Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Батыс Қазақстанда бір жылда 8305 жұмыс орны ашылды

Дата: 20 января 2011 в 15:21 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Батыс Қазақстанда бір жылда 8305 жұмыс орны ашылды

Батыс Қазақстан облысында жұмыспен қамтудың 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасына сәйкес өткен жылы 6115 жұмыс орнын ашу көзделсе, бұл 8305-ке жетіп, жоспар артығымен орындалды.

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде өнеркәсіпте — 510, ауыл шаруашылығында — 987, құрылыс пен коммуналдық шаруашылықта — 1386, саудада — 635, көлік пен байланыста — 200, білім беру мен денсаулық сақтауда — 1556, экономиканың өзге салаларында 851 жұмыс орны ашылып, 2180 адам уақытша және маусымдық жұмыстарға тартылды.

Жұмыс орнының тең жартысынан астамы немесе 59,3 пайызы (4924) ауылдық жердің үлесіне тиеді. Бұдан басқа «Жол картасының» инвестициялық бағыттары бойынша 5143 жұмыс орны ашылды.

Барлығы 22755 адам жұмысқа орналастырылса, соның 18493-і жұмыспен қамту органдары арқылы жолданды.

Соның ішінде «Жол картасына» сәйкес 3965 адам еңбек орнын тауып, әлеуметтік жұмыс орнымен — 2227, жастар тәжірибесімен 1301 адам қамтылды. Шағын бизнеске 4262 адам орналасты.

«Жол картасының» инвестициялық бағыттары бойынша 5143 жұмыс орны ашылды.

Өндірісте кадрларды тұрақтандыру үшін жұмыссыздар үшін 1340 әлеуметтік жұмыс орны ашылды. Ал ақылы қоғамдық жұмыстарға 7609 адам жіберілді, бұл аймақтық бағдарламада көзделгендегіден 11,3 пайызға көп.

Биылғы 1 қаңтарға кедей отбасылар саны 1770-ті құрап, 2010 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда, 1149 отбасыға қысқарды.

 

По сообщению сайта Nur.kz