Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

З.Құламанова. Атаудың артында ұлттық мүдде тұр

Дата: 22 января 2011 в 15:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

З.Құламанова. Атаудың артында ұлттық мүдде тұр

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ғасырлар бойы шаң басып қалған ономастиканың тамырына шын мәнінде қан жүгіре бастады. 1990-2000 жылдары және одан бергі кезеңде ұлттық ономастиканың халқымыздың рухын асқақтатуға зор үлесін қоса бастағанының куәсіміз. Бұл кезеңде қазақ ономастикасының фактологиялық, ғылыми-теориялық аясы кеңейіп, күрделеніп, әралуандық сипатқа ие болды.

Ономастика ғылымының тарих, жалпы ғылым, мәдениет, экономика, демография, юриспруденция, туризм, т.б. салаларына тигізген ық­палы айтарлықтай болды деп айта аламыз. Былайша айтқанда, мұны «Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанған» айтулы кезең ретінде қабылдауымыз ләзім. Шынтуайтқа келсек, ғасырлар бойы қалыптасқан ономастикадан қол үзіп, келтеленіп қалған тіліміз кедейленіп, біршама әлсіреген еді. Отаршыл империя қазақтың мыңдаған жылдарға созылған тарихын жоққа шығарып, жаңа тарих санауын 1917 жылдан бастауды зорлап санамызға енгізді. Бұл «аға халықтың» біз мақтан тұтатын бабалар ерлігін, жеріміздің оқиғаларға толы тарихын ұмыттырып, рухымызды жұқартып, ұлтымызды тілінен айы­рып, оны жоқ етіп, орыстандыруға бағытталған сорақы саясаты еді. Оның басты құралдарының бірі көне атауларды жаппай өзгертіп, орыс атауларын енгізу болды.
Елдігіміздің көрінісін, бет-бейнесін көрсететін, байырғы қазақ ұлты мен ұлы даланың асқақты­ғын айғақтайтын топонимика­лық атауларымыздың тарихы мен мән-маңызы белгілі. Атам заманнан мемлекеттің негізін құрайтын ұлт үшін ел аумағы, жері мен оның қойнауы, табиғаты, мәдени қазынасы, тіпті ішкі және сыртқы қатынастарында ономастиканың маңызы зор болды. Ономастиканың тарихқа да, әдет-ғұрыпты зер­делейтін этнографияға да, ұлттың қалыптасуын қарастыратын этно­логияға, бұған қоса географияға, мәдениеттану мен этнопсихологияға да тікелей қатысы бар. Оно­мас­тикалық мәліметтер, ұлттық атаулар халқымыздың, өскелең ұр­пақтың елжандылығын, еліне деген ұлттық мақтанышын білдіретін тәрбиелік, рухани, мәдени маңызы зор факторлардың бірі екендігін де жақсы білеміз. Ел тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бері ұлт мақтанышына айналған тұлғаларымыз, мәселен, әл-Фараби, Қорқыт, Қожа Ахмет Ясауи, М.Х.Дулати, Абылай хан, Абай, Жамбыл, Шоқан, Сәкен, Мәшһүр Жүсіп сынды бабаларымыздың есімі мен кең-байтақ даламыздың әдемі атаулары, айталық, Сарыарқа, Көкшетау, Ертіс, Талас, Ұлытау, Қазығұрт, Оты­рар, Алматы, Еділ, Жайық сияқты ежелгі қала, өзен, тау атаулары адамзат тарихында өз орнын алған мәдени құндылықтарымызға айналып отыр.
Елді мекендердің тарихи атауларын өзгертіп, оларды ком­партияның қайраткерлері мен комиссарлардың, Орталықтан жіберілген «маман басшылардың» (олар сол кезде, 1930 жылы «25 мыңдықтар» деп аталынған) атынан қоюға қарсы күресіп, құрбан болған қазақ зиялылары — Т.Рысқұлов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов және басқалар енді ғана халқымен қайта қауышуда. Ал кейін, 1950 жылы, тың және тыңайған жерлерді игеруді сылтау етіп сырттан келгендердің аты-жөндеріне қатысты қойылған колхоз, совхоздар қаншама болды десеңізші!
Рас, ономастика — ғылыми сала. Алайда республика бойынша бұл бағытта әлі де егжей-тегжейлі және түбегейлі зерттеулердің жеткіліксіз екендігі байқалады. Осы ретте атал­ған ғылыми салада танымал бол­ған Т.Жанұзақов, Ә.Әбдірахма­нов, Ғ.Қоңқашбаев, Е.Керімбаев, Қ.Рысберген сияқты басқа да бірнеше белгілі ғалым-ономастарды айта аламыз. Ономастиканы этноним (ру-тайпа атаулары), топоним (елді мекен, жер атаулары), антропонимия (адам есімдері), космоним (галактика мен ғарыш денелерінің, жұлдыздардың атаулары), зооним (жануарлар мен хайуанаттар атаулары) және сол сияқты басқа да сан салалы бағыттары бойынша зерттей түссек, игілікті нәтижелерге қол жеткізеріміз хақ. Қазір әрбір облыста ономастика саласы бойынша зерттеулер жүргізіліп, диссертациялар қорғалып жатыр. Енді сол ғалымдар өздерінің еңбек етіп жүрген жоғары оқу орындарында, сол тұрғылықты жерінде ономастикалық мәселелерге мән беріп, жемісті жұмыс жүргізіп отырса, нұр үстіне нұр болар еді. Мәселен, мен қызмет атқаратын М.Х.Дулати атындағы Тараз мем­лекеттік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ филологиясы, журналистика, география, т.б. бакалавр мамандықтарында «Қазақ ономастикасы», «Ойконимдер» 2004 жылдан, ал магистранттарда «Тіл және ономастика», «Әдебиет және топонимика» пәндері 2007 жылдан бері оқытылып келеді. Міне, осы мәселені ғалым-оқытушылар қолға алып, өздерінің білім ордаларында студенттерді, магистранттарды ономастика мәселелерінің негіздерімен тереңірек таныстырып, ғылыми жұмыстар жазуға бағыт-бағдар беріп отырса, бұл іс-әрекетіміз заман талабына сәйкес болатыны анық.
