Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Нұра Матай. Қасиетті жұмада Смағұл Сәдуақасовтың сүйегінің күлі Астанаға жетеді

Дата: 19 января 2011 в 20:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Нұра Матай. Қасиетті жұмада Смағұл Сәдуақасовтың сүйегінің күлі Астанаға жетеді

Бар ғұмырын қазақтың азаттығы мен көркеуіне бағыштап, қилы заманда асқан қайсарлық пен батылдықпен елдің ертеңі үшін күрескен Алаштың аяулы ұлы Смағұл Сәдуақасовтың сүйегінің күлін туған топырағына алып келуге туыстары және бір топ алашшыл азаматтар Мәскеуге аттанып кетті. Ақ жол!

Қасиетті жұма күні, қаңтардың 21-і күні таңғы сағат 5-те Алланың қалауы, Алаштың тілегімен Смағұл Сәдуақасұлының сүйегінің күлі Астана жетеді. 77 жылдан кейін. Бұл — қазақтың біртұтастығын, ұлт тұлғаларына деген ерен құрметін танытатын және барша Алаш жұрты болып Смағұлдай арысымызды жоқтайтын күн. Алпыс екі тамырындағы қан Алаш деп соғып тұрған әрбір азаматтың Смағұл Сәдуақасов сүйегінің күлін күтіп алып, жер қойнына берерде бір уыс топырақ тастауы парыз.

Смағұл Сәдуақасовтай ұлт қайраткерінің сүйегінің күлінің атамекеніне жету — Алаш рухының қайта түлегенін, әрбір қазақтың артында жоқтаушысы бар екенін паш етеді.

Әлбетте, жат жерде жан берген Смағұл Сәдуақасовтың сүйегінің күлін елге жеткізуде аянбай тер төккен азаматтарды атамасқа болмайды. Смағұл Сәдуақасовтың сүйегінің күлі Мәскеудің «Донское кладбищесінде» сақталып тұрғанын сол кездегі «Мемлекеттік тілді қолдау» қорының басшысы Берік Әбдіғали алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлынан естіген сәттен бастап, сүйек күлін елге әкелуге кірісіп кетеді. Бұл істе Сабыр Рақымовтың да еңбегі зор. Мәскеудегі сүйек күліне байланысты шаруаларды реттеген, ойға, қырға шапқылап тыным таппай Смағұл Сәдуақасовтың сүйегінің күлі еліне жетуін тездеткен осы Сабыр Рақымов. Және бұл іске мемлекеттік билікте жоғарғы қызметте отырған алашшыл азаматтар да атсалысқанын айтқан жөн.

Ендігі сәтте бүтін қазақ баспасөзі осынау ұлтымыздың тарихындағы айтулы оқиғаны, Смағұл Сәдуақасовтың сүйегінің күлінің ұлы далаға келуін, туған топырақ жетуін барша жұртқа жеткізуде әдеттегідей бірлік пен бірауыздылық танытарына сенеміз!

«Абай-ақпарат»

 

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы