Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Саулнама NUR.KZ. Сіз мұғалімдерге және тәрбиешілерге сыйлық жасайсыз ба?

Дата: 21 января 2011 в 09:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Саулнама NUR.KZ. Сіз мұғалімдер мен тәрбиешілерге сыйлық жасайсыз ба?

Құрметті саулнамаға қатысушылар!

Кіріспе сөз жазғанша сіздердің назарларыңызға осы шағын әнгімені ұсынғанды дұрыс көрдім. Авторы Гүлнұр Ембердиева.
 

Мұғалімдер күні


Күндегі қалыпты дәстүр бойынша мұғалім сыныпқа кірді де оқушыларды түгендей бастады. Оқушылар мұғалім Айзадаға таңырқай қарайды. Шынымен ол бүгінгі күннің ерекше екенін ұмытып кеткендей. Mереке емес пе? Ұстаздар күні. Сынып іші ә дегеннен мерекелік қалыпты жасағысы келгендей бір-біріне күбірлеп қояды.

Салмақты ұстаз түк сезбейтіндей. Міне, енді сабақты да бастамақ. Оқушылар өздері ойлаған шараны іске асырғысы келгендей топ басшысына қарайды. Үздік оқитын, тапқыр да, өткір саналатын Жадыра қолын көтерді. Таңырқай қараған Айзада мұғалім басын изей рұқсат еткен ишра жасады.

-Біздің аяулы ұстазымыз Айзада әпкей! Сізді сынып атынан мұғалімдер мерекесімен құттықтаймыз. Cізге деген сыйлығымызды қабыл алыңыз, — деп бағанадан бері партаның астына тығып отырған гүл шоғы мен жылтырақ қағазға оралған қомақты сыйлықты алдына қойды.

Мұндай тосын сыйды күтпеген мұғалім ыңғайсызданып қалды.

— Мұғалімге оқушының ең үлкен сыйы не ? – деп сұрады салмақты қалпынан танбай.

— Алтын сағат — деді Арсен тауып айттым деп маңғаздана жан-жағына қарап.

Әркім өз ойын айтып таласа кетті. Бәрінің пікірі тек қымбат заттарға келіп тіреліп жатты.

Мұғалім басын шайқады.

— Ең қымбат құнды сыйлық шәкіртінің жақсы оқып, адал адам болғаны — деді,

– Бұл сөздің астарына түсінбеулерің де мүмкін. Әйтсе де үлкейгенде өмірдің немен өлшенетінін бағамдайтын боласыңдар, — деп үй тапсырмасын сұрай бастады.

— Дидар сен айта қойшы үйге не берілді? – деді бағанадан ешкімнің сөзіне араласпай үнсіз отырған оқушысына қарап.

— Сабақтас құрмалас сөйлем, 186 — жаттығуды орындап келуге бердіңіз, — деді Дидар селқос.

— Саған бүгін не болды? Неге көңіл-күйің жоқ?

— Ол сізге сыйлық алуға ақша жинағанда қосқан жоқ. Сол үшін біз оған сабаққа келме дегенбіз. Сонда да келіпті ғой, ұятсыз, — деді Арсен Дидардан ала алмай жүрген өшінің қарымын қайтарғандай.

Бүкіл сынып алдында жағымсыз сөзді естіген Дидар қып-қызыл болып, сыныптан шығып жүре берді. Мектеп алдындағы сәкіге отырғанда ішіндегі наласы сыртқа жас болып ыршып шықты. Осы сәтке байланысты бүкіл өмірі көз алдынан өте шықты. Туғалы көрмеген әкесі, әр жерде жұмыс істеп, бұны зорға асырап отырған анасы, басынатын Арсен сияқты байдың балалары. Қолын төс қалтасына апарды. Қалтасынан бір жапырақ боялған қағазды шығарып аялап сипап қойды. Аздап сейілейін деді.

Бағанадан жанында тұрған мұғалімін енді көрді. Өзіне сыйлыққа ақша қоспаған баланы жақтырмайтын болар, оқығалы анасын мектепке шақыртпаған еді. Енді мына тәртіпсіздігі ағаттық болды. Ұрсатын болар деп мұғалімнің бетіне қараған. Жымиған оның жүзінен ешқандай қастандық белгісін байқай алмады. Орнынан асығыс тұра бере кешірім сұрамақ ойда еді. Мұғалім күле қарап, қолындағы қағазды алды.

-Дүниедегі бар қымбат затпен бағалана алмайтын мұндай сыйды ешбір оқушы ешқашан да ұстазына тарту етпеген болар, — деді даусы дірілдей, бар болғаны дәптердің бір парағына салынған үш тал гүлі бар бір жапырақ қағазды көкірегіне басып тұрып.

— Сендер маған қарыз емессіңдер, ұстаздық менің борышым емес пе? –деді тағы да даусы дірілдей.

Дидар алдында тек сабақ беруші емес нағыз ұстаз толқып тұрғанын бар болмысымен сезді. Бір сәтте дүниеде өзінен және мұғалімінен асқан бақытты жан жоқтай тәтті күйге енді.

По сообщению сайта Nur.kz