Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Төлегенованың Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған шығармашылық кеші өтті

Дата: 22 января 2011 в 17:01 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Төлегенованың Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған шығармашылық кеші өтті

Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Кеңес Одағының халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Бибігүл Төлегенованың Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Гауһартас» атты шығармашылық кеші өтті.

Есімі аңызға айналған әнші өзінің шығармашылық кешінде «Қа­зақ вальсі», «Бұлбұл», «Қара­тор­ғай», «Гауһартас», «Алқоңыр» сияқты тамаша әндерді шырқады.

Сондай-ақ ол Дж. Пуччинидің «Жанни Скикки» операсынан Лау­реттың, Ғ.Жұ­банованың «Ең­лік-Кебек» опе­расы­нан Еңлік­тің ария­ла­рын нақы­шына келтіре орындады.

Қазақ сахнасының жарық жұл­дызы атанған өнер саң­лағы­ның кешінде Бибігүл Төле­генова­мен қоса бір топ ізбасарлары да өнер көр­сетті.

Атап айтқанда, Гүлжанат Са­пақова, Маржан Тө­ре­ханова, Еле­на Низамутдинова мен Елена Ярославцева, сондай-ақ, Толқын Забирова орындаған әндерді елорда халқы зор ықы­ласпен тыңдап, қошемет көр­сетті.

Сонымен қатар, кеште Астана қаласы мемлекеттік филармо­ниясы­ның симфониялық оркестрі бас дирижері Абзал Мұ­хит­динов­ пен Астана қаласы мемлекеттік филармо­ния­сының қазақ ұлт аспаптар оркестрі бас дирижері Айтқали Жа­йымов өз өнерлері­мен бөлісті.

Үлкен-кіші қашанда сүйіп тың­­­дайтын, әрдайым жүзінен нұ­ры төгіліп тұратын Бибігүл Ах­метқызы бұл кеште де хал­қы­ның ерекше ілтипатына бөленді.

По сообщению сайта Nur.kz