Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Роман Виктюк қазақ сахнасына неміс классигінің туындысын қойды

Дата: 21 января 2011 в 10:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Роман Виктюк қазақ сахнасына неміс классигінің туындысын қойды

Олай дейтініміз 1948 жылы неміс классигі Фридрих Шиллердің пьесасы негізінде қойылған спектакль бұл жолы жаңа көзқараста сахналанып отыр.

Оның премьерасы 26 қаңтарда Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында көрсетіледі. Қоюшы режиссері ресейлік танымал сахнагер Роман Виктюк.

Роман Виктюкті замандастары 20 және 21 ғасырдың дарынды режиссерлерінің бірі санайды. Махаббат пен Ғадауатты алғаш 13 жасында достарымен бірге аула сахнасында қойыпты. Екінші рет Калинин жастар театрында кәсіби режиссер ретінде сахналаған. Бұл жолғы қойылым неміс классигінің туындысына жаңа көзқарасым дейді Роман Виктюк. Актерлердің тамаша ойынын қайталанбас декорациялар, тың идеялар мен музыка толықтырып отырады.

Роман Виктюк, Ресей мен Украинаның халық әртісі:

— Бұл рух биіктігі. Адамдар бұндай қойылымдарды көргені абзал. Қылмысты жасыру мүмкін емес, ал махаббат мәңгілік. Бүгінде махаббат ұғымын теріс түсінетін болдық. Өкінішті әрине. Пәк сезімді күннен-күнге жоғалтып барамыз. Бұл пьессаға деген менің көзқарасым.

Басты оқиға президенттің Фердинанд атты жас ұлымен қарапайым шаруаның қызы Луиза арасындағы нәзік сезім жайлы. Пьесада он сегізінші ғасырдағы неміс қоғамы суреттелген. Сондықтан ақсүйек жарлы-жақыбайдан келін алып қайтсін. Луизаға президенттің хатшысы Вурм да ғашық. Алайда жауап жоқ. Екі жастың көз жасына қалған да осы Вурм. Шиллерді қазақша сөйлеткен теартдың директоры әрі көркемдік жетекшісі Талғат Теменов.

Талғат Теменов, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры директоры:

— Бұл пьесаның аудармашысы басқа адам болатын. Бірақ актерлардың оқу кезеңінде алғашқы оқу кезеңінде актерларға текст өте қиын болғандықтан мен амалсыздан осы аудармаға кірістім. Алдымен бір жол, сосын бір абзац сөйте-сөйте осы пъессаның аяғына шықтық.

Спектакльде махаббат тақырыбымен бірге билік үшін күрес суреттеледі. Адамдар бойынан табылатын надандық, сатқындық да сахнада жақсы ашылады. Түбінде әділдік орнай ма?

Бұны енді «Махаббат пен Ғадауаттың» 26 қаңтарда өтетін қойылымынан көріңіз!

По сообщению сайта Nur.kz