Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Есенгүл Кәпқызы. Әз Жәнібек пен Керейді қалай ұлықтап жүрміз?

Дата: 21 января 2011 в 09:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Есенгүл Кәпқызы. Әз Жәнібек пен Керейді қалай ұлықтап жүрміз?

Қазақ хандығының құрылғанына — 555 жыл!

Қазақтың мемлекеттік тарихы туралы толғаныстар бүгінде әрқилы. Қазақ тарихының бастауын сонау ғұн, сақ дәуірінен бастаған жөн дейді бірқатар тарихшылар, екіншілері — ұлы Түрік қағанаты дәуірлеген Ү-ҮІІ ғасырдан бүгінге қарай ойысуды ұсынса, үшіншілері — Жошы ұлысы немесе Алтынорда дәуірі қазақ мемлекеттігінің тарихының бастауы бола алады, төртіншілері Ақорда дәуірінен бастау алады деп топшылайды. Бірақ, бір нәрсе айқын — қазақ тарихшылары бұл тұрғыдан әзірге бір пікірге тоқтай алмай жүр. Ал, биыл Қазақ хандығы деген ресми атпен тарих сахнасында пайда болғанымызға 555 жыл толып отыр.

Қалаларда Керей мен Жәнібектің атында көше бар ма

Жалпы, Қазақтың мемлекеттік санасы  туралы ойды жиі айтамыз. Бүгінгі өсіп келе жатқан жас буын қазақ тарихын қаншалықты біледі? Олар үшін Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек кім? Оларды  ұлықтау әлі күнге дейін өз деңгейінде емес, өкінішке қарай, тарихи жадымызды жаңғырту тұрғысынан, жас ұрпақты өз өткені үшін мақтана алатындай дәрежеге жеткізу үшін істеліп жатқан шаралар да мардымсыз.

Кезінде Социалистік мемлекеттердің бас көшесі — Лениннің атымен аталатын. Мемлекеттердің астанасындағы орталық көшеден бастап, облыс, аудан, ауылдың бас көшелерінің бәрі «Күн көсемнің» атында болушы еді. Бұл бір идеологияға жұмылдырудың басты мақсаты болғаны әлемге аян. Ал, тәуелсіздік алғанына 20 жыл толып отырған Қазақ мемлекетінің ортақ идеологиясы не? Оны айту қиын. Әр облыстың, әр өңірдің өз батыры, өз ханы атқа мінген заман болды. Әр өңір өз руының батырларын ұлықтап, соларды дәріптеп әуре. Ал, Әбілқайырдан бөлініп, Қазақ хандығын құрған тұңғыш хандарымыздың атында ешқандай елді мекенде, қалада әлі күнге дейін көше жоқ! Бар болса, саусақпен санарлық. Алматыда бұрынғы коммунистер көшесінің атын Абылай хан иеленсе, Астанада ірі көшелердің бірінің атын Хан Кенеге берген. Ал, орталық көшелеріміздің кейбір атаулары әлі күнге дейін отаршылдық таңбасы ретінде коммунистердің берген атауымен тұрса да, тұңғыш хандардың атына көше беру жағын әлі ескермей келеміз.

Есік қаласында барельеф ашылды!

Керей мен Жәнібек есімін ұлықтау ісін әуелі болып Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы қолға алды. Тарихқа жүгінсек, Қазақтың алғашқы ордасы осы Созақ өңірінде Қозыбасы деген жерде тігілген екен. Қазақ хандарының қасиетті мекен Түркістанға жерленуінің де сыры осында жатса керек. Созақ ауданының әкімі Созақбай Әбдіқұлов мырзаның бастамасымен Керей мен Жәнібектің асқаралы ескерткіші Созақ ауданының орталығы Шолаққорған кентіндегі кіре берісте «Жастар саябағында» бой көтерген. Ал, екінші ескерткіш кешен елордамыз — Астанада былтыр маусым айында тұрғызылды. Әуелі бұл ескерткіш Қазақ Елі монументіне орналастырылады делінген еді. Алайда, Қытайда жасалынған Керей мен Жәнібек ханға арналған ескерткіштер жарамсыз деп танылып, қоқысқа тасталды.  Сосын арнайы байқау жариялап, қазақтың тұңғыш хандарының ескерткіш мүсінін тұңғыш Президенттің мұражай саябағына орналастыруға шешім қабылданды. Сөйтіп, 2010 жылдың 1 маусым күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзі ашқан ескерткіш мүсін ел болып, мемлекет болып Қазақ хандығының негізін қалаған ұлы хандарды ұлықтаудың басы болғаны белгілі.

