке» «тәрбиелеп» отыр екен. Солай демеске лажың жоқ,

«Құрметті оқырман қауым, мейірімді де рақымды Құдайдың атымен сіздерге дұғай сәлем жолдаймыз! Қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштық үшін Алла Тағалаға мол алғысымызды білдіре отырып, еліміздің өркендеп көркейе беруін, ұлттар арасында татулықтың және діндер арасында бейбітшіліктің сақталуын тілейміз. Сіз Иса пайғамбар туралы көп болмаса да біраз хабардар боларсыз. Исаның жолына қарсы қойылатын сауалдар мен сұрақтар көптеп кездеседі. Бірақ, Құдайға шүкір, қаншама қиын сұрақтар бар болса да, Құдай сөзінен алынған лайықты жауаптар да баршылық! Шын мәнінде, кейбір адамдар Құдайды білгісі келмейді. Оларға Құдайсыз өмір ұнайды. Ал сізді шын көңілмен Құдайды іздейтін адам деп санаймыз. Сізге ең маңызды сұрақ мынау болмақ: «Шындық дегеніміз не?» немесе «Мен шындықты қайдан таба аламын?»

Сөздерін көрдіңіздер ме? Тура біздің бір ағамыздың «баяндамаларынан», сұхбаттарынан түспейтін жолдар ғой бұлар. «Құдай төбесінен ұрғырлардың» құдайшылдығын . Қазақшылдығын. «Қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштық үшін» тентіреп келген келімсектердің бүгінгі тайраңын. Сақ болыңдар, ағайын. Иірқамшыланған Исашылдар іргеңнің етегін түруде.

«Абай-ақпарат»

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы