Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Кенесарының бас сүйегін елге қайтару мүмкін бе?

Дата: 22 января 2011 в 15:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Кенесарының бас сүйегін елге қайтару мүмкін бе?

Ресейдің қазақ батыры Кенесарының бас сүйегін қайтармай жатуының өзіндік үлкен саяси себебі бар. Сондықтан бұл жұмысқа Президент араласпаса, Кенесарының бас сүйегін елге қайтару мүмкін емес.

Бүгін Алаштың біртуар азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың мәйітінің күлін Қазақстанға әкелінуіне байланысты өткен жиын аясында сұхбат берген тарихшы-ғалым Тұрсын Жұртбай осылай айтты.

«Кез келген пенденің мәңгілік тұрағы оның туған жерінде болуы тиіс. Ол адам елі үшін шейіт болса, онда туған жерінен топырақ бұйырту — халықтың міндеті.

Смағұл Сәдуақасов:

— Қазақстанның Тәуелсіздігі, экономикасы мен рухани дамуына зор үлес қосып, тіпті, мемлекетіміздің шекарасын анықтауға ат салысып, ол кездегі ашаршылық пен репрессияға қарсы шыққан қоғам қайраткері. Ол — толықтай елі үшін шейіт болған азамат. Сондықтан оның сүйегін елге әкеліп, мұсылманша жерлеу бұл — үлкен парыз. Бұл — біздің бостандық рухымыздың қайтіп оралуы, сол жылдары ел егемендігі үшін құрбан болғандарға көрсетілген құрмет», — дейді Т.Жұртбай.

Бұл — біздің бостандық рухымыздың қайтіп оралуы

Ғалымның ойынша, бүгінде бұрынғы Кеңес одағы құрамында болған халықтардың бетке ұстар азаматтарының сүйегін Ресейден алып кетуге айтарлықтай саяси қарсылық жоқ. «Себебі Ресей репрессияның зардабын мойындап отыр. Бұл жұмысты шулатпай, Сабыр Қасымов сияқты азаматтық белсенділік танытып, ақырын істеп алуға болады.

Смағұл Сәдуақасов сынды Нығмет Нұрмақов, Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейхан, Жүсіпбек Аймауытов, Қайыр Ғаббасовтардың қайда жатқаны белгілі.

Оларды сұратып алу жеке азаматтардың қатысуымен шешілетін шаруа деп ойлаймын. Ал осы іске мемлекет араласып, солардың барлық сүйектерін жиып алу туралы қаулы шығарса, бұл — үлкен ұжымдық жұмыстың игі бастамасы болар еді.

Кенесарының бас сүйегін елге қайтару Президент пен Қауіпсіздік кеңесінің қатысуынсыз шешілмес.

Бүгінде Санкт-Петербургтің кунскамерасында Кейкі батырдың бас сүйегі жатыр. Ал, оның ішіндегі ең қиыны ол — Кенесары батырдың бас сүйегі. Ресейде 38 600-дей бас сүйек сақталған. Соның 2 мыңдайы — Қазақстанға қатысты бас сүйектер. Олардың бәрін әкелу мүмкін емес. Бірақ Кенесарының бас сүйегін елге қайтару Президент пен Қауіпсіздік кеңесінің қатысуынсыз шешілмес. Себебі бұл жұмыстың ерекше саяси астары бар», — дейді ол.

По сообщению сайта Nur.kz