Бүгінгі таңда Мәдениет ми­нистрлігі, ондағы Тіл комитеті тарапынан осы маңызды іске айрықша назар аударылып, ономастикалық жұмыстардың үш бағытта жүргізілуін құптаймыз. Нақтылай айтсақ: өзгертілген жер-су, елді мекен атауларын байырғы тарихи атаулармен алмастыру; транскрипциясы бұрмаланған немесе қате жазылған атауларды қайта қалпына келтіру; байырғы атаулары ұмытылған немесе жаңадан құрылған және атаулары отаршылдық-тоталитарлық сипаттағы елді мекендер мен білім, мәдениет мекемелерін, көрнекі ақпарат құралдары, басқа да фи­зикалық-географиялық нысандарды қазіргі заман үлгісіндегі жаңа атаулармен қайта атау. Сондай-ақ Мемлекеттік ономастикалық комиссия облыстық ономастика комиссиясы тарапынан жіберілген ұсы­ныстарды көпке созбай, уақытылы шешім қабылдап отырса дейміз.
Ономастика саласында кейде түсінбестік жайттар да орын алып жатады. Мәселен, әйгілі ақынымыз Жамбылдың немесе Байғаниннің аттары неге облысқа, ауданға бе­ріліп жатады дейді. Тарихқа көз жіберетін болсақ, жеке адамдардың атына қойылған қала, көше, мектеп, т.б. аз емес. Вашингтон — АҚШ-тың астанасы, ол осы елдің бірінші Президенті Вашингтонның құрметіне қойылған. Бізде Абай атындағы қала бар. Қарағанды облысында бұрынғы Никольский қаласының атауы өзгертіліп, Сәтбаев есімі берілді. Абылай ханның, Қабанбай батырдың атында көшелер, мектептер бар. Осыған орай бір облыстың аты Жамбыл атымен аталса — бұл ұлылықты бағалау. Жамбылдың ұлы ақын екендігін былай қойғанда, кешегі сұрапыл соғыс кезінде патриоттық сезімге толы «Ленинградтық өренім» атты өлеңі бүкіл Кеңес халқының, оның армиясының рухына рух қосып, жеңісті жақындатуға үлес қосқанын әрбір мектеп оқушысына дейін біледі.
Айта кету керек, кейбіреулер соңғы кезде тамыр-таныстықпен құжаттар жинап, қоғамға еңбегі сіңе қоймаған аталарының, ру-тайпаларының мүддесін көздеп, көшелер мен мектептерге атау беруде. Мұндай жүйесіздіктің кеңінен орын алып бара жатқандығы айдан анық байқалуда. Тағы бір айта кетерлігі, дүкендердің, ойын-сауық, бизнес орындарының және бас­қалардың атаулары «Тіл туралы» Заңда көрсетілгендей, қазақ немесе орыс тілінің орнына ағылшын, қытай, кәріс тілінде жазылуда. «Red Rous», «Cән-Praus» деген сияқты басқа да түсініксіз атаулар жиі кездеседі. Намысқа тиетін нәрсе — осындай келеңсіздікке жол беретіндердің мемлекеттік тілді, оның артында тұрған қазақ ұлтын, қазақ мемлекеттілігін менсінбеуі. Сондай-ақ ең сорақысы — қазақ тіліндегі кейбір көрнекі ақпарат құралдарының қате жазылуы.
Материалдық эгоизмнің артында халқымыздың, жастардың патриоттық сезіміне нұқсан кел­тіретін немқұрайдылық жатыр десек, қателеспейміз. Бұл жерде деформацияланған сезімнің мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қа­тер төндіретіндігін түсіну қиын емес. Өз меншігіне шет тілінде атау берген адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігінің қандай дәрежеде екендігін аңғартса керек. Осыған орай мемлекеттік тілді басқа этностардың, тіпті исі қазақ кейбір азаматтардың жиырма жылдың көлемінде жете үйренбеуі — ойланарлық жайт. Қазақстан хал­қы Ассамблеясының халықтар арасындағы достықты нығайтудағы рөлі үлкен. Енді осы құрылым мемлекеттік тілдің ел өмірінде алар орны зор екендігіне де баса назар аударса дегіміз келеді.
Сайып келгенде, ономастика ғылымы жаңа дәуірде етегін кең жайып, тіл саясатына дендеп енуде. Бетімен кеткен көрнекі ақпа­рат құралдарының, жарнамалардың, бил­бордтардың, тағамханалардың атауларын бір жүйеге келтіру мақсатымен ономастика саласы туралы Заң қабылдау — кезек күттірмейтін мәселе.
Елді мекен, ауыл, ауылдық округ, кент, қала, аудан, мектеп атауларын беру ономастикалық комиссияда қарастырылады. Сондай-ақ көше атауларын беру де әкімдер тарапынан емес, ономастикалық комиссия тарапынан қарастырылса деген ұсыныс бар.

З.Құламанова,
М.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік универ­ситетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты

«Ана тілі» газеті

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы

Читайте также