Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Балалар құқығын қорғау мамандары жеткілікті ме?

Дата: 22 января 2011 в 21:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Балалар құқығын қорғау мамандары жеткілікті ме?

Елбасының жеткіншектердің өмір сапасын жақсарту, оған байланысты әлеуметтік құрылымдарды жетілдіру жөнінде берген тапсырмаларына орай, жаңа бағдарламада балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінгенін айта кету керек.

Бұл орайда бағдарламаның аймақтарда қалай жүзеге асатыны маңызды.

Жамбыл облысы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Талғат Ешенқұловпен болған әңгімемізден аталған бағдарламаның бұл бағытта жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын аңғардық.

— Жаңа білім бағдарламасының балалар құқығын қорғау мен оларға жеңілдіктер жасаудағы маңызы қандай? Бұл бағытта бағдарламаның қандай басымдықтары бар?

— Бағдарламада балаларды мемлекеттік қорғаудың маңызды бағыттары бойынша шаралар қарастырылған. Бұл — мектептегі тамақтандыру, тасымалдау және бала құқықтарын қорғау жөніндегі арнайы мамандармен қамтамасыз етуді қамтиды. Негізгі міндеттерінің бірі — ас әзірлеу үшін қазіргі заманғы технологияларды ендіру арқылы оқушылар тамағының қолжетімділігі мен сапалылығын қамтамасыз ету.

2011 жылдан бастап облыстық білім басқармаларында сапалы әрі қауіпсіз оқушылар тамағын ұйымдастырудың мониторингін жүргізетін ведомствоаралық сараптама тобы құрылады.

2012 жылы аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын, ал 2020 жылы мектепалды және бастауыш сыныптардың оқушыларын ыстық тамақпен қамту көрсеткіші барлық деңгейдегі әкімдердің рейтингін бағалаудың негізгі критерийлерінің қатарына енгізіледі. Балалардың физиологиялық қажеттіліктерін ескере отырып, санитарлы-гигиеналық талаптарға сай тегін, сапалы ыстық тамақпен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын 2015 жылға қарай 100%, 2020 жылға қарай мектепалды және бастауыш сынып оқушыларын 100% қамту жоспарымызда бар. 2015 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің штатына аспазшылар мен асхана қызметшілерін енгіземіз деп отырмыз. Бағдарламада оқушылардың оқу орына қатынауы да қалыс қалмаған. Еліміздің оқушылары үй мен мектеп арасында қатынау үшін кепілдендірілген тегін тасымалмен қамтамасыз етіледі. 2011 жылы мемлекеттік қызмет көрсету стандартын енгізу жоспарлануда. Осы бағдарлама аясында қауіпсіз әрі сапалы тасымалдаумен ауыл оқушыларының 2015 жылға 80%-ы, 2020 жылы 100%-ы қамтамасыз етілетін болады.

— Балаларға қатысты тағы бір мәселе — бейімдеу орталықтарын құру болатын Бұл жөнінен бағдарлама неге жол ашады?

— Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының басты міндеті — балалардың қиын жағдайды жеңуіне көмек көрсету, оны отбасымен табыстыру болып табылады. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу жүйесінде отбасын қолдау қызметі, қоғамдық қабылдаулар, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қызметтері құрылады. Ал кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары балаларды тәулік бойы оқшаулап арқылы ұстайтын мекеме болатын.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2015 жылы білім беру ұйымдарының 45%-да, ал 2020 жылы 60%-да қамқоршылық кеңестерін құру, сәйкесінше қамқоршылық органдарында қызмет ететін бала құқықтарын қорғау жөніндегі мамандар санын арттыру жоспарлануда.

Олардың міндеттеріне қорғауды қажет ететін балаларды анықтау, олардың мүліктік құқықтарын қорғау енеді. Олар отбасына берілетін балалардың құжаттарын, сонымен қатар қамқоршылық пен патронатқа беру үшін әкімдік шешімінің жобасын дайындайды, қамқоршылар мен асырап алған ата-аналарға бала тәрбиесі, демалысын ұйымдастыру, әлеуметтік қорғау мен жұмысқа орналастыру кезеңдерінде көмек көрсетеді.

Халықаралық талап бойынша бұл санаттағы мамандарға 2-3 мың бала болу керек. Әзірше 4,7 млн баланың құқықтарын қорғау жұмыстарын 376 адам атқаруда.

Қажет болған жағдайда қамқоршыларды өз міндеттерін орындаудан шеттету, бала асырап алуға рұқсат беруден бас тарту туралы құжаттар жобасын әзірлейді, балалардың мүліктік құқықтарын қорғау бойынша сот отырыстарына қатысады. Өзінің қателігін сезініп, түзелуге бет алған ата-аналармен жұмыс барысында осы аталған мамандардың қызметінің үлесі көп болмақ. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды дер кезінде атқарудың маңызы өте жоғары.

— Бағыт дұрыс қой, бірақ балалар құқығын қорғау мамандары елімізде жеткілікті ме?

— Бүгінгі таңда 4,7 млн баланың құқықтарын қорғауға байланысты жұмыстарды 376 адам атқаруда, яғни бір адам 12 мың баланы қамтамасыз етеді. Ал халықаралық талап бойынша бұл санаттағы мамандарға 2-3 мың бала болу керек. Қамқоршылық және қорғаншылық органдарындағы бала құқықтарын қорғау жөніндегі мамандар қатарын көбейту кішкентай азаматтарымызды өмір сапасын жақсартуға, қиын жағдайға тап болған балаларға дер кезіндегі қажетті көмекті беруге қосымша мүмкіндіктер туғызады деген сенімдеміз. Осылайша мемлекеттік бағдарламада қамтылған іс-шаралар барлық баланың теңдігін қамтамасыз ететін біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыруға, барлығының сапалы білім мен тиісті әлеуметтік көмек алуына мүмкіндік береді.

— Әңгімеңізге рақмет!

 

По сообщению сайта Nur.kz