Оның ұзындығы 12 метр. Мүсіндік композицияның барлық элементтері бір қалыпта әзірленіп, таза қоладан құйылды. Салмағы 16 тоннадан асады. Бұл туындының авторы астаналық сәулетші Ринат Әбенов.

 

Жақында Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданының орталығы Есік қаласында Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандарға арналған барельеф ашылған екен. Бұл жағымды жаңалыққа қуанып, Есік қайдасың деп тартып отырдық. Біз барғанда Есік қаласында аудан әкімінің кезекті есебі болып жатыр екен. Халықпен жүздесу аяқталғаннан кейін, осы барельефті ұйымдастырушы, идея авторы, Еңбекші қазақ аудандық мәслихатының хатшысы Әділбай Талқанбаев және Есік қаласының әкімі Асхат Алмабеков мырзалармен кездесудің сәті түсті.

Барельеф Есік қаласындағы күре жол — Алматы көшесінде, қалалық әкімшіліктің қарама-қарсысында орналасқан екен. Тым биік те емес, тым көлемді де емес, алайда қаланың көрнекі жерінде бой түзеген барельефтің негізгі идеясы да, айтар пәлсапасы да айқын — Қазақ хандығының негізін қалаған тұлғаларды ұлықтау, олардың тарихи тұлғасын болашақ ұрпақ зердесіне ұялату. Идея авторы Әділбай Талқанбаев былтыр Астанада хандарға арналған ескерткіш кешенді ашып тұрып Елбасының қазақ үшін аса маңызды тарихи қос тұлғаны бір-бірінен бөліп қарауға болмайтындығын айтқандығын еске алды:

— Біздің Есік қаласы Түркияның Тарсус қаласымен бауырлас қала болған еді. Осы ретте біз Түркияда Аданада, Тарсус қалаларында болып, өзара бауырластығымызды насихаттап қайттық. Ендігі кездесу бізде Есік қаласында өтетін болды.  Мен  Республикалық Түрік этно-мәдени орталығының президенті Зиятдин Хасеновқа осы кездесу барысында қазақтардың мәдени-рухани гүлденуі үшін біз де септігімізді тигіздік деп мақтанып жүретін бір іс қылыңыз деп айттым. Ол бұл ұсынысты қуана қабылдады. Сөйтіп, іске кірісіп кеттік. Болашақта осы Алматы көшесін Керей мен Жәнібек хандардың есімімен атауды да ойға алып жүрміз. Сөйтіп, ұзындығы 3-4 шақырымға созылатын, 260 мыңдай тұрғыны бар Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданының орталығындағы бас көшені ұлы хандарымыздың атымен атап, ұлттық тарихымыздың түгенделуіне үлес қосуды мақсат етіп отырмыз, — дейді Әділбай Талқанбаев.

Барельефтің бас сәулетшісі, Мәдениетке еңбегі сіңген қайраткер Абдалиев Әбідкәрім, мүсіншісі  Сырлыбаев, бас демеушісі З. Хасенов.

P.S. Бұл төл тарихымызды қастерлеудің басы. Елдегі еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін қазақтың тұлғалары жайында жатқа біле жүруі тиіс. Кезіндегі «Бұл -Қазақтың қазақ болып қалыптасуы жолында тер төккен әрбір тұлғаны бүгінгі ұрпаққа насихаттау, олардың ерлігін болашаққа паш ету — бізге аманат!

«Түркістан» газеті

 

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы