Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Көлбай Адырбекұлы. Үш мысал, бір түйін

Дата: 20 января 2011 в 09:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Көлбай Адырбекұлы. Үш мысал, бір түйін

VII қысқы Азиада ойындарына санаулы күндер қалды. Ол туралы айтылып та, жазылып та жатыр. Әрине, жарыстың бiздiң елде өтуi — үлкен мәртебе ғана емес, үлкен тарихи оқиға. Мәселе — соны қалай өткiзуде. Сайыс өткiзiлетiн спорт түрлерiнiң белгiленген халықаралық ережелерi бар. Сол бойынша жүргiзiлерi анық. Ал мәдени жағынан ұйымдастырушы ел ретiнде өзiмiздiң ұлттық ерекшелiктерiмiздi көрсете аламыз ба? Сырт көз — сыншы. Ойынға қатысушы елдерден келген спортшылар мен жан-жағына көз салатын журналистер өз елдерiне барған соң, айта-айта жүретiндей ұлттық ерекшелiктерiмiзбен тәнтi ете алсақ, қанекей?! Өйткенi олардың түгелге жуығы бiздiң елге алғаш рет қадам басып отыр. Қонақтарды бiздiң елдiң салт-дәстүрi, өнерi мен мәдениетi қызықтырары сөзсiз. Осы бойынша спорттық жарысты ұйымдастырушыларға көпшiлiктен түсiп жатқан ұсыныстар қаншама. Соның бәрi ескерiлмесе де, бiрқатарын кәдеге асыруға болатын шығар.
«Қаражорға» буын биi халқымызға қайта оралды. Жоғалтқанымызды тауып, ұлттық би өнерiмiздiң аясы бұрынғыдан да кеңи түстi. Көпшiлiктен әншi Ерболат Құдайбергенов орындап жүрген ақын Жұбан Молдағалиевтiң «Мен қазақпын» сөзiне жазылған ән мен сол «Қаражорға» биiн қонақтарға көрсетсек деген ұсыныстар түсiп, алғашқыда ойынды ұйымдастыру орталығы мақұлдаған. Алайда бiзде бiр жаман әдет бар. Тәуелсiз ел болсақ та, Ресейге жалтақтай беремiз. Осындай кездерде тiзгiндi соларға берiп қоятынымыз бар. Ақпарат құралдарының хабарларына сүйенсек, ойынға арналған әннiң бiрiн Ресейдiң Игорь Крутой деген сазгерiне жаздырдық. «Естiген құлақта жазық жоқ». Ол ән жазып қана қоймай, режиссер ретiнде ұйымдастыру жұмыстарына араласып, сол «Мен қазақпын» әнi мен «Қаражорға» биiн және басқа да би түрлерiн көрсетiлiмнен алдырып тастапты. Бұл намысқа тие ме, тимей ме? Әрине тиедi! Жалпы Азиада ойындарының бар шығынын көтере отырып, неге тiзгiндi басқа елдiң адамына берiп қоямыз?

* * *

Жуырда «Хабар» телеарнасынан «Сонымен, солай дейiк...» бағдарламасының кезектi көрсетiлiмi болды. Пiкiрталасқа қатысушылар ұлттық патриотизм тақырыбында да бiраз сөз қозғады. Парламенттiң мәжiлiс депутаты Камал Бұрқанов сөз кезегiнде: «Қазiр патриотизмнен гөрi мемлекетшiлдiктi бiрiншi кезекке қойған жөн», — дедi. Елiмiзде еңбек етiп, тиiстi салықтарын төлеп жатқан жанның бәрi мемлекетшiл емес пе? Кезiнде Алматыдағы қасиеттi Көктөбеге атақты үш бидiң ескерткiшiн қою туралы жұртшылықтан қаншама ұсыныстар түскен едi. Бiрақ бiз өзiмiзден гөрi өзгелердi жоғары қоюға әдеттенгенбiз ғой. Үш бидiң ескерткiшi әне қойылады, мiне қойылады деп жүргенiмiзде ұлттық өнерiмiзге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, қазақ деген ұлттың жер бетiнде бар-жоғын бiлмей кеткен қайдағы бiр «Битлз» ансамблiнiң ескерткiшi қойылды. Ендi соған жанын салып, аллеясын жасатқан «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусiзов те — мемлекетшiл. Алайда оны осы iсiне қарап, патриотизмнiң үлгiсiн жасады деп айта аламыз ба? Жоқ. Ал патриотизм сөзiнен Бұрханов неге бас тартты екен? Осы мәселе жөнiнен сол пiкiрталаста Астана қалалық тiлдердi дамыту басқармасының бастығы Оразкүл Асанғазиеваның орынды айтқан сөздерiне көрерменнiң сүйсiнбегенi қалмаған шығар, сiрә да. Әрбiр патриот шынайы мемлекетшiл бола алады. Ал әрбiр мемлекетшiлден өз елiн алға сүйрейтiн нағыз патриот шыға ма? Әй, қайдам?!.

* * *

Өткен жылы қыс соңында Алматы облысындағы Ақсу ауданының Қызылағаш ауылын, Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай ауданының Көкжыра мен Жантекей ауылдарын тасқын су басты. Орны толмас адам шығыны болды, көптеген мал басы өлiм-жiтiмге ұшырады. Үкiмет бастап, күллi халық қолдап, сол ауылдарды қара күзге дейiн қайта қалыбына келтiрдi. Көз тартқан жаңа ауылдар бой түзедi. Мал басын да түгендеп бердi. Иә, бұл — қалай айтқанда да көп болып көтерген игi iс болды. Қалың ел қайғы жұтқандарға бауырмалдықтарын, жанашырлықтарын көрсете бiлдi. Алайда, мұның сабақтарын естен шығаруға бола ма? Табиғаттың тосын мiнезi, дүлей күшi тағы да қапы қалдырмай ма деген қауiп жоқ емес, бар. Тек су тасқыны болады-ау деген жерлерде ғана емес, зiлзала қаупi бар аймақтардағы ауылдардың тұрғын үйлерi талап деңгейiнде емес. Кейбiр ауылдағы үйлердiң түгелге жуығы ескi, қам кiрпiштен салынған. Құлап қалу жағдайында тұр. Жоғары баллдық сейсмикалық жер сiлкiнiсiне төтеп бере алмайтыны анық. Сол ауылдардың бәрiн, бiрден бiр деммен жаңарту керек деу асылық болар. Әйтсе де жыл сайын екi ауылды жаңадан барлық инфрақұрылыммен тұрғызуға Үкiметтiң толық күшi жетедi. Үстiмiздегi жылдан бастап мұнай өндiрушi компанияларға салық екi есеге жуық көтерiлейiн деп отыр. Жыл сайын игерiлмей жатқан қаражат қаншама. Бюджеттi жегi құрттай жеп жатқан жемқорлармен күрестi барынша күшейтсе, қолды болған қомақты қаржыны қайтарса, бұл — орындалмайтын шаруа емес. Қазақстандағы жердiң асты-үстiндегi байлық — халықтiкi деймiз. Ендеше сол байлықтың аздаған бiр бөлiгiмен жыл сайын екi ауылды неге жаңартып отырмасқа?! Апатты жағдайда ғана аһ ұрып, қарбаласпай, алдын алуға болады ғой.

Р.S. Аз күндерден соң күллi әлем халықтарының назары Алматы мен Астанада болады. Сегiз күнге созылатын айтулы ойынды өз деңгейiнде өткiзу бiзге, яғни қазақтарға сын. Ойыншылар мен жарияға жар салатын журналистер: «Қазақтар салт-дәстүрлерi мен мәдениетiмен, қонақжайлылығымен бiздi тәнтi еттi», — деп жатса, құба-құп. Ал Ресейдiң қатардағы қалаларына келiп кеткендей әсерде қалса, өзiмiздiң кiм екенiмiздi таныта алмағанымыз да. Одан ащы сын болмас, тегiнде.

Иә, қасиеттi Көктөбеден «Битлз» ансамблiне жанын салып аллея ашқан Мэлс Елеусiзов те — мемлекетшiл. Бiрақ ұлт мүддесi тұрғысынан алып қарағанда патриоттық iс емес.

Қазақстандағы жердiң асты-үстiндегi табиғи байлықтың бәрi — халықтiкi. Бюджеттен жыл сайын игерiлмей жатқан қаражат қаншама. Жемқорларға қолды болғандары ше. Соларға тыйым салынса, қыруар ақша ортақ қоржынға түсер едi. Биылдан бастап мұнай өндiрушiлерге салынатын салық та екi есеге көбеймек. Демек қаражат та молая түседi. Сол қаржының аздаған бiр бөлiгiнен Үкiметтiң жыл сайын екi ауылды жаңартуға толық мүмкiндiгi бар.

«Түркістан» газеті

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы

Читайте также