Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Сектанттар қазақ тілінде сайт аша бастады

Дата: 21 января 2011 в 14:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сектанттар қазақ тілінде сайт аша бастады

Сектанттардың қулығына құрық бойламайтынына тағы бір көзіміз жетті. Адамды өзінің ырқына бағындыру технологиясын ерек­ше меңгерген мысықтілеулі миссионерлер бұрындары сапалы әдебиеттер, аудио және бейнежазбалар тарату арқылы «қызмет» жасап келсе, енді қоғамның, жалпы жастардың талабына сай жұмыстарды еңсеруге көшіпті.

Сектанттар сайт аша бастады. Олардың мекенжайын жазып, жарнамаламай-ақ қоялық. Бірақ дәстүрлі емес дін өкілдерінің қазақ тілінде сайт ашып, тайраңдауы кімді болса да ойлантады. Осы ретте газетіміздің «Ой-көкпар» айдарына «Дәстүрлі емес дін өкілдерінің қазақ тілінде сайт аша бастауы ақпараттық қауіпсіздігімізге сын емес пе» деген сұрақты шығарған едік. Сөз алған сарапшыларымыздың пікірі мынадай болды.

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы: Иә.

– Әрине, бұл жағдай – ақпараттық қауіпсіздігімізге сын. Шетелдік арналар, газет-журналдар мен электронды басылымдар онсыз да ақпараттық кеңістігімізді жаулап алған. Олардың мүмкіндігі отандық бұқаралық ақпарат құралдарынан да жоғары. Бұл жағдай аз болғандай, енді түрлі секталар ғаламтор арқылы қазақ қоғамына ене бастады. Бұл – үлкен мәселенің бастамасы ғана. Ертең мұны көрген мыңдаған секта жеке-жеке сайт ашпасына кім кепіл?! Дәстүр­лі емес дін ұйымдарының ақпараттық салаға бет бұруы үлкен тенденцияға айналуы мүмкін. Сайып келгенде, бұл біздің ақпараттық тәуелсіздігімізге үлкен қауіп төндіреді.

Бірақ еліміздің заңдары рұқсат бе­ріп қойғаннан кейін, біз оларға еш­теңе істей алмаймыз.

Бұл тенденциямен күресудің түрлі тәсілдері бар. Күш қолдансақ, ертең олар халықаралық ұйымдарға, әлемдік қауымдастыққа шағым айтатыны сөз­сіз. Сондықтан сайт ашып отырған сектанттармен күресті тек қана ақпарат­тық жолмен жүргізген дұрыс. Қазақ­стан мұ­сылмандары діни басқармасы осы­дан кейін сілкініс жасауы керек. Бірақ қазір біздегі исламның өзі түрлі тармақтарға бөлініп кеткен. Бұл енді Тәуел­сіздігіміздің алғашқы жылдарында кім болса соны шетелге діни білім алып келуге жібергенімізден деп түсінемін.

Қазақ­стандағы 70 пайыздан асатын мұсыл­мандардың ауызбіршілігінің жоқ­тығын, ақпараттық қауіпсіздігіміздің әл­сіздігі арқылы біз түрлі технологияны меңгерген сектант­тардың алшаң басуына мүмкіндік бе­ріп отырмыз. Бүгін бір ғана сайт ашыл­ғанымен, сол бір ғана электронды ресурстың артында үлкен күштің тұрғанын аңғара бермейміз.

Енді түрлі секталар ғаламтор арқылы қазақ қоғамына ене бастады.

