Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстанның қаны азайып барады

Дата: 22 января 2011 в 16:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстанның қаны азайып барады

Бұл күрделі мәселенің көтеріл­гені­не де біршама уақыт болды. Бірақ түбегейлі шешімін табар түрі жоқ.

Адам ағзасына аса қажетті дәрумендер – темір мен йодтың жетіспеушілігінен түрлі аурулардың белең алатынын ғалымдарымыз әлдеқашан дәлелдеп қойған.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметін­ше, елімізде халықтың 65 пайызы йод тапшы­лы­ғынан зардап шегуде. Оның ішінде осы жетіс­пеу­шіліктен туындайтын зоб, қаназдық аурулары жыл жылжыған сайын арта түсуде. Аяғы ауыр әйел­дердің 85 пайызы қаназдық ауруынан зардап шегеді. Йод тапшылығынан туындайтын ауру­ларды емдеу үшін еліміз жыл сайын ішкі өнім өндіруден 5 пайыз қаржы жоғалтады екен...

Сыртқы қорапшасына «йодталған» деп жа­зылған тұз атаулының бәріне сене беруге бол­майды.

Қарапайым ғана мысал, қалтаға салынған тұзды ашқан кезде бірден йодтың иісі аңқып қоя береді. Бірақ бәрін де солай дей алмайсыз. Кейде тіпті йодталмақ түгіл, жуылмаған, арасында қыл-қыбыры аралас, лас тұздардың сатылымға түсетіні де рас. Сыртындағы жазуы жалған болып шы­ғатыны бар. Расында, «ас арқауының» йодталған, йодталмағанын қалай ажыратамыз? Кеңес заманында тұз шығаратын зауыттар технологияны қатаң сақтайтын. Сондық­тан да ол кездері йод тапшылығы аса байқала қоймайтын. Бертін келе, өндірістің технологиялық жүйесінен бұл талаптар «түсіп» қалды. Оның үстіне, жеке­меншік тұз өн­дірумен айналысатындар көбейді. Артық шығын шығарғысы келмейтіндер йодпен «байытып» қайтсін?! Оның үстіне, соңына шам алып түсіп, қалай өндіріп жатқанын тергеп, тексеріп отырған орган тағы жоқ. 2005 жылы ЮНИСЕФ өкілдерінің бас­тамасымен еліміздің ірі қалаларында тұз құрамына зерттеу жүргізілген болатын. Жағдай жаға ұстатарлықтай болып шықты. Түркиядан және Белоруссиядан әкелінген тұздардың құрамында мүлде йод жоқ екен. Ресейліктер «анттарына адал екендіктерін» бұл жолы да дәлелдеді. Олардың тұздары талапқа сай болып шықты. Тағамның татымын шығаратын тұздың йодпен байытылған, байытылмағанына жыл сайын болмаса да, жыл аралатып тексеру жүргізіп тұрған әбден дұрыс-ақ.

Елімізде халықтың 65 пайызы йод тапшы­лы­ғынан зардап шегуде

Осыдан екі жыл бұрын Ташкентте Орталық Азия­ның тұз өндірушілерінің екінші аймақтық кез­десуі өткен болатын. БҰҰ Балалар қоры, Бүкіл­дүниежүзілік банк, Азия Даму банкі және Еуро­паның, Азияның бірқатар елдерінің қатысуымен өткен шараны Орталық Азия мемлекеттері тұз өндірушілер қауымдастығы ұйымдастырған еді. Әрине, Орталық Азия елдері үшін сапалы йодталған тұз өндірісі өзекті проблемалардың бірі болып келеді. Әрі болып қала да береді. Осы елдердің құрлықтық орналасуына және экологиялық проблемаларына байланысты йод жетіспеушілігі көрсеткіштері өте жоғары. Соның салдарынан түрлі аурулардың туындауына әкеп соғатыны жасырын емес. Дәрігерлер мұны растап отыр. Аймақтың барлық елдерінің дәрігерлері ұн мен тұзда темір мен йодтың жетіспеушілігі проблемала­рымен айналысып, шешімін табуға тырысып бағуда. Осы мәселені шешу үшін Азия Даму банкі Орталық Азия үкіметтерімен жасалған жоба ауқымында «Азық-түлік сапасын тиісті қоспалармен құнарлан­дыру» грантын жүзеге асыруға кіріскен болатын. Бұл жобаның аясында аймақтың Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты төрт елі мен Моңғолияда ұнды құнарландыру қолға алынды. Алайда оны тұтынуға көпшіліктің қолы жете бермейді. Ағзаға қажетті дәрумендермен байытылған өнімдерді пайдаланғаннан гөрі қара базардан сапасы күмәнді өнімдерді алатындар көп.

Бүгінде елімізде тұз өндірісімен екі кәсіпорын айналысады. Бірі – бәрімізге белгілі «Аралтұз», екін­шісі – «Павлодарсоль».

Ішкі нарықтың 60-70 пайы­зын «Аралтұз» қамтамасыз етеді. Аралдықтардың тұ­зы адал.

Өйткені Аралдың тұзын пайдалана­тын­дар­дың арасында йод жоқ деп арыздану­шылар мүлдем жоқ екен. Бүгінде Қызылор­да облысындағы «Аралтұз» акционерлік қоғамының ас тұзын шығаратын зауытын жаңғырту жобасы қолға алынды. Мұнда құны 750 миллион теңге тұратын жоба бойын­­ша «Экстра» маркалы тұз шығару зауы­­­тын жаңарту көзделуде. Ондай жағ­дайда жоғары сапалы тұзды тұтынатын боламыз. Арал өңірін зерттеген ғалымдар әлі 11 миллион тонна тұз бар деген болжам жасаған-ды. Демек, тұздан тапшылық тарт­паймыз деген сөз. «Аралтұзға» айтар өкпе­міз жоқ.

Бірақ көңілге көлеңке түсіретін жайттар да жоқ емес. Оңтүстік өңірдегі экологиялық аймаққа жататын Созақ ауданындағы Тасты ауылында тұз карьері бар. Ол жерде ешқандай талаптар сақталмайды. Бір келісі 3-4 теңгеге бағаланатын арзан тұзды ауыр жүк көліктеріне тиеп әкетіп жатқандар көп. Оны кімдердің сатып алып жатқандығын, қандай мақсатқа пайдаланатындығын еш­кім білмейді. Базарларда келілеп сатылып жатқан тұзды пайдаланатындар да баршы­лық. Йодтың иісі де сіңбеген мұн­дай тұзды сатуға тыйым салып жатқан адам тағы жоқ. Күнделікті тұтынатын наны­мызға, тағам­дары­мызға осы тұздардың пайдаланылма­сына кім кепіл?!

Антисани­тарлық жағдай­дағы тұз карьерлеріне бақылау қоятын кез баяғыда-ақ келген сияқты.

2003 жылы қазан айында ҚР «Йод тапшылығынан туындайтын аурулардың алдын алу туралы» заң қолданысқа енгі­зілді. Осы заңның 11-бабының 4-бөлігінде «йодталмаған тұзды өндіруге, шеттен әке­лу­ге, сатуға қатаң ты­йым салынады» делін­ген. Алайда бұл тала­п­тарды тыңдар құлақ табылмай тұр...

Тағамдар арасында йодтың мол болуын қатаң қадағалап отыру қажет

Күләш Ибрагимова, эндокринолог:

– Йод тапшылығынан туындайтын аурулардың тарттырар азабы да мол. Соңғы кезде балалар арасында қаназ­­­дық, бойдың өспей қалуы, яғни кеш жетілу сияқты дерттер жиілеп кетті.

Бұ­рын зоб аурулары жасы келген адам­­дар арасында көп кездессе, бү­гін­де кішкене балалар арасында белең алып барады.

Күнделікті тұтына­­тын тағамдар арасында йодтың мол болуын қатаң қадағалап отыру қажет. Өйтпеген жағдайда ағзаның түрлі ауруларға душар болуы жиілей­ді. Сондай-ақ қытайлық тағамдарды арзан деп тұтынатындар жетіп-ар­ты­ла­ды. Сапасы күмәнді мұндай тағам­дар­ды мүлде пайдалан­бауға кеңес берсек те, құлақ асатын­дар шамалы. Ағзадағы йод жетіспеу­шілігінің орнын толтыра­тын түрлі препараттар бар. Мүмкін бол­ғанынша соларды пайдаланған да дұрыс.

По сообщению сайта Nur.kz