Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алматыға жүк көліктері мен автобустарға бақылау күшейтілді

Дата: 20 января 2011 в 17:10 Категория: Новости авто

Алматыға жүк көліктері мен автобустарға бақылау күшейтілді (видео)

Алматыға қисапсыз ағылатын жүк көліктері мен автобустарға бақылау күшейтілді. Мамандар күн сайын көшеге шығып, көліктердің техникалық жағдайын қатаң тексеруден өткізуде.

Қауіпсіздік шараларын ысырып қойып, қалтасының қамын күйттеп кеткен жүгенсіз жүргізушілер де жауапқа тартылып жатыр.

Алматы ауасына тарайтын зиянды қалдықтардың 90 пайызы автоколіктерден шығады. Шаһарымызда тіркелген 500 мың көлік болса сырттан (күніне / айына) 200 мың қосылады. Осыдан барып Алматының жолдары ғана емес, тынысы да тарылады. Қазір сырттан келетін көліктердің техникалық жағдайын тексеру қолға алынды. Қалаға кіреберіске орналасқан экопосттар авто бөлетін түтіннің құрамын тексеріп, зияндылығы шамадан асқандарына кіруге тыйым салуда.

Осыған дейін Алматының экологиясын құтқару үшін шығыс айналма жолы іске қосылып еді. Бұл айналма ауыр жүк көліктерінің қаланы айналып өтуіне мүмкіндік береді. Демек ауаға тарайтын түтін мөлшері де біразға кеміді. Енді қалааралық автобустарды тексеру мықтап қолға алынды.

Бұл Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысы. Қарасай ауданынан келетін елу шақты автобус көше бойын ен жайлап алған. Жүргізушілер бағытпарағы бойынша «Сайран» бекетіне кіріп, жолаушы іздеп бас қатырмайды. Иегінің астындағы осы былықты күнделікті көріп отырған көліктік бақылау мамандары бұларды қуған болады. Алайда, бір күн өтпей жүргізушілер құтты орнына қайта оралады.

ЕРНАР МАНДАСОВ, АЛМАТЫ Қ. КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: -По правилам они должны заехать в «Сайран». это отклонение.

Хаттама толтырылып, тексерушілермен тартысқан бес жүргізушінің мойнына жеті жарым мың теңгеден айыппұл ілінді. Негізі қаларалық автобустардың техникалық ахуалына да сын көп. Оны былай қойғанда рұқсатсыз адам тасып жүрген жүргізушілер де жетерлік. Бақылау инспекциясы лицензиясыз жұмыс істеген 5 адамның ісін сотқа жіберіпті. Ал, техникалық медициналық ескертпелерге байланысты екінші рет қолға түскендерді қалаға мүлдем жуытпайтын боламыз дейді.

БІРЖАН ЖҰМӘДІЛОВ, АЛМАТЫ Қ. КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: — Әсіресе жолаушылар тасымалдауы автобустардың бағытының уақытында жүруі дәрігерлік тексеруден өтуі қатаң тексеріледі.

Қазір де автобустардың қалаға кіруін шектеу мәселесі де қаралып жатқанын айта кету керек. Азиаданы абыроймен атқарып алған соң, ол шаруа да шешілмек.

АХМЕТЖАН ЕСІМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: — Предусмотрены средства для строительства разворотных площадок, чтобы областной транспорт до туда только доходил и разворачивался. После Азиады мы это обсудим с акиматом Алматинской области и правоохранительными органами.

Жоспар бойынша шаһар маңына бес бірдей автотұрақ салынбақ. Қаларалық қоғамдық көліктер жолаушыларды осы айналмаға ғана дейін жеткізеді. Экологтар осы жоба жүзеге асса экология жақсара түсер еді. Әйтпесе Алматы көлік түтінінен тұншығып барады деп отыр.

По сообщению сайта Nur.kz