Сол күштің қазақ тілін білетін, компьютерлік білімі бар, өте сауатты жазатын қазақ жастарын тартып жатқанын байқауға болады. Секталар арасында сайт ашудан жарыс басталып кетсе, жаңағы айтып өткен білімді, бірақ жұмыссыз жүрген қазақ жастары сол секталардың мүддесіне жұмыс істеп кетуі әбден мүмкін. Сон­дықтан мемлекет, діни басқарма тиісті ақпараттық жұмыстарды қолға алу керек. Ақпараттық салада, оның ішінде электронды басылымдармен жұмыс істеудің қаншалықты қауіпті екенді­гін ислам әлеміне кір келтірген түрлі лаңкестік ұйымдардың тәжірибесі дә­лелдеп берген. Газет-журналдардың тара­лымы шектеулі болуы мүмкін. Ал ғалам­тордың мүмкіндігі шектеусіз. Сек­талардың интернетке қолы жеткен бар­лық азаматпен жұмыс істеу үшін сайт ашу таптырмас құрал екенін жақсы біледі. Сондықтан қазірден бастап тиісті шаралар қолданылуы керек.

Досым СӘТПАЕВ, Тәуекелді бағалау тобының жетекшісі: Жоқ.

– Қазақстан – зайырлы мемлекет. Кон­сти­­туциялық заңдарымызда кез келген азамат қандай дінге сенуіне немесе сен­беуіне құқылы екендігі жазылған. Ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін деген секталардың барлығы баяғыда жабылған. Иә, дәстүрлі емес дін өкілдері өздерінің ат­қарып жатқан жұмыстарымен елдегі ис­лам мен христиан православие­сіне үлкен бәсе­келес күш болып отырғаны жасырын ем­ес. Біздің тиісті заңнамаларымызда діни ұй­ымдар бол­сын басқа да үкіметтік ұй­ым­дар болсын еркін жұмыс істеуге құқылы ек­ендігі айтылғандықтан, олардың қандай да бір тәсілдер арқылы жұмыстарын жүр­гізуі­не болады. Интернет сайттарын ашу ар­қы­лы олар өздерінің үгіт-насихат жұмыс­та­рын жыл­дам әрі тиімді түрде жүргізе алады.

Қазақстан – зайырлы мемлекет

Тиісінше, оның қамтитын ауқымы да кең болмақ.

Интернет сайттарын ашты екен деп оларды баса-көктеп жазалау дұрыс емес.

Бәрін де заңға сәйкес шешу керек. Ал біздің заңымыз олардың жұмы­сына шектеу қоймайды. Дәстүрлі емес дін өкілдерінің сайттарға ауыз сала бастауы, ақпараттық қауіпсіздікке нұқ­сан келтірмейді. Керісінше, өздерінің ақпа­раттық жұмыстарына самарқау қарайтын біздегі дәстүрлі дін өкілдерін қамшылай түсуі мүмкін. Яғни, белгілі бір деңгейде бәсекелестік болып, халықтың шынайы ақпараттар мен мәліметтер алуына жол ашылады. Бұқаралық ақпарат құралдары секта деп таныған діни бірлестіктерді зерттемей жатып оларға күш қолдануға да болмайды. Дәстүрлі емес дін өкілдерінің сайт ашып жатқаны ақпарат құралдарында көтеріле бастады. Енді секталарға қарсы күрес науқаны жүргізілуі мүмкін. Мәселенің ақ-қарасын анықтамай, ақпараттық қауіп­сіздікке қаншалықты нұқсан келтіретіні зерт­телмей жатып шешім шығарылса, кінә­сіз бірлестіктер жапа шегуі мүмкін.

Түйін

Саяси сарапшыларымыздың пікірі осындай. Тәуелсіздік алғанымызға жиырма жыл уақыт өтсе де, ғаламтордан ұлттың тілі мен мәдениетіне қатысты бір парақша ашылса қуанамыз. Осындай игі істерді қолға алуға бекінген талай замандасымыздың бюрократиялық кедергілерден тауы шағылғанын көз көрді. Ал сектанттарға сайт ашу сөз емес. Сонда қазақтың мүддесінен сектанттардың сайқымазақ сайттары артық болғаны ма? Қазақстанда 4 мыңнан аса діни бірлестіктер тіркелген. Егер сол бірлестіктердің әрқайсысы бір-бір портал ашатын болса, қазақ тіліндегі санаулы ғана электронды басылымдарды бір мезетте тұншықтырып жіберуі ғажап емес.

По сообщению сайта Nur.kz