Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ерлан Жүніс. Сағатыңыз қанша болды, жапырақ?..

Дата: 20 января 2011 в 09:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ерлан Жүніс. Сағатыңыз қанша болды, жапырақ?..

Француздың бір үлкен ақы¬нының бір өлеңінде мынадай жолдар бар еді: «Отанымның аспанында таңертең, әтеш болып шақырам мен күн сайын, және маған қатты ұнайды бұл теңеу». Ия, бұл теңеу маған да ұнайды. Ахмет Байтұрсыновтың масасы секілді. Ақынның миссиясы да сол емес пе?! Ойды ояту, жүректі ояту, ар мен намысты ояту. Алаш ардақтыларының негізгі идеясы да — осы ояту еді. Адамның ұйқысы бір бөлек те, ұлттың ұйқысы... Абстракты ұғым. Ұлттың ұйқысы деп нені атаймыз? Ол сауатсыздық қана емес.

Тұтас бір ұлттың бұйығы қалуы, өз ішіне өзі еніп кетуі. Оған сыртқы және ішкі факторлардың әсер ете алмауы. Яғни немқұрайдылық пен немкеттіліктен туған көнбістік пен енжарлық. Өзі-өзіне жұтылуы. Өз сөзін өзі айта алмауы. Өзгерістен қорқуы. Дауысын шығармауы, көз жасын көрсетпеуі. Өлі дене секілді өзен, яғни уақыт ағысымен ағып кете баруы. Мәселенки, неге сол кезеңде алаштықтар халықты қалың ұйқыда жатыр деп түсінді? Мұнда Абайдың «жартасы» еске түседі. «Күнде айқай салғанмен» селт етер жан жоқ. «Оян, қазақ!» деге¬ніне өз даусының жаңғырығын ғана естіген олар шынында да шарасыз күйде еді. Ацетилхолин деген химиялық зат бар. Ол мидың «ұйықтау» қабілетін жоғарылатады. Біз¬дің ұлттың жағдайында ацетилхолин ретінде әртүрлі тарихи оқиғаларды қарастыруға болады. Алдындағы ғасырларға созылған сыртқы және ішкі қақтығыстар, империяның шовинистік саясаты, ашаршылық пен жұт, үрей мен қорқыныш, бірінші дүниежүзілік соғыс — бәрі де бәрі ұлт ағзасындағы ацетилхолин деңгейін көтеріп жібергені тағы да шындық. Енді есін жия бастаған ұлт сталиндік репрессиямен бетпе-бет келді. Ары қарай түсінікті, естен кетсе де елесі өлмеген тарих. Сонымен, жеке адамның ұйқысы және түстану турасындағы көзқарастарды Зигмунд Фрейдке дейін және одан кейін деп қарас¬тыруға болады. Бұл — басқа әңгіме. Түстің табиғатын зерттеушілер адам ұйқысының төрт кезеңін анықтаған. Бірінші кезеңде адам бойы балбырап, мида Альфа-толқындар сәулелене бастайды. Дәл осы бірінші кезеңде кісі не ұйқыда емес, не ояу емес, маңайындағы ды¬¬быстар мен қозғалыстар оның түсі секілді көрінеді. Бірақ түртіп қал¬саңыз, оянып кетеді. Және «жоқ, мен ұйықтаған жоқпын» деп айтуы да мүмкін. Мұны біздегі «мызғып кету» деген ұғыммен ашуға болады. Ал екінші кезеңде Бета-толқындар сәулеленіп, адам ұйқыға шым бата түседі. Мұны «көз шыры¬мын алу» десе де болғандай. Алайда бұл уақытта көрген түстер есте қалмайды екен. Үшінші кезеңде тағы да тереңдейді. Ал төртінші кезең — Дельта-толқындар сәуле¬ленуі қазақтағы «тастай қату» дегенге ұқсайды. Бұл — тұңғиық ұйқы. Осы төрт кезең бір түнде 5-6 рет қайталанады. Бір сағат көлеміндегі уақытқа созылған төрт кезеңнің соңғы фазасынан кейін адам қайта бірінші кезеңге өтеді. Демек, ұйқыдағы адам бір түнде бір кезеңнен бір кезеңге ауысып, бірде шала ұй¬қылы күйге, бірде шым ұйқылы күй¬ге түсіп жатады екен. Таңертең адамның бір күні тез, сергек оянып кетуі, бір күні кешегі оянған уақытында қиналып оятуы да осыған байланысты. Жеке адам ғана емес, ұлттың да ұйқысын осы циклдармен қарастыруға болады. Бір жылдары сергек, бір жылдары бұйығы. Со¬ның негізінде, тарих қайталанады. Мұ¬ның барлығын ішкі биоырғақтар анықтап отырады. Биоырғақ демекші, жоғарыдағы ақын өзін теңеген әтеш неге дәл бір уақытта шақырады? Неге адам таңғы бір уақытты ойлап жатып, сол уақытта оянады? Ойлап тұрсаңыз, қызық. Сағат дегеннің бар екенін де тү¬сін¬бейтін әтеш сағат пайда болмай тұр¬ған заманның өзінде адамды ұйқыдан оятқан. Бұл — биосағат. Ол не? Адамның күн мен түнді, таң мен кешті ажыратуын осы биосағат қамтамасыз етеді. Хронобиология (адам ағзасына, оның өмір сүруге қабілеттілігі мен сезімдеріне, уа¬қыт¬ты сезінуіне космостық процестердің әсер етуін зерттейді) ғылым ретінде негізделмесе де, ол практикалық астрономияның бір бөлігі іспетті өмір сүруде. Адамның және басқа да тіршілік иелерінің ағзаларындағы ырғақтың екі түрін бөліп қарастыру бар: бірі — цир¬кадианды, күн жүйесімен байланысты, екіншісі — инфрадианды, яғни біркелкі емес белгілі бір кезеңдерде қайталанып отырады.

Адам — сағат

Адам табиғаты өте күрделі құ¬рылым. Оның әрбір жасушасы — микроадам, микроадам — мик-рокосмос. Ғаламның көшірмесі. Адам — уақытты сезінуші. Оны білу үшін сағатқа қарау міндетті емес. Мәселен, өзіміздің сағат қанша болды дегенге сағатқа қарамай айта салатын әдетіміз бар ғой. Және сағатпен салыстырсаңыз көп болса бірнеше минутқа ғана қателес-кеніңізді байқайсыз. Ал тарихта уақытты секундына дейін дәл айта білетін «адам-сағаттар» өмір сүрген. XVIII ғасырда Швейцарияда өмір сүрген Жан Шевалье деген адам бәріне уақыттың қанша болғанын хабарлап жүрген екен. Ол өз өмірінің әрбір сәтін санап жүргенге ұқсайды. Кейде мынадай да жағ¬дайлар болып тұрады. Көбіміз бастан кешкен бір жағдай есімізде болар. Кейде ерте жатып қалып, елең-алаңда оянып кеткен адам таңертең ояндым деп ойлайды. Күздің күні сағат кешкі сегіздер шамасында мектепке барып тұрған балалар әр елдімекенде бар шығар. Биоырғақтың бұзылуы ма? Жоқ, нақтырақ айтқанда ауытқып кетуі. Күнделікті қалыптасқан режимнің бұзылуы кейде осылай алдап тұрады. Қатты ұйықтап қалған адам таңертең кешіккенін сағатқа қарамай-ақ сезіп, шошып оянады. Ұйқының келуін немесе ұйқының қануын адам сағатпен өлшемейді. Ағза өз есебін жүргізеді. Ұшақта көп ұшатын адамдарда, әсіресе стюардессаларда биосағат бұзыла¬ды екен. Ойлаңызшы, бір күнде күннің шығуын үш рет көрсеңіз не болмақ? Хронобиологияны зерттеп жүрген профессор Дина Буономано уақытты сезінудің басқаша моделін ұсынды. Оның айтуынша, суға тасты тастап жіберген сәтте, суда шеңбер пайда болады. Ол шең¬бер¬дің көлемі сол тастың тасталған уақыты ұзақтығын анықтайды. Адамда да солайша, сыртқы фак-торлардың әсер етуі іште сондай реакция тудырып, келесі әсерге дейінгі уақытты өлшейді.

Өсімдік — сағат

Өсімдіктердің тәуліктің белгілі бір уақытында күлтесін ашып, қайта жабатынын бәріміз көрдік. Әсіресе, гүлдер. Биосағаттар өсім¬діктердің жасушаларында орна¬ласады екен. Швецияның Упсале қалашығында гүлдерден жасалған сағат бар. Ол гүлдердің әрбірі белгілі бір сағаттарда ашылып-жабы¬лып отырады. Халық осыған қарап уақытты біледі. Француз астрономы де Мэран 1729 жылы гүлдерді алдап түсірмекші болып, тәжірибе өткізеді. Ол түнде жапырағын төмен салып, күн сәулесімен қайта көтеретін гүл түрлерін қараңғы бөлмеге қояды. Бірақ өсімдіктің биосағаты адам амалынан күштірек болып шыққан. Ол гүл өз табиғатына сәйкес уақыт бойынша қалыпты өмірін жалғастыра берген. Тағы бір тәжірибе жасаушылар гүлді тас қараңғы, ауа градусы өзгермейтін үңгірге алып барады. Біраз күндер өз дағдысымен ашылып-жабылған гүл ақыры алданып қалады. Ол өз режимін өзгерте бастайды. Бірақ қалай жылт еткен болмашы сәуле түссе, қайта өз жүйесіне оралып отырған. Табиғатты алдай алмаймыз. Жүргізілген қан¬шама эксперименттер табиғат катаклизміне ұрындырғаны тарихтан белгілі. Кезінде Платон «тастың да жаны бар» демеп пе еді. Ия, жаны бардың биоырғағы бар. Кейде көк¬темде қар кетпей жатып алған кез¬дерде де көктеп шығатын бәйшешек, жауқазын, сарғалдақ секілді гүл түрлері бар. Олар өз биосағаттары бойынша оянады.

Жануар — сағат

Жан-жануарлар, жәндіктер, құстардың биосағаттары адамдi¬кінен артық болмаса, кем емес. Қазақ баласына әуелден таныс бір жағдай бар. Атты суытқанда сағат түнгі он екіге дейін ұйықтатпаса, он екіден кейін ол ұйықтамайды. Ал қойлар қора есігі ашық тұрса, түнде емес, таңертең күнделікті жа¬йылымға шығар уақытта өздері қорадан шығып кетеді. Ал ит болса, таңертең дәл сол уақытта қора ма¬ңынан табыла кетеді. Швед натуралисі Густаф Экштейн өз мысы¬ғының түнгі серуеннен күнде таңғы 8-ден 10 минут өткенде оралатынын байқаған. Тауықтарға күнде бір мезгілде жем шашсаңыз, олар қалыптасқан соң, сол мезгілде өздері қыт-қыттап мазаны алады. Ауыл балалары мұны талай жасап көрген де болар. Құстардың өз келу, қайту, аспанда айнала билеу уақыттары бар. Әтештерді ежелде адамдар күн құдайының хабаршысы деп білген. Ол әр жаңа күннің шыққанын хабарлап отырған. Негізінде, әтештің уақытты сезінуі жетік дамыған. Жануарлардың орталық жүйке жүйелері сыртқы әсерлерге сезімтал келеді.

Уақыт пен сағат

2006 жылы Астанада эталондар орталығы ашылғанын білеміз. Радиодан әр сағат сайын «Мемле¬кеттік уақыт эталонының дәлме-дәл белгілерін береді. Астана уақыты...» деген сөзге құлағымыз ү鬬ренген. Уақытты біліп тұрсақ та, сол сөзден кейін сағатымызға қарап, артық-кемін нақтылап қоямыз. 1904 жылы Париж обсерваториясынан Монсури обсерваториясына ырғақты уақыт белгісі берілген. 1905 жылы Вашингтон теңіз обсерваториясы, 1908 жылы Эйфель мұнарасынан, 1912 жылы Гринвич обсерваториясынан ырғақты уақыт белгілері беріле бастады. Ал Кеңес өкіметінде 1920 жылдың 1 желтоқсанынан бастап уақыт белгісі берілген. Енді әлемде Халықаралық уақыт бюросы бірыңғай уақыт белгісін таратуды қолға алуда. Алғашқы тәжірибелер жасалып та жатыр.

«Айқын» газеті

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы