Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет елдегі ескерткіштерге толық инвентаризация жасалды

Дата: 21 января 2011 в 16:20

Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет елдегі ескерткіштерге толық инвентаризация жасалды

Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет елдегі ескерткіштерге толық инвентаризация жасалды.

Былтырғы жылды қорытындылап, ағымдағы жылдың міндеттерін талқылауға арналған Мәдениет министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай мәлім етті.

«Өткен жыл бүкіл еліміздегі секілді Мәдениет министрлігі үшін де жемісті болды. Тәуелсіздіктің әрбір жылында Мемлекет басшысының мәдениет саласын тұрақты қамқорлығы мен қолдауының арқасында жыл сайын қаржыландыру көлемі артып келеді. Саладағы айлық жалақы ұдайы өсіп, бүткіл елде жаңа мәдени нысандар салынып, елордада әлемдік деңгейдегі концерт залдары бой көтеруде. Сондай-ақ, өткен жылдың өзінде «Жол картасы» шеңберінде 318 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жүргізілді.

Өнер жұлдыздары ең беделді халықаралық орталықтарда шеберліктерін шыңдап, әлемнің үздік концерт залдарында өнер көрсетулеріне мемлекет тарапынан мүмкіндік жасалды.

Жыл сайынғы берілетін мемлекеттік степендиялар мен гранттар тапсыру саны артып келеді. Елбасының шығармашылықтағы жұртшылықпен кездесулері жүйелі түрде өткізілуде. Осының бәрі Елбасының мәдениет саласына деген үлкен қамқорлығының нақты дәлелі», — деді министр.

Сонымен қатар, «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасына тоқталған М. Құл-Мұхаммед, былтыр қоғамдық білім саласында ауқымды тарихи-мәдени мұраларды жүйелеп енгізу жөнінде кең көлемді жұмыстар жалғасын тапқанын атап өтті.

73 аса маңызды тарихи-мәдени ескерткіш қалпына келтірілген

«Бағдарламаны жүзеге асыру қолға алынған жылдарда барлығы 40 археологиялық, 26 ғылыми-қолданбалы зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 73 аса маңызды тарихи-мәдени ескерткіш қалпына келтірілген.

2010 жылы Дамаскдегі Бейбарыс сұлтанның мавзолейі мен республиканың 12 облысындағы 19 ескерткіш реставрациядан өткізілді.

Бейбарыс мавзолейін жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталды. 1266 жылы Бейбарыстың өзі салған бұл кесене медреседен, мұражайдан және мавзолейден тұрады. Жұмыс барысында кешеннің барлық қабырғалары мен архитектуралық пішіні нығайтылды. Сириялық мамандар қатыстырылып, оның мозаикасы мн өрнектері толық қалпына келтірілді. 200 мыңнан астам жәдігерлік кітаптар жинақталған ең соңғы заманауи жабдықтармен жарақтандырылды. Бейбарыс сұлтанның Каирдегі мешітіне реставрация жасау жайына келсек, бұл аса ауқымды құрылыс болып табылады. Оны қаржыландыру екі ел жағынан бірлесіп жүзеге асырылатын болады. Қазақстан өзі міндетіне алған 4,5 млн. долларды түгел игерді», — деді министр.

Сонымен қатар, М. Құл-Мұхаммед Елбасының тапсырмасы бойынша Әл-Фарабидің Дамаскдегі тарихи-мәдени орталығы мен мавзолейінің құрылыстары да жалғасып жатқанына тоқталды.

Оның айтуынша, қазіргі таңдағы Әл-Фарабидың сүйегі Дамаск қаласындағы үлкен қорымда жатыр.

Сол қорымның іргесіндегі 68 үй құлатылып, орны тегістеліп, сол жерден Әл-Фарабидің шығармашылығын және өмірін зерттейтін аса үлкен ғылыми орталықтың құрылысын салу туралы Мемлекет басшысы тапсырма берген болатын. «Осы жұмыстың 55 пайызы жүзеге асты. Биыл тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында осындай қолға алынған шара толығымен аяқталатын болады», деді М. Құл-Мұхаммед.

 

По сообщению сайта Nur.kz