Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Еркебұлан Алдабергенов. «Жас Отанның» жасандылығы

Дата: 20 января 2011 в 13:20

Еркебұлан Алдабергенов. «Жас Отанның» жасандылығы

«Жас Отан» жастар қанаты Астанада Думан сарайында дүркіретіп жиын өткізді. Билік партиясының жастары оянды, белсенді, референдумға қол жинауды аяқтады. Біз президентпен біргеміз, «Қазақстан алға, Жас Отан жасасын!» деп үлкен мінберлерден ұрандатып, жаттанды «лозунгтарымен» шулап жатыр. Күн тәртібіндегі масселе: біз, жастар Референдумды қолдаймыз! Дұрыс.

Жастар қоғамның қозғаушы күші. Кез-келген елде билік партиясының жастар өкілдерінің саяси процестерде белсенді болуы заңдылық. Бірақ бұл сөздің «Жас Отанға» еш қатысы жоқ. Неге?

Біріншіден көзі ашық, саяси сауатты адамның ешқайсысы «Жас Отанды» қоғамдық-саяси күш ретінде мойындамайды. Өйткені күні бүгінге дейін «Жас Отан» ауыз толтырып айтуға тұрарлықтай, көзге көрінердей, жас толқынның нақты проблемаларын шешетіндей, қоғамдық пікір қалыптастыратындай, не бағдарлама, не саяси жоба, «концепция» ұсына алмады. Ырду-дырду акция. Мағынасыз кештер. Мәнсіз ұсақ-түйек шаралар. Білім министірлігі бастамашы болған «Дипломмен — ауылға» барып та дым бітірмеді «Жас Отан». Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен «Қазақша Сөйлесейк» деп, қазақша сөйлеп те қатырмады «Жас Отандықтар». Сөз көп, нақты нәтиже жоқ.

Екіншіден «Жас Отан» жастар қанатының позициясыздығы.Елімізде болып жатқан ірі оқиғаларға, қоғамдық — саяси мәдени — рухани процестерге қатысты арнайы мәлімдеме жасапты, өз көзқарастарын білдірепті дегенді естімеппіз.Ұлттық  доктринаға байланысты үндемей қалды. Петропавл қаласын Қызылжарға өзгертеміз дегенде не қолдайтынын, не қолдамайтынын біле алмадық «Жас Отанның». Кеше Америкада сотты бола жаздаған қазақ азаматына араша түспек түгіл, ауыздарын да ашпады.Былтыр жастар проблемаларына көңіл аудармасаңыздар, көшеге шығамыз деп Жанболат Мамай бастаған жастар билікке талап койды. Жастар билікпен келісімге келді. Митинг тоқтатылды. Президент әкімшілігінің араласуымен. Саяси ықпалы болса «Жас Отан » қайда болды. Қашанғы Ерлан Кариннің айтақтауымен жүреді билік партиясының жастар қанаты.

Сайлауға, Референдумға келгенде науқаншыл «Жас Отан жасасын!».

Үшіншіден өз басым саналы түрде «Жас Отанға» мүше болдым деген жасты кездстірмедім. Саны көп сапасы аз. Студенттерді топ — тобымен қоса салады тізімге. Ескертпей, санаспай, айтпай-ақ. «Жас Отанның» мүшесі екенін білмейтін жас отандықтар да бар. Негізінен депутат болуды, министир болуды армандайтын «карерисьтер». Көпке топырақ шашпаймыз.

Бар шығар...  Білімді. Талантты. Өнерлі. Жастар. Өссем, өнсем,  Мемлекетке қызмет етсем дегендер. «Жас Отанның» қатарына мәжбірліктен, шарасыздықтан қосылғандар.

Сөз соңында айтарымыз; Бірер жыл бұрын Президент «Бұдан былай Жас Отанның нығаюына зо мән беріледі. Ол бүкіл еліміз бойынша тармақталған құрылымы, болашаққа арналған нақты іс-қимылы стратегиялсы бар күшті бірлестікке айналуы тиіс. Мен сендерге сенемін» деген еді. Стратегиялық, иделогиялық іс-әрекет байқалмады. Сенім ақталмады. Прогресс, жаңашылдық, ұмтылыс болмады. Қателессек, «Жас Отанның»  көсемсөзшілерін, иделогтарын тыңдауға дайынбыз. Айтсын.

Біздің мақсат «Жас Отанды» қаралау, даттау, сынау емес. «Қызым саған айтам, келінім сен де тыңда». Бұл айтылған маселе басқа да саяси партиялардың жастар өкілдеріне, жастар қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшыларына ой салар. Біздіңше кез — келген жастар ұйымы қандай партияны қолдаса да ең әуелі мемлекетшілдігімізді нығайтуға күш салуы керек. Мінберден сөйлеңіз, пікір қосыңыз. Азат елдің азат ойлы жастары көп болғай деп тілейік!

«Абай-ақпарат»

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы