Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мұхтар Шерім. Қыздар «көтерілісі»

Дата: 20 января 2011 в 09:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Мұхтар Шерім. Қыздар «көтерілісі»

Махаббаттың да оппозициясы болады екен, махаббат та гүл сияқты, су бермесең, кәдімгідей солады екен...  Еліміздің кәрі қыздары қолдарына:  «Кәрі қыздарға үкімет тарапынан қамқорлық болсын!», «Махаббат жәрдемақысы көтерілсін!», «Шетел махаббатына жол жоқ!», «Валентина күні жойылсын!»

сияқты плакаттар мен ұрандар көтеріп, суық пәтерде күйбең күн кешіп жатқандары күрк-күрк жөтеліп, Астанадағы кең көшелерде шеру өткізіп, үкімет үйінің алдына жиналды. Премьер — министр бұрын-соңды көрмеген махаббат «көтерілісін» көріп, (өзі іштей осылай бағалады) мұрты жыбырлап, бір түрлі қиналды...

— Махаббат жасасын!

Астанада супер маркетте шешініп,  көпшілік алдында жалаңаштанған қыз­дарға қырық дүре, жігіттерге жүз дүре салынсын!

— Валентина күні мектептерде атап өтілмесін!

Осындай айқай -шудан кейін, полицейлер қаптап келді де, кәрі қыздардың қолдарын қайырып, машиналарға тоғыта бастады. Біздің елдің құқық қорғаушылары осындай, қол қайырады, айқайласаң, аузыңды айырады... Бір кезде шеруге шыққан кәрі қыздар полицейлерге еріндерін дүрдите  ұмтылып,  бір-бірден ұстап алды да, сүйісе кетісті... Полицейлерге қарсылығы еді бұл... Полицей жігіттер бастарын ала қашқанымен, кәрі қыздар қойсын ба,  аш кенеше жабыса кетті...

Бір полицей басын алып қашып:

— Әпше, менің әйелім қызғаншақ! Ертең «Жас Алаштан» сізбен сүйісіп тұрған суретімді көрсе, мына ернімді кесіп алып, мысыққа тастай салады...-деп еді, анау ет жеңді қыз екен, еңсеріп әкетіп барады. Бізде бейбітшілік сипаттағы наразылық шеруі дегенде, «Кэнбэщниктер»  көктен түсе қалады емес пе? Соның бірі шеттеу жерде қара плащының жағасын көтеріп, қара көзілдірік киіп тұрған, кәрі қыздың бірі тұра ұмтылғанда, ол қаша жөнелді. Бірақ қуып жеткен қыз қойсын ба, ерніне сүліктей жабысты...

Бір кезде махаббат шеруінің лидері болса керек, өзін Сіңіргүл Байалмағанова  дер таныстырған  қыз автобус үстіне шығып алып, дауыс күшейткішпен айқай салды.

— Қазақстан қыздары! Ұжымдық сүйісті тоқтатыңыздар! Қазақ қыздары! Сендерге не болған? Әдеп, ар, иман қайда? Біз бұлай келіскен жоқ едік қой? Біз үкіметтен күйеу сұрап келдік емеспіз бе? Жоғары оқу орындарын бітірген қазақ жігіттері қайда? Неге ауылдарға келмейді? Неге біздерге келмейді? Не, біз адам емеспіз бе? Депутаттардың бәрінде болмаса да, біразында тоқалдары, тоқалдары қолында шарап толы бокалдары бар! Қазақ махаббатының қадірі қашып барады, жас қыздар шетелдіктерге  тиіп алып, ата-анасының милары ашып барады!  Қазақ қыздарының махаббаты «Келін» деген кеңкелес фильмдегі сорақы көріністер ме? Қазақ махаббаты- — порноға түскен алматылық қыздардың хайуандық әрекеттері ме? Үкімет осыларға неге тиым салмайды?

— Дұрыс айтады!-деп қалды қалың қыздардың арасынан сырға таққан бір жіг­іт.

— Қазақстанда көгілдірлерге жол жоқ! Сен жайыңа тұр!-деді әлгі қыз сұстанып. Мен де қыздардың арасында аузым ашылып тұрған едім, қалай байқамағанмын, бір қыз белімнен құшақтап алыпты. Екінші бір қыз мойнымнан иіскеп тұр екен. Мойнымды жумағалы қашан? Моншаға баратын ақшам да жоқ...

— Мен Каримовке ғашықпын... -деген дауысқа жалт қарасам, өзбектің бір кәрі қызы майысып тұр екен. Жыным келді... « Оны несіне жақсы көресің? Мұсылман бола тұра, қазаққа қитығып жүргені... Қазақтан шыққан тұңғыш генарал Сабыр Рахимовтың  Ташкенттегі алып ескерткішін алып тастады. Осы ма, мұсылмандығы? Метродағы Сабыр атын өшірді, осы ма, Қазақстанды құрметтейтіні?!» -дедім. Ішімнен. Айқайлап айтуға болмайды, халықтар достығы жүрегіне «құрт»  түседі...

Полицейлер кәрі қыздарды күштеп таратып жатты. Елу шақтысын қамаққа алды. Солардың ішінде мен де жүрмін. Тергеуші көздерін ежірейтіп:

— Сен кімсің?-деп сұрады.

— Ашбек Жалаңашұлымын.

— Қыздардың арасында неге жүрсің деймін?

— Түрің кемпірге ұқсайды екен...деп бір полицей қолымды қайырып... Мен байғұс бала -шағамды асырай алмай, кемпірге ұқсап кеткен екенмін де...Тым болмаса атама ұқсамай...

— Қыздар шеруіне еркек басыңмен қатысқаның үшін бес айлық еңбек күнімен айып пұл салынады!

— Менде жұмыс жоқ, диплом бар...

— Жоғал!

Осы сөзді ести салысымен,  «жоғалып» кеттім. Жүгіріп келе жатсам, пр­езидент Каримовке ғашық өзбек қызы пісте шағып тұр екен. Қолымнан ұстай алып:

— Бойдақсыз ба?-деп сұрады.

— И-ия...-дедім мен міңгірлеп.

— Мені алсаңыз, тандыр нан жауып, бірге сатамыз. Сөйтіп, байлыққа белше­мізден батамыз!-деді ол. Тұра қаштым. Бір жағы еркек болып туылғаныма қуанып келемін...

«Абай-ақпарат»

 

 

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы