Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі мәдени-білім беру іс-шарасын өткізді

Дата: 21 января 2011 в 11:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі мәдени-білім беру іс-шарасын өткізді

Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы елшілігі АҚШ-тың Ұлттық астаналық аумағының БҰҰ қауымдастығымен (United Nations Association of National Capital Area) бірлесе отырып, Вашингтон қаласының екі мемлекеттік мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріне (Stuart-Hobson Middle School, Leckie Elementary School) арнап мәдени-білімдік іс-шара ұйымдастырды.

Бұл туралы елшіліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

АҚШ-тың Ұлттық астаналық аумағының БҰҰ Қауымдастығы 1952 жылы құрылып, бүгінде АҚШ БҰҰ Ассоциациясының байырғы және ірі бөлімшесі болып табылады. Ассоциация қоғамдық білімді арттыру, АҚШ пен БҰҰ арасындағы қатынастарды нығайту және БҰҰ-ның алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында қызмет атқарады.

Елшілікке келген қонақтар Қазақстанның мың жылдаған тарихы және бай мәдени мұрасымен танысатын бірегей мүмкіндікке ие болды. Олардың назарына ежелгі көшпенді сақ, ғұн мәдениеттерінің ерекше өнер туындуларының үлгілері ұсынылды.

Алтын мен күмістен аң стиліндегі жасалған зергерлік бұйымдардың көшірмелерін тамашалаған американдық қонақтар ежелгі қазақ зергерлерінің шеберлігіне қайран қалып, таңқалыстарын жасыра алмады.

Америкалық қонақтар тек зергерлік бұйымдармен шектелмей, сонымен қатар Елшіліктің киіз үй стиліндегі жабдықталған қазақ этникалық бөлмесін де тамашалады. Олардың назарына ұлттық түрлі-түсті ою-өрнектермен нақышталған киім үлгілері, кілем, көрпе, батырлардың қарулары мен ерекше сәнді дулығалары және т.б. көптеген материалдар ұсынылды.

Қонақтардың ерекше назарына тымақ, сәукеле, тақия сынды ұлттық бас киім үлгілері ілікті.

Осы іс-шараның арнайы қонағы болған орталық азия мемлекеттерінің этникалық музыка саласының маманы американдық азамат Адам Грод өзінің ерекше өнерімен оқушылар мен мұғалімдерді тәнті етіп, қазақтың бай мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылатын ұлттық музыка туралы көлемді баяндама жасады. Баяндамасын атақты ақын Қадыр Мырзалиевтің сөзі «нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра» деп бастап, сөздерінің басым бөлігін домбыраның тарихы, музыкалық аспап ретінде ерекшеліктері туралы айтты. Сонымен қатар А.Грод өзінің Қазақстанға барып, қазақстандық музыка шеберлерінен қалай домбыра үйренгенін айтып, өзіне арнап жасалған домбырасын көрсетіп, әйгілі «Балбырауын» және «Көніл толқыны» күйлерін асқан шеберлікпен орындап шықты. Мұғалімдердің айтуынша, оқушылардың есінде қалған ең жарқын сәттердің бірі А.Гродтың домбырада күй ойнаған кезеңі болды.

Қонақтарды қошеметпен қарсы алған Казақстанның АҚШ-тағы Елшісі Е.Ыдырысов мұндай іс-шаралардың оқушылардың білімін арттыру, оларды жаңа нәрселерді үйренуге ынталандырудағы маңыздылығын айта келе, оқушыларға «білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады», — деген қазақтың нақыл сөзін айтты. Сонымен қатар, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, алманың отаны Қазақстан екені туралы еліміз жайында қызықты мәліметтермен бөлісті.

По сообщению сайта Nur